АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2026 жылғы 15 тамыз – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысын тұжырымдады.
Алты ай ішінде Қарашығанақ кен орнында тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутектерді, шикі және тауарлық газды қоса алғанда, шамамен 60 млн баррель мұнай эквивалентінде өнім өндірілді. Барлығы 8 432 млн текше метрден астам шикі газ қойнауқатқа кері айдалды. Кен орнын басқару стратегиясын жүзеге асыру және газды нарыққа жеткізу жөніндегі міндеттемелерді қатар орындау нәтижесінде аталған көрсеткішке қол жетті.
Қарашығанақта газды кәдеге жарату деңгейі 99,95%-ға жетіп, КПО-ның мұнай-газ саласындағы экологиялық көрсеткіштер бойынша көшбасшы компаниялардың бірі екенін дәлелдеді. Компания бүгінгі таңда табиғатты қорғау іс-шараларына 468 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салды.
«Жер қойнауын жауапты пайдалану қағидаттарын басшылыққа ала отырып, КПО компаниясы өндіріс жұмыстарында жоғары стандарттарды сақтайды, табиғи ресурстарға ұқыпты қарайды және өз міндеттемелерін орындау арқылы өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосады», — деп атап өтті КПО бас директоры Марко Марсили.
Қарашығанақ жобасы аясында КПО жергілікті қамтуды дамытып келеді. Бірінші жартыжылдықта тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 300 млн АҚШ долларынан асты.
КПО жергілікті кадрларды дамытуға ұмтылады. 2026 жылғы сәуірде Компаниядағы негізгі және басшылық лауазымдарда жергілікті кадрлардың сабақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған КПО-ның 2026-2030 жылдарға арналған кадрлардағы елішілік құндылықты арттыру жөніндегі жаңа бағдарламасы бекітілді. Бірінші жартыжылдықтың соңындағы деректерге сүйенсек, КПО-дағы инженерлік-техникалық персоналдың 96%-ы және басшылық құрамның 85%-ы – жергілікті кадрлар.
КПО қауіпсіз және тиімді өндірісті қамтамасыз етуді, жергілікті қамтуды дамытуды, экологиялық және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады.
БАҚ редакторларына арналған ескертпе:
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.
КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және дамытумен айналысады.
КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі



