Жеткізілімдерді ұйымдастыру / GRI 204-1 /

Қарашығанақ кен орнын игеру Қазақстан үшін тек мұнай мен газ өндірісінен түсетін табыс пен салық қана емес, оның елге берері одан да көп. Бұл – оң әсерін тигізетін және аймақтың экономикалық дамуына ықпал ететін ұзақ мерзімді әрі тұрақты серіктестік қатынастар қалыптастыру.

Жергілікті жеткізушілермен және мердігерлермен бірлесе жұмыс істеп, Компания өңірдің және Қазақстанның жалпы экономикалық дамуына айтарлықтай қолдау көрсетеді.

2024 жылы 385 мердігер мен жеткізушімен келісімшарттар және қосымша келісімдер жасалды, олардың шамамен 89 %-ын жергілікті компаниялар құрады.

2024 жылы КПО тауарларды жеткізуге 0,21 млрд АҚШ долларына жуық сомаға 220 келісімшарт пен оларға қосымшалар жасасып, қызмет көрсетуге шамамен 0,83 млрд АҚШ долларынан астам сомаға 509 келісімшарт пен олардың қосымшаларына қол қойды.

Осы орайда, КПО өз жұмыстарына бизнесті жүргізуде жоғары стандарттарды ұстанатын, қызметтерін немесе тауарларын ұсынғанда өз персоналы мен активтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген этика, нормативтік-құқықтық сәйкестік және тұрақты даму стандарттарын сақтайтын жеткізушілер мен мердігерлерді тартуға баса назар аударады.

Cызба 28. 2021–2024 жж. КПО жеткізушілері және мердігерлері
Cызба 28. 2021–2024 жж. КПО жеткізушілері және мердігерлері
Cызба 29. 2021–2024 жж. келісімшарттар мен келісімшарттарға қосымшалар құны (млн АҚШ доллары)
Cызба 29. 2021–2024 жж. келісімшарттар мен келісімшарттарға қосымшалар құны (млн АҚШ доллары)

КПО өз қызметінде Іскерлік тәртіп кодексінде белгіленген бизнес-этика қағидаттарын, сондай-ақ барлық тиісті заңнамалық талаптар мен нормативтік ережелерді ұстанады. Осы орайда, КПО өз жұмыстарына бизнесті жүргізуде жоғары стандарттарды ұстанатын, қызметтерін немесе тауарларын ұсынғанда өз персоналы мен активтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген этика, нормативтік-құқықтық сәйкестік және тұрақты даму стандарттарын сақтайтын жеткізушілер мен мердігерлерді тартуға баса назар аударады. Келісімшарт жасаудың және сатып алудың әр кезеңінде, сондай-ақ келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін жоғарыда көрсетілген негізгі қағидаттарға сәйкестік қадағаланып отырады. / GRI 414-1 /

КПО-мен келісімшарт жасасуға қойылатын стандартты талаптар этика мен іскерлік тәжірибеге, жемқорлыққа қарсы күреске және мүдделер қақтығысына қатысты бірқатар ережелерді қамтиды. 2022 жылдан бастап мердігерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және өз жұмыскерлері үшін тұрақты әлеуметтік ортаны қамтамасыз ету мақсатында КПО мен мердігерлер арасындағы өндірістік қатынастарға қатысты арнайы ережелер қолданылады. Бұл туралы толығырақ «Өндірістік қатынастар» бөлімінде оқи аласыз.

КПО келісімшарттарының жалпы шарттарын ҚР заңнамасының соңғы өзгертулері мен КПО талаптарын ескере отырып, үнемі жаңартылып отырады.

Келісімшарттарға қатысты жұмыстар мен сатып алулар заңнамаға және Қарашығанақ жобасын басқару жөніндегі бірлескен комитеттің тендерлік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл құжат Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру аясында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру процесін реттейді.

Цифрлық құралдар келісімшарт жұмыстарында белсенді қолданылады. Тендер өткізу ережелеріне сәйкес, 2020 жылдан бастап КПО электронды тендер өтінімдерді қабылдайды, бұл тендер процестерді едәуір жеделдетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тендер өткізу ережелері ерте тендерлер, сынама тапсырыстар, инвестициялар үшін келісімшарттар, мөлшерлемелерді шартты түрде төмендету және қазақстандық тендерлерді өткізу арқылы жергілікті қамтуды дамытуға және Қазақстан Республикасында тауарларды өндіруді қамтамасыз етуге бағытталған. 2023 жылдың соңында КПО электрондық сатып алу жүйесін жеткізуге, енгізуді қолдауға, сервистерді іске қосуға және оларға қызмет көрсетуге сәтті келісімшарт жасасты. Бұл КПО-ның сатып алу процесін цифрландыруға және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа жүйені енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әлеуетті жеткізушілермен байланыс / GRI 2-29, 3-3 /

КПО әлеуетті жеткізушілермен өзара әрекеттесудің әртүрлі мүмкіндіктерін пайдаланып, жергілікті компанияларға қойылатын талаптарға қатысты түсініктемелер береді.

Жергілікті әлеуетті мердігерлер мен жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың тендерден шығып қалу қаупін азайту мақсатында КПО конкурс алдындағы өзара әрекеттесу сессияларын өткізеді, аталмыш сессиялар барысында конкурсқа қатысушылар КПО-ның тендерлік талаптары бойынша нақты түсініктемелермен қатар, жиналған практикалық тәжірибе туралы ақпарат алады.

Жергілікті өндірушілердің жеке дамуы және тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің әлемдік деңгейде танылған жеткізушілермен ынтымақтастығы да ынталандырлады. Қызметінің ашықтығын көрсете отырып, КПО жыл сайын сатып алу жоспарларын www.kpo.kz веб-сайтында жариялайды.

КПО тендерлеріне қатысуға қызығушылық танытушы әлеуетті жеткізушілерге КПО жеткізушілерінің дерекқорына тіркеліп, өздері туралы ақпаратты үнемі жаңартып отыру (толығырақ КПО веб-сайтында жарияланған) немесе жеткізушілердің «АЛАШ» бірыңғай мәліметтер базасында тікелей тіркелу ұсынылады. Тендерге рұқсат алу үшін әлеуетті қатысушылар КПО жеткізушілерді іздеу кезінде ескерілетін материалдық-техникалық базасы және тиісті тәжірибесі туралы дұрыс әрі шынайы ақпарат ұсынуы керек.

КПО веб сайтында https://cp.kpo.kz/ сілтеме арқылы КПО-ның жауапты бөліміне жіберілетін тиісті тақырыпқа сұрақ қоюға болады. Бұл парақшада «Жиі қойылатын сұрақтарға» жауаптар берілген қосымша бет бар.

КПО компаниясы «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «KazService» қауымдастығы, IMB орталығы және мұнай-газ саласындағы басқа да ұйымдар немесе қауымдастықтар өткізетін іс-шараларға белсенді қатысады. Жергілікті қамту бойынша межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу КПО-ның Қазақстан Республикасы алдындағы басты міндеттемесі болып табылады.

Біз үшін бұл неге маңызды?
/ GRI 3-3 /

КПО-ның сатып алу процесі нарықтық бәсекенің шектеулігі, инфляция, құбылмалы айырбас бағамы, шикізат бағасының өсуі, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің жекелеген санаттарын жеткізудің балама көздерін іздеу секілді экономикалық тәуекелдермен байланысты. Тәуекелдерді барынша азайту мақсатында КПО нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету,шарттық талаптардағы ықтимал экономикалық ауытқулардың орнын толтыратын және бұдан әрі сипатталған басқа да КПО мүдделерін қорғауға бағытталғантүрлі тетіктерді қолдану арқылы техникалық тапсырмалар мен тендерлік талаптарды барынша ұтымды әрі ашық түрде әзірлеуге тырысады.

Дос Сантос Сильвестр Карлос Антонио КПО жеткізілімдерді ұйымдастыру директоры