Сәуір 11, 2014
КПО қызметкерлері «KAZENERGY» наградаларымен марапатталды

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2014 жылғы 11 сәуір – Еліміздің мұнайгаз саласын дамытуда көп жылдық адал қызметі мен қосқан үлесі үшін жағу жұмыстарын бақылау бойынша I дәрежелі бас маман Тиналиев Леонид Беркутович «KazEnergy» қауымдастығының медалімен марапатталды. Сонымен қатар КПО-ның 22 қызметкеріне қауымдастықтың құрмет грамоталары мен алғыс хаттары берілді.

Өндіріс жөніндегі директор Лука Виньятидің айтуынша бұл наградалар «KazEnergy» қауымдастығы КПО компаниясы қызметкерлерінің жоғары біліктілігін мойындауының белгісі болып табылады.

«Облыс бойынша ең ірі жұмыс беруші  ретінде КПО жергілікті қызметкерлердің әлеуетін және кәсіби шеберлік деңгейін дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қарашығанақ кен орны ол тек көмірсутектердің орасан зор қорлары емес. Кен орнын игеру Қазақстан экономикасын дамытуға және Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының әл-ауқатын ұзақ мерзімді жақсартуға зор үлес қосып келеді.» - деді Лука Виньяти.

Марапаттау салтанатына қатысқан еңбек ресурстар бөлімінің басқарушысы Марко Кастелли компания қызметкерлерін құттықтап, оларға жаңа кәсіби шыңдарды бағындыра беруді тіледі.

КПО компаниясымен жүргізілетін шетелдік мамандарды жергілікті қызметкерлермен алмастыру бағдарламасы нәтижесінде компанияда жасайтын төменгі буынды мамандардың 100 пайызын, техникалық және білікті мамандардың 94 пайызын, ал барлық басқарушы қызметтердің 69 пайызын жергілікті мамандар құрайды.

Халықаралық тәжірибе мен өзіндік оқыту ресурстарды пайдаланып, әрі  белгілі Қазақстандық және шетелдік оқу орындарымен бірігіп қызмет жасау арқылы КПО өткен жылдарда жергілікті мамандарды оқыту мен дамытуға 178 миллион АҚШ долларынан астам қаражат жұмсады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық поштаға жолығыңыз:

Сергей Пушкарев: PushkS@kpo.kz

Гүлнар Шарибаева: ShariG@kpo.kz

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі