ҚазРусEng
  • Басты бет
  • /
  • Жеткізушілерге
  • КПО компаниясының қамтамасыз етушісі қалай боласыз

Ықтимал жеткізушілерге арналған КПО дерекқорына тіркелу

КПО-ның сатып алу қызметі бекітілген тендер ережесіне және Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге (ӨБТК) сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық сатып алулар конкурстық негізде тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс барысында біз келесі қағидаттарды басшылыққа аламыз:

  • бәсекелестік
  • объективтілік
  • құпиялылықты сақтау

КПО тендерлеріне қатысу үшін жеткізушілер алдын ала бағалау процесінен өтіп, КПО жеткізушілер дерекқорына тіркелуге тиіс.

Жеткізушілерді тіркеу тәртібі

Компанияны КПО жеткізушілер дерекқорына тіркеу үшін келесілерді орындау қажет:

  1. SAP Business Network тіркелу
  2. Supplier Registration Questionnaire (Жеткізушіні тіркеу сауалнамасын) толтыру

Маңызды ескертпе:

  • Компанияңыздың негізгі қызмет саласын дәл көрсету үшін 4-деңгейдегі (нақтырақ көрсететін деңгей) өнімдерді/тауарларды немесе қызметтерді таңдаңыз.
  • Сауалнаманы толықтай пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес толтыру қажет.
  • Аталмыш талаптар орындалмаған жағдайда өтінішіңіз тіркелмеу мүмкін.

Барлық жеткізушілер, соның ішінде КПО жеткізушілер дерекқорында (Legacy Suppliers) бұрын тіркелгендер, жаңа электрондық сатып алу платформасы іске қосылғаннан кейін сатып алу қызметіне қатысу үшін SAP Business Network жүйесінде қайта тіркелу керек.

Келесіні ескеріңіз:

  • MIVQ@kpo.kz поштасына жолданатын өтініштер енді қабылданбайды.
  • Тіркеуді аяқтаған соң жеткізушінің есептік жазбасына кіріп, деректеріңізді ішінде онлайн жаңарта аласыз.

Бұрын тіркелген жеткізушілерге арналған ақпараттық ресурстар:

NEW Supplier арналған пайдаланушы нұсқаулығы

Барлық техникалық сұрақтар бойынша және қажетті қолдау алу үшін eprocsupport@kpo.kz хабарласуды сұраймыз.