Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, 2026 жылғы 7 тамыз — өзендер мен көлдерді сақтауға, сондай-ақ азаматтардың су ресурстарына ұқыпты әрі жауапты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған «Мөлдір бұлақ» республикалық науқанына қатысты Орал қаласында экологиялық сенбілік ұйымдастырылып, оған КПО компаниясының 20-дан астам жұмыскері қатысты. Сенбілік барысында қатысушылар қалдықтарды сұрыптап жинау қағидаттарын сақтай отырып, Шаған өзенінің Эко бақ маңындағы жағалауын тазалап, 0,3 тоннадан астам қоқыс шығарды.
Сенбілік «Орал Таза Сервис» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Аталған ұйым шақыруды қабыл алып, жиналған қалдықтарды жинау, тасымалдау және оларды кейіннен қайта өңдеу мен кәдеге жаратуға тапсыру жұмыстарын қамтамасыз етіп, КПО компаниясына қолдау көрсетті.
«Мөлдір бұлақ» науқанын қолдау – компанияның жүйелі экологиялық саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Бұл бастама компанияның қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамытуға бағытталған дәйекті ұмтылысын айқын көрсетеді.
Мұндай сенбіліктер қаланы абаттандыруға бағытталған игі бастама ғана емес, табиғи ресурстарды сақтауға және оларды келер ұрпаққа аман жеткізуге үлес қосатын маңызды экологиялық шара болып табылады. Сонымен қатар, мұндай бастамалар қоршаған ортаны қорғауға қатысты жауапкершілік мәдениетін нығайтып, ұжымдық рухты дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ әр адамның өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға нақты үлес қоса алатынын көрсетеді.
БАҚ-қа арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) – «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компаниялары басқаратын ортақ кәсіпорын.
КПО әлемдегі ең ірі газ-конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі



