ҚазРусEng
KПO «Парыз-2025» аймақтық байқауында қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін бірінші орынға ие болды

Орал, Батыс Қазақстан облысы, 5 желтоқсан, 2025 жыл -  КПО Батыс Қазақстан облысында "Экологияға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша "Парыз-2025"бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың өңірлік деңгейінде жеңімпаз деп танылды.Батыс Қазақстан облысындағы «Парыз-2025» байқауы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Энергетика министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының қолдауымен, өңірлік органдардың ынтымақтастығымен ұйымдастырылады. Байқаудың мақсаты – әлеуметтік даму мен қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқан компанияларды марапаттау.

 

KПO қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін номинацияда жеңіске жетуі экологиялық тиімділікті арттыруға бағытталған компанияның маңызды жетістіктерін айқындайды. KПO өз есептерінде соңғы жылдары жүзеге асырылған экологиялық бастамалардың негізгі нәтижелерін ұсынды, соның ішінде:

 

  • Iлеспе газды пайдалану және парниктік газдардың шығарындыларын азайту;
  • қалдықтарды басқару тәжірибесін күшейту;
  • су ресурстарын тиімді және жауапкершілікпен пайдалану;
  • экологиялық және энергетикалық басқару жүйелерін сертификаттау;
  • қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын өткізу және зерттеулер жүргізу;
  • экологиялық форумдар ұйымдастыру және хабардарлықты арттыру.

 

Компанияның соңғы жетістіктері KПO-ның қоршаған ортаны қорғаудағы көшбасшылыққа және тұрақты даму қағидаларына адалдығын көрсетеді.

 

БАҚ редакторларына арналған ескертпе:

 

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), «Лукойл» (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.

 

КПО әлемдегі ең ірі мұнай, газ және конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игерумен және дамытумен айналысады.

 

 

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі