Наурыз 28, 2014
КПО АҚСАЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ПАРКІМЕН ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

АҚСАЙ қ., Батыс Қазақстан облысы, 2014 жылғы 28 наурыз - «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясымен «Ақсай индустриялық паркі» ЖШС араларында Өзара түсіністік туралы меморандумына және оған ілеспе жол картасына қол қою туралы жариялады.

Мұнай және газ министрлігінің бастама шеңберінде бұл қол қойылған құжаттар ұзақмерзімді экономикалық дамуына себеп болып, сондай-ақ, батыс Қазақстан облысында жоғары технологиялық өндірістің локализация нәтижесінде технологияны табыстауға, жергілікті әлеуетінің және өнеркәсіптік секторының дамуына мүмкіндік туғызады.

Мұнай және газ министрі Узақбай ҚАРАБАЛИН атап өткендей, «мұнай-газ өнеркәсібінде жоғары технологиялық қызметтер секторын қалыптастыру және дамытуға, сонымен қатар мұнай және газ жобалар айналасында қазақстандық шағын және орта бизнес объектілер кластерін құруға  қатысты  ҚР елбасшысының тапсырмасы бойынша, мұнай және газ министрлігі шетелден келіп жатырған бірқатар өнімдер мен қызметтерді жергіліктендіру мақсатында, Ақсай индустриялық паркі Жол картасын дайындауға бастамашылық етті».

«Осы жылдың ақпан айында Карашығанақ жобасы үшін жоғары технологиялық тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету, аймақта жаңа жұмыс орындарын құру, импортты алмастыруға себеп болатын сұрақтарды талқылауды аяқтап тоғыз жобаны анықтадық», - деп атап айтты министр.

КПО Бас директоры Дамиано РАТТИ байқағандай, «АИП-пен Өзара түсіністік туралы меморандумына қол қою – бұл КПО үшін Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру барысында қазақстандық компаниялардың барынша көп қатысуын қамтамасыз ету жолындағы жаңа кезеңі. КПО жергілікті қамту дамыту бойынша ҚР Үкіметінің ынталарын толығымен қолдайды және бұл мақсатқа жету үшін Республиканың өкілетті органдарымен тығыз жұмыс жасайды».

«Тұрақты даму арқылы жергілікті әлеуетті көтеру және озық тәжірибені тарату –қызметіміздің негізгі бағыты болып келеді. Ынтымақтастығымыздың нәтижесінде АИП КПО-ның өндірістік қызметіне қажетті бәсекелестік технологиялық қызметтерді және өнімдерді қамтамасыз ете алатына сенеміз», - деді Дамиано РАТТИ.

«Берілген бастамашылықтың сәтті жүзеге асырылуы қазақстандық мұнай-газ саласының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін аса күрделі жоғары технологиялық өнімді шығару үшін жағдайын жасайды», - деді Дамиано РАТТИ.

Өзара түсіністік туралы меморандумына  ілеспе жол картасы технологияларды тарату және жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын жасау арқылы Қарашығанақ жобасындағы қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталған бірнеше негізгі бірлескен бастамашылықтарын анықтайды.

Соған қоса басты назар қазіргі уақытта шетел компаниялардың көрсететін қызметтері мен жеткізетін тауарларына аударылады.

Бұдан басқа, құралдарды тексеруге арналған жаңа лабораториялар ашылу,  қақпақшаларды және бақылау - өлшеу құралдарды жөндеу цехын құрастыру және құбырларды тазалау технологиясын еңгізу жоспарланды.

Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде, КПО және АИП келешекте Қарашығанақ жобасында сұранысқа ие болатын тауарлардың және қызметтердің түрлерін анықтау үшін бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуге және қажеттілік туралы мәліметтерді Ақсай индустриалдық паркінің және оның үлестес компаниялардың мүмкіндіктерімен байланыстыруға келісті.

Сондай-ақ, екі жақ бірлескен бастамашылықтың жүзеге асырылуын қадағалап тұрақты есеп беру туралы келісімге келді.

КПО – қазақстандық қамту дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бағытта белсене жұмыс жүргiзіп отырған Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының бірі. Бұл бағдарлама үш мыңнан аса қазақстандық кәсіпорындарын жұмыспен қамтамасыз етті, соның нәтижесінде олар 1998 – 2013 жылдар аралығында КПО-дан сомасы 4 миллиард АҚШ доллардан асатын тапсырыстарды алды. Өткен жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қамтамасыз ету бойынша КПО келісім-шарттарындағы қазақстандық қамту үлесі 50,15 пайызға жетті және ақшалы мөлшерінде 461,1 миллион АҚШ долларды құрды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық поштаға жолығыңыз:

Сергей Пушкарев: PushkS@kpo.kz

Гүлнар Шарибаева: ShariG@kpo.kz

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі