КПО жеткізушілерінің деректер қорында тіркелу

КПО компаниясының тауарлық-материалдық құндылықтар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу саласындағы қызметі КПО компаниясының бекітілген тендерлік процедураларына және Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (ӨБТК) нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Cатып алулар бәсекелестік, әділдік және құпиялылық қағидаларына негізделген тендер жүргізу арқылы сайыс негізде өткізіледі.

Тендерге қатысу үшін алдын ала бағалау процесінен өткен және КПО жеткізушілерінің деректер қорында тіркелген компаниялар шақыртылады.

Жеткізушілерді тіркеу тәртібі

КПО ықтимал жеткізушілерінің деректер қорында компанияңызды тіркеу үшін Excel форматындағы Жеткізушілерді алдын ала бағалауға арналған сауалнаманы   толтырып, қажетті құжаттардың көшірмелерін қоса ұсынуыңыз қажет.

Өнімдер/тауар(лар) немесе қызметтер атауларының саны компанияның негізгі қызметін анықтауға арналған 10 FPAL-FPK кодынан аспауы тиіс екендігін ескеруіңізді өтінеміз.

Сауалнама міндетті түрде нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырылуы тиіс, бұл талапты орындамау сұранымның қаралмауына әкелуі мүмкін.

Толтырылған құжаттар топтамасын бағалау және тіркеу үшін MIVQ@kpo.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет.

КПО серверінің 10 МБ-тан асатын қосымшалары бар хабарламаларды қабылдай алмайтындығын назарға алуды сұраймыз.

Ықтимал жеткізушілердің «АЛАШ» біріңғай деректер қорында тіркелуі.

Жергілікті қамтуды дамыту және Қазақстанның ірі мұнай-газ операторлары - КПО, НКОК және ТШО компанияларына қазақстандық жеткізушілер үшін «бірыңғай терезе» қағидатын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында «Алаш» бірыңғай деректер қоры енгізілген.  «Алаш» жүйесі ҚР ірі мұнай-газ операторларының  сатып алуы кезінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің визуалды қолжетімділігін айтарлықтай жеңілдетуге арналған.

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша жұмысында КПО «Алаш» деректер қорын ықтимал қазақстандық және шетелдік жеткізушілерді іздеу кезінде ақпарат көзі ретінде пайдалануға ниетті.

Қазақстандық компаниялар мен қазақстандық компаниялардың қатысу үлестері бар бірлескен кәсіпорындар «Алаш» деректер қорында тегін тіркеле алады, ал шетелдік компанияларды тіркеу үшін әкімшілік шығыстар 500 АҚШ долларын құрайды.

«Алаш» деректер қорында тіркелгеннен кейін, жеткізушілерге өз ақпаратына толық онлайн қолжетімділік ұсынылады және оны интерактивтік тәртіпте үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік бар.

Тіркеу кезінде «Алгоритми Қазақстан»  ЖШС («Алаш» деректер қорының операторы) техникалық және жалпы сұрақтар бойынша ақысыз қолдау қызметін ұсынады.

«Алаш» жүйесі бойынша толық ақпаратты келесі сайттан алуға болады:https://www.alash-kz.com

Бос лауазымға өтінім беру

Бос лауазымға түйіндеме ұсыну үшін, келесілерді орындауыңыз қажет

1. Қызықтырған бос лауазымды ашу

2. Бос лауазымға қойылатын талаптармен танысып шығу

3. «Түйіндеме жіберу» терезесінде «таңдау» түймесін басып, түйіндемені жүктеу (MS Word форматында  болғаны дұрыс).

4. Қорғаныш кодын енгізу

5. «OK» түймесін басу