Қыркүйек 18, 2012
ҚПО ашық есiк күн өткiздi

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы, 2012 жылдың 9 тамызы – Бүгін Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясы жаңа қызметкерлер үшiн ашық есiк күнiн өткiздi.

Шараның түпкi мақсаты компанияның жаңа қызметкерлерін ұйымның кейбір маңызды қағидаларымен таныстыру болып табылады. Сонымен бірге компанияда қабылданған ережелер мен ҚПО қызметкерлерінің жауапкершiлiгi жайлы еске салу шаралары өткізілді.  

«Біздің компанияда осындай дарынды жастар және осындай кәсіби мамандар жұмыс жасауына мен мақтаныш тұтамын. Біздің қызметкерлеріміз сәтті жұмыстың ірге тасы болып табылады. Мен сіздерге кәсіби тұрақты жоғары көтерулеріңді тілеймін,» ҚПО-ның бас директоры Дамиано Ратти сөз сөйледі.

ҚПО-ның жоғарғы басқармасы кіріп шықан ашық есік күнінде,  қатысушыларға компанияның өндірістік белсенділігі және оның нәтижелері, қазіргі уақытта іске асып жатқан жұмыстар мен Қарашығанақ кен орнын болашақта өңдеу жобалары жайлы мәлімет берілді. Сонымен бірге, өлкенiң әлеуметтiк-экономикалық даму жолындағы өзектi мәселелерді қолға алу және жабдықтаушылар даму бағдарламасының орындалуы туралы сөз айтылды.

Бүгінгі уақытта ҚПО - мыңдығын жұмыс орындар мен қазақстандық мердiгерлер мен жабдықтаушыларды жұмысқа белсендi тарту, ұлттық кадрларды тез арада сапалы әзiрлеу бағдарламаларын іске асыратын компания болып табылады. Сонымен бірге ҚПО Батыс Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық және мәдени өмiрiне қатысумен бiрге өлкенің табиғат байлығын көбейтіп, сақтап қалуға шараларын жүзеге асырады.