ҚазРусEng
КПО мен Kazservice «Өңірдің болашағы: даму стратегиясы» форумын өткізді

Орал, Батыс Қазақстан облысы, 2026 жылғы 26 маусым – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы «Kazservice» қазақстандық мұнай сервистік компаниялардың одағымен бірлесіп, «Өңірдің болашағы: даму стратегиясы» тақырыбында форум өткізді.

Форумға Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, «Атамекен» ҰКП, «PetroMining ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі, «Шеврон тікелей инвестициялық қоры" жеке компаниясы, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» АҚ және «QazaqGaz» АҚ ұлттық компаниялары, отандық тауар өндірушілер мен қызмет жеткізушілер қатысты. 

Форумның негізгі мақсаты жергілікті тауар, жұмыс және қызмет жеткізушілеріне арналған қолдау шараларын талқылау, КПО жобаларында жергілікті үлесті арттырудың тиімді механизмдерін әзірлеу болды.

КПО бас директоры Марко Марсили компанияның бұл бағыттағы елеулі жетістіктерін атап өтті. «КПО қазақстандық жеткізушілермен ынтымақтастығын жүйелі түрде дамытып келеді. 2025 жылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 1,1 млрд АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалды. Ондағы жергілікті қамту үлесі ақшалай баламада 700 млн АҚШ долларынан асты, яғни 2025 жылғы жалпы шығындардың 61% құрады. 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы отандық тауарларды сатып алу 45%-ке артты» деді ол.

Марко Марсили атап өткендей, компания жергілікті қамтуды дамыту мәселесінде жүйелі тәсілді қолданып, қазақстандық өндірушілерді қолдаудың жаңа құралдарын енгізуді жалғастыруда. 

Форумның іскерлік бағдарламасы аясында панельдік және техникалық сессиялар өтті. Қатысушылар сала дамуының негізгі беталыстарын, инвестиция тарту мәселелерін, мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ сатып алуларды жергіліктендіру көлемін арттырудың өзекті сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін талқылады.

Өңірдің өндірістік әлеуетімен танысу үшін компания делегациясы  бірқатар кәсіпорындарға, соның ішінде «Азотный Завод» ЖШС, «QHSE-Akbarys» ЖШС және «Jusan Mobile» АҚ объектілеріне барды.

Форумның соңында B2B форматында жеке кездесулер өтті. Олардың қатысушылары техникалық мәселелерді талқылады, жаңа іскерлік байланыс орнатты, бұрыннан бар серіктестіктерін нығайтты.

Форум қазақстандық компаниялардың КПО жобаларына қатысуын ұлғайтуға бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеуге арналған алаңға айналды. 

 

БАҚ-қа арналған ескертпе:

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компаниялары басқаратын ортақ кәсіпорын.

КПО әлемдегі ең ірі газ-конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.

КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі