ҚОҚ саласындағы басқару тәсілдері

Экологиялық менеджмент жүйесі / GRI 2-23, 2-24, 3-1, 3-3 /

КПО компаниясы қоршаған ортаға әсерді басқаруда ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 және ISO 50001:2018 халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біріктірілген менеджмент жүйесін, сондай-ақ осы саладағы көрсеткіштерді тұрақты жақсартуға бағытталған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы саясатын қолданады.

2024 жылы КПО ISO 14001 бойынша бақылау аудитінен сәтті өтіп, стандарт талаптарына сәйкестігін растады.

КПО-ның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының негізгі экологиялық міндеттемелері мынадай маңызды мақсаттарды қамтиды:

  • қоршаған орта ластануының алдын алу,
  • парниктік газ шығарындыларын азайту,
  • биотүрлілікті және экожүйені сақтау,
  • табиғи ресурстарды қорғау,

ҚОҚ саласындағы көрсеткіштерді үздіксіз жақсарту.

2023 жылы КПО-ның Экологиялық тұжырымдамасы әзірленді, ол Компанияның 2037 жылға дейінгі экологиялық мақсаттарға қол жеткізудегі стратегиялық көзқарасы болып табылады және Компанияның қоршаған ортаға әсерін азайту жөніндегі қызметін айқындайды.

Белгіленген мерзімдерде қойылған экологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін КПО Экологиялық Жұмыс Бағдарламасы әзірленді, ол қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуды және Компанияның тұрақты дамуын қалыптастыруды одан әрі қамтамасыз етудің іс-шаралары мен нақты міндеттерін айқындады.

Экологиялық басқарудың тиімді жүйесін қолдау шеңберінде және Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келу мақсатында КПО ҚОҚ саласындағы процедураларды уақтылы қайта қарайды.

Халықаралық ISO 14001:2015 стандартының талаптарына сәйкес КПО экологиялық аспектілерді анықтау және экологиялық тәуекелдерді бағалау процестерін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Экологиялық аспектілерді басқарудың электрондық жүйесі

Экологиялық аспектілерді басқару үшін КПО EnvAR экологиялық аспектілер тізілімін басқарудың әзірленген электрондық жүйесін пайдаланады.

Компания бөлімшелерінің экологиялық аспектілерінің тізілімдері ағымдағы жағдайдың өзгеруін ескере отырып, жыл сайын қайта қаралып, жаңартылады. Компания бөлімшелерінің тізілімдері негізінде неғұрлым маңызды экологиялық аспектілердің жиынтық тізілімі қалыптастырылып, олар бойынша қауіп-қатерді азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін қосымша іс-шаралар / бақылау шаралары әзірленеді. 2024 жылы КПО-ның маңызды экологиялық аспектілерінің жиынтық тізіліміне келесі аспектілер енгізілді:

  1. атмосфераға ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындылары,
  2. Қалдықтардың түзілуі және қалдықтарды басқару,
  3. Қалдықтарды рұқсатсыз орналастыруды анықтау,
  4.  Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту және ағызу,
  5. Өндірістік сарқынды сулардың түзілуі және су бұру,
  6. Төгілу/ағып шығу (көмірсутектер және/немесе химиялық заттар).
  7. Су ресурстарын пайдалану.

Экологиялық сәйкестікті қамтамасыз ету

КПО өз қызметін Қазақстан Республикасының (ҚР) экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Компания ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен ластаушы заттардың шығарындыларына, төгінділеріне нормативтерді, қалдықтарды жинақтау және көму лимиттерін белгілейтін қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсатын жыл сайын алады.

2024 жылы жүргізілген кезектен тыс тексеру нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) саласында 2022 және 2023 жылдардағы оқиғаларға байланысты жалпы сомасы 908,62 млн теңге екі әкімшілік айыппұл салынды. 2024 жылы Компания: заттай ластаушы заттардың шығарындылары нормативтерін асыру фактісі бойынша 849,34 млн теңге мөлшеріндегі әкімшілік жаза туралы қаулыны және Заттай ластаушы заттардың шығарындылары нормативтерін асыру фактісі бойынша 59,28 млн теңге мөлшеріндегі әкімшілік жаза туралы қаулыны сот тәртібінде шағымдайды. Қазіргі уақытта Компания ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерін асырғаны үшін 50 млн теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл салу туралы шешімге сот тәртібімен шағымдануды жалғастыруда. / GRI 2-27 /

Экологиялық кодекстің талаптарын енгізу

2024 жылы Қазақстан Республикасының ЭК талаптары шеңберінде ҚМГКК объектілері үшін 2025 жылға арналған Экологиялық әсер рұқсаты алынды. 2024 жылы ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарын енгізу жоспары 94 %-ға орындалды.

2024 жылы Шетелдік инвесторлар кеңесінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭТРМ), Энергетика министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «KAZENERGY» Ассоциациясының жұмыс топтары құрамында Компания 147 отырысқа қатысып, ҚОҚ саласындағы ҚР 74 нормативтік құқықтық акті жобасына түсініктемелер мен ұсыныстар ұсынды. Нәтижесінде тиісті нормативтік құқықтық актілерге мынадай өзгерістер енгізілді:

  1. ҚР ЭК 2024 жылғы 8 шілдедегі № 121-VIII ҚР Заңына сәйкес. Қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну мерзімі 5 жылға ұзартылды, яғни қолданыстағы нысандар пайдаланудан кейінгі жою міндеттемелерін орындауды қаржылық қамтамасыз етуді 2029 жылғы 1 шілдеден бастап ұсынуы тиіс. Қазан айында ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілді.
  2. 2024 жылы 29 маусымда ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен Шикі газды өңдеу жөніндегі даму бағдарламасын (ШГӨДБ) қарау бойынша Жұмыс тобының құрамы және оның Ережесі бекітіліп, келісу үдерісі жүйелендірілді.
  3. Қоршаған ортаға кешенді рұқсатқа (ҚОКР) біртіндеп көшу процесін қамтамасыз ету және экологиялық рұқсаттардың күшін уақытша тоқтата тұруға байланысты мәселелерді шешу үшін жұмыс тобы құрылды. Ластаушы заттарды шығару және төгу бойынша технологиялық нормативтер жобаларын әзірлеу жөніндегі бұйрықтар жобалары басқа мемлекеттік органдармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамамен келісілді. Қараша айында KAZENERGY операторлар және ҚР ЭТРМ-мен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Оның қорытындысы бойынша «НИТ» АҚ мен ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне ҚОКР-ды сапалы алу үшін «е-лицензиялау» жүйесіндегі техникалық олқылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.
  4. ҚР ЭТРМ Мәжіліс депутаттарының бастамасымен ұсынылған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер енгізу туралы түзетулерден — атап айтқанда, 1 және 2 санаттағы Операторлар үшін қоршаған ортаға келтірілген экологиялық залалды өтеу мақсатында жанама әдіспен залал мөлшерін есептеуді қайтару туралы ұсыныстан — бас тарту мәселесінде бизнестің ұстанымын қолдады.
  5. 2025 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы су үнемдеудің жаңа тетіктерін енгізуге және су объектілерін қорғауға, су ресурстарын басқару тәсілдеріне олардың қорғалу басымдығына назар аудара отырып, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алу мен жою бойынша іс-шараларға, соның ішінде су тасқынына қарсы шараларға және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексіне қол қойды.
  6. ҚР жаңа салық кодексі жобасын талқылау. Аталған заң жобасы шеңберінде келесі түзетулер ұсынылды: кешенді экологиялық рұқсаттың (КЭР) қайтарып алынуы немесе тоқтатылуы жағдайында төлемдер мен өсімпұлдардың кері (ретроспективті) есептелуін алып тастау, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары мен рекультивация және (немесе) жою жұмыстары кезінде туындайтын эмиссияларға жоғарылатылған коэффициенттердің (2, 4, 8) қолданылмауы. Сондай-ақ, ЛЗ тізіміне кейбір толықтырулар ұсынылды.

ҚОҚ бойынша қоғамдық тыңдаулар / GRI 2-29 /

2024 жылы Компания 2025 жылға арналған ҚМГКК аумағында орналасқан КПО объектілеріне әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін өтінім материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, қоғамдық тыңдаулар 2024 жылғы 15-18 қазанда ашық жиналыс түрінде Бөрлі ауданының 4 ауылдық өңірлерінде өтті (Успен, Приурал, Жарсуат және Пугачев). Қоғамның қарауына 84 құрылыс жобалар, 3 эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік бақылау бағдарламасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылды.

Жоспарланған қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өкілдеріне бірыңғай экологиялық порталда, мерзімді баспасөз басылымында (газет), телеарнада және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының хабарландыру тақталарында орналастыру арқылы жеткізілді.

2024 жылы қоғамдық тыңдауларда талқылауға шығарылған барлық жобаларды мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық мақұлдады. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларында көрсетілген. Қоғамдық тыңдауларда ұсынылған құжаттар пакеті және талқылау қорытындылары https://ecoportal.kz/ веб-сайтына жүктелген.

2024 жылы қоғамдық тыңдауларда талқылауға шығарылған барлық жобаларды мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық мақұлдады.

Жеткізушілерді экологиялық тұрғыдан бағалау / GRI 308-1, 308-2 /

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексіне сәйкес КПО ҚМГКМ объектілерінің және ҚӨК – Үлкен Шаған – Атырау экспорттық конденсат құбырының операторы ретінде экологиялық рұқсат алуға міндетті, сондай-ақ бұл міндет КПО объектілерінің аумағында жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін тартылатын мердігер ұйымдарға да қатысты. Мердігер ұйымдар осындай Экологиялық рұқсаттың шарттарын сақтауға міндетті, сондай-ақ оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Осының негізінде, 2021 жылдан бастап Компанияда жеткізушілермен өзара әрекеттесуді жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2021–2022 жылдар аралығында мердігер ұйымдарды бақылау жүйесі енгізілді және де бұл жүйе 2023–2024 жылдары одан әрі дамытылды.

2023 жылы келісімшарттың «Д»-қосымшасында көрсетілген ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы Компанияның талаптары қайта қаралды. Бұл қолданыстағы келісімшарттарға толықтыруларды енгізуді бастауға мүмкіндік берді, олар бойынша бірқатар жеткізушілер КПО объектілерінің аумағында пайда болатын қалдықтарды жеке басқаруға тиіс. Кейіннен КПО объектілерінде жұмыстарды орындайтын барлық жеткізушілер жұмыс орындарында қалдықтарды қауіпсіз жинауды жүзеге асыруға міндетті, ал қалдықтарды одан әрі жинау мен тасымалдауды мамандандырылған мердігер ұйымды тарта отырып, КПО жүзеге асыратын болады.

2023 жылы КПО мердігер ұйымдардың КПО Экологиялық рұқсаты шарттарын сақтауын тексеру үшін КПО Қоршаған ортаны қорғау басқармасының күштерімен мердігер ұйымдарға мақсатты аудит жүргізуді енгізді. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша стационарлық шығарындылар көздерінің отынды тұтынуын есепке алу жүйесі және мердігерлердегі қалдықтардың қозғалысын есепке алу жүйесі жақсартылды. 2024 жылы осы аудиттердің шеңберінде жұмыстарды орындау кезінде ішкі экологиялық бақылау жүйесі немесе операциялық экологиялық бақылау тексеруге жатады.

Экологиялық хабардарлықты арттыру, экологиялық менеджмент жүйесін жақсарту және келісімшарттардың «Д»-қосымшасы талаптарын орындау шеңберінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда Компания мердігер ұйымдардың экологтары үшін жаңа Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарымен танысу бойынша семинар өткізді, оған 57 мердігер ұйымның өкілдері қатысты. Бұл семинар қатысушыларға Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарымен егжей-тегжейлі танысып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы оператор мен мердігер ұйымдар жауапкершілігін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

2024 жылы Компания КПО нысандары аумағында шарт бойынша бизнес-серіктестер қызмет көрсеткен кезде пайда болатын қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған рәсімдік және ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асырды. Бұл жүйе Экологиялық кодекс талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтарды басқару саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыру мақсатында барлық қалдықтарды қалдықтарды басқару жөніндегі бірыңғай мамандандырылған ұйым арқылы орталықтандырылған түрде жинауды көздейді.

2024 жылғы ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспары / GRI 3-3, ТДМ 9.4 /

Экологияға қатысты алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін КПО жыл сайын Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын (әрі қарай ҚОҚШЖ) әзірлейді. ҚОҚШЖ айқындалған шаралар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ҚОҚ саласындағы әдістер мен технологияларды жетілдіруге, табиғат қорларын тиімді пайдалануға және ISO 14001 мен ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейін сақтап тұруға бағытталған.

2024 жылы КПО өндірістік қызметін берілген экологиялық рұқсаттардың шарттары негізінде жүргізді. Алынған рұқсаттардың әрқайсысына бөлек ҚОҚШЖ әзірленді.

Кесте 26. КПО-ның 2024 жылғы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарлары және берілген экологиялық рұқсаттары

2024 жылғы ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспарлары

2024 жылға алынған рұқсаттар

Рұқсатты беретін орган

1

КПО-ның 2024 жылға арналған ҚМГКК үшін ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспары

Қоршаған ортаға әсер ету рұқсаттары (жарамдылық мерзімі 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін)

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғат ресурстарының министрлігі

2

ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау (БҚО) экспорттық конденсат құбыр желісіне арналған КПО-ның 2024–2030 ж. ж. ҚОҚШЖ

2020 жылы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар (жарамдылық мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтардан 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін):

Атмосфераға тасталатын ластаушы заттар шығарындыларының мониторингі

Тұрмыстық сарқынды сулармен бірге жерасты қабаттарға төгілетін ластаушы заттар шығарындылары;

БҚО әкімдігі, Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

3

КПО-ның 2024–2030 ж. ҚОҚШЖ (Атырау облысы)

Қоршаған ортаға әсер ету рұқсаттары (жарамдылық мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтардан 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін):

Атырау облысының әкімдігі, Атырау облысы бойынша табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

2024 жылы ҚМГКК үшін ҚОҚ бойынша іс-шараларды орындауға жұмсалған жалпы нақты шығындар жоспарланған 2,6 млрд. теңгемен салыстырғанда 111 % құрайтын 2,9 млрд. теңгеге тең болды.

КПО-ның ҚОҚ бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бөлімдер бойынша 27-кестеде келтірілген.

Кесте 27. 2024 жылғы ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, % / GRI 3-3 /

ҚОҚ шаралар жоспарының бөлімдері

Процентте көрсетілген 2022 жылғы КПО іс-шараларының орындалуы:

ҚМГКК

ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық құбыр желісінде (ЗКО)

ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық құбыр желісінде (АО)

1

Әуе бассейнін қорғау

168 %

100 %

100 %

2

Су қорларын қорғау және ұтымды пайдалану

116 %

* ШҚ

* ШҚ

3

Жер қорларын қорғау

100 %

* ШҚ

* ШҚ

4

Флора мен фаунаны қорғау

100 %

* ШҚ

100 %

5

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу

152 %

* ШҚ

* ШҚ

6

Басқару жүйелері мен озық технологияларды енгізу

100 %

* ШҚ

* ШҚ

7

ҚОҚ саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстары

* ШҚ

100 %

100 %

8

Экологиялық ағарту және насихаттау

* ШҚ

100 %

100 %

 

БАРЛЫҒЫ:

2,9 млрд теңге
(6 286 170 млн АҚШ доллары)

5,3 млн теңге
(12 626 АҚШ доллары)

16,2 млн теңге
(35 363 АҚШ доллары)

* ШҚ – шаралар қарастырылмаған.

Қоршн ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырудың экологиялық әсері 28-кестеде келтірілген.

Кесте 28. 2024 жылы эмиссиялар мен қалдықтарды азайту жөніндегі іс-шараларды іске асырудың экологиялық әсері / GRI 3-3 /

Атмосфераға тасталатын шығарындылар

2024 жылы озық технологияларды енгізумен байланысты іс-шараларды орындау нәтижесінде атмосфералық ауаға ЛЗ нақты шығарындылардың төмендеуі 6 034 тоннаны құрады.

  • Ұңғымаларды игеру кезінде газдың жоғары көлемді үлесі бар өнімді айдау үшін жер үсті сорғысын пайдалану шығарындылардың 5 364 тоннаға азаюына әкелді.
  • Қабатқа әсер ету үшін көмірсутек негізіндегі сұйықтықтарды (Lamix Дизель жанармайы) пайдалану атмосфераға тасталатын ЛЗ көлемін 670 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.

Су тұтыну

  • 2024 жылы тазартылған ағынды суларды, соның ішінде жаңбыр мен еріген суларды екінші қайтара пайдалану көлемі 32 234 м3 құрады, бұл жер үсті көздерінен техникалық қажеттіліктерге алынатын таза су көлемінің азаюына әкелді. Тазартылған ағынды суларды екінші қайтара пайдалану ҚМГКК техникалық қажеттіліктері, шаңды басу және бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін жүргізілді.

Қалдықтарды басқару

  • 2024 жылы ҚТҚ сұрыпталғаннан кейін алынған қалдықтарды (тастандыларды), медициналық қалдықтарды, тұнба алаңдарынан сусыздандырылған тұнбаны қоса алғанда, жоғары температурада жағу әдісімен қайта қолдануға жарамсыз өндіріс және тұтыну қалдықтарының 561,293 тоннасы жойылды. Бұл көмілген қалдықтарды 88 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.
  • Қалдықтарды бөлу қондырғысында коммуналдық қалдықтарды сұрыптау нәтижесінде кейіннен мамандандырылған кәсіпорындарға қайта өңдеуге және (немесе) қайта пайдалануға беру үшін 134,567 тонна пайдалы компоненттер (макулатура, пластик, шыны және металл сынықтары) алынды. Бұл коммуналды қалдықтарды 15,5 % азайтуға мүмкіндік берді. Сұйық қалдықтарды қайта өңдеу көлемі 10 888,42 тоннаны құрады. Бұл СҚТҚ-да қайта өңдеу нәтижесінде қалдықтар көлемін 95 %-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 16 132,53 тонна мұнай негізіндегі бұрғылау шламдары мен өзге де өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу барысында 1 641,5 тонна базалық май ( ҚТТҚ қайта өңделген қалдықтардың жалпы массасының 10,2 %-ы) бөлініп алынып, қалпына келтірілді.

Топырақты қалпына келтіру / GRI 304-3, ТДМ 6.6, 15.1, 15.5 /

2024 жылы 55,4 га алаңда құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Қоршаған орта мониторингі / GRI 3-3, 413-1, ТДМ 3.9 /

КПО өндірістік қызметтің барлық аспектілерін қамтитын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Негізгі бағдарламалардың бірі төменде көрсетілген міндеттерді орындау үшін ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген «Өндірістік экологиялық бақылау» бағдарламасы (ӨЭБ) болып табылады:

  • кәсіпорынның эмиссиялары мен өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы сенімді мәліметтер алу;
  • күтпеген оқыс жағдайларға қатысты жедел алдын ала әрекет ету;
  • қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерді азайту;
  • мүдделі тараптарға (жергілікті тұрғындар, мемлекеттік бақылаушы органдар, серіктес компаниялар) кәсіпорынның экологиялық қызметі мен жергілікті тұрғындардың денсаулығына төнуі мүмкін қауіп-қатер туралы хабарлау.

ӨЭБ бағдарламасы шеңберінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға, яғни шығарындыларға, ағынды сулардың төгінділерінен, қалдықтарды қайта өңдеуге, жинақтауға және көмуге, сондай-ақ атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ сияқты қоршаған орта компоненттерінің сапасына бақылау жүргізіледі.

2024 жылы ӨЭБ бағдарламасы шеңберіндегі қоршаған орта компоненттерінің жай-күйін бақылау аясында анықталатын көрсеткіштердің концентрациясы алдыңғы жылдардағы бақылау деңгейімен бірдей болғанын көрсетті. ҚМГКК қызметінің қоршаған ортаға теріс әсері анықталған жоқ.

КПО тұрақты негізде кен орнының аумағында қалдықтарды орналастыру объектілеріндегі қоршаған орта жай-күйіне өндірістік экологиялық бақылауды жүргізеді. 2024 жылы Экоорталықтың қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында, бұрғылаудың сұйық қалдықтарын уақытша сақтауға арналған алаңда, сондай-ақ 35А және 35Б ұяшықтарында жер асты сулары мен топырақты бақылау нәтижелері бойынша қоршаған орта компоненттеріне тікелей теріс әсер анықталмады. Қалдықтардың қозғалысын сандық бақылау көму көлемін, сондай-ақ қалдықтардың жинақталу көлемі мен уақытын есепке алу мақсатында жүзеге асырылады.

Ауа сапасының мониторингі аккредиттелген зертхана арқылы сынамаларды іріктеу және талдау негізінде, сондай-ақ 18 стационарлық автоматты ЭМС көмегімен жүзеге асырылады. Атмосфералық ауаның сапасын бағалау үшін санитарлық-гигиеналық нормативтер, яғни шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРК) қолданылады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау үшін бақыланатын компоненттердің тіркелген концентрациясы ШРК-мен салыстырылады және үлес түрінде көрсетіледі.

2024 жылы ӨЭБ бағдарламасын жүзеге асыру барысында зертхана көмегімен 100 мыңнан астам сынама алынып, 115 мыңға жуық зертханалық талдау және 28 мыңға жуық өлшеу жүргізілді.

Компания кен орнының аумағында, СҚА шекарасында және Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендерде атмосфералық ауаны қорғауға ерекше назар аударады.

Санитариялық-қорғау аймағы / ТДМ 11.4, 15.2 /

Қазіргі есептік санитариялық-қорғау аймағы (СҚА) ҚМГКК аумағында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. КПО 2018 жылы бастаған ауаны экологиялық мониторинг станцияларын көшіруді 2021 жылы сәтті аяқтады. Станцияларды көшіру ауаның үздіксіз мониторингінің дұрыс көрсеткіштерін және Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін санитариялық-қорғау аймағы көлемінің өзгеруіне байланысты болды. 2023 жылдың аяғындағы СҚА көрсетілген ҚМГКК сызбасын КПО веб-сайтында Тұрақты даму/Қоршаған ортаны қорғау/Санитариялық-қорғау аймағы бөлімінде көруге болады.

2024 жылы КПО «ҚМГКК есептік санитариялық-қорғау аймағын ұйымдастыру және абаттандыру» жобасының «ҚМГКК есептік СҚА көгалдандырудың бірінші кезеңі және оның шекараларын белгілеу» 3-кезеңін іске асыруды жалғастырды. Жобаның мақсаты – өсіп жатқан екпе ағаштарына күтім жасау және жаңа ағаштарды отырғызу, сондай-ақ СҚА шекарасында ақпараттық белгілерді орнату.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін ықтимал теріс әсерден қорғау мақсатында жоба сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының шекараларында тиісті белгілерді орнатуды көздейді. Бұған дейін, 2019 жылы КПО осы тақырып бойынша ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастырған болатын (толығырақ ақпарат КПО-ның 2019 жылғы тұрақты даму есебінде берілген, 85-88 беттер). / ТДМ 11.4 /

2024 жылы санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) шекаралары жергілікті жерге шығарылды. Жобаға сәйкес ақпараттық бағыттаушы бағандардың жалпы саны 62 бірлікті құрады. 2023 жылы 42 бағыттаушы баған мен 8 бағыттаушы тақта орнатылды. Қалған 20 ақпараттық бағанды орнату жұмыстары жобаны іске асыру кезеңінде (2025–2028 жылдар аралығында) аяқталады деп жоспарлануда. 2024 жылы жұмыс орындалған жоқ, ал 2025 жылға арналған тарихи-мәдени мұра объектілеріне белгілер орнату бойынша бюджет PSA уәкілетті органы тарапынан әзірге бекітілген жоқ.

2024 жылы ҚМГКК есептік СҚА ұйымдастыру және жайластыру жобасына түзету енгізілді. Бұл ҚМГКК есептік СҚА аумағындағы жер пайдалану жағдайының өзгеруіне және жаңа объектінің (Ақсай ТНК – Қоншыбай сорғы) құрылысын жоспарлауға байланысты жүзеге асырылды. 2025–2028 жылдар аралығында жоспарланған орман жолақтарының орналасу орындарына түзету енгізіліп, оларды мемлекеттік қордағы жерлерге қайта орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Кесте 29. 2025–2028 жылдар аралығындағы негізгі өндірістік-технологиялық көрсеткіштер

Жұмыстар түрі

Орман жолақтарын қайта жаңарту

Жаңа құрылыс

ЖАЛПЫ:

2021 жылғы жоба бойынша орман жолағының жалпы аумағы, га

97,2

151,9

249,1

Жүзеге асыру аумағы, 2023г-2024 жылдар

36,5

0

36,5

2024 жылдан кейін жүзеге асыруға қалатыны, га

60,7

151,9

212,6

2025 жылғы ҚОҚШЖ жоспарланған

16,2

9,6

25,8

2026 жылғы ҚОҚШЖ жоспарланған

26,4

20,4

46,8

2027–2028 жж жобаланатын көлем

18,1

121,9

140,0

2025–2028 жж мерзімінің орман жолағының жалпы аумағы, га

60,7

151,9

212,6

СҚА шекарасын абаттандыру және көгалдандыру объектілерін орналастырудың жиынтық схемалары мүдделі тараптармен келісіледі.

Барлық жоба кезеңінде көгалдандыру шеңберінде жоспарланған учаскелердің жалпы ауданы 249,1 га құрайды, оның 151,9 га – жаңа орман алқаптарын құру алаңы, 97,2 га – қолданыстағы екпелерді жаңарту жұмыстарын жүргізу алаңы.

Бүкіл жобаны іске асырудың жалпы мерзімі 2023 жылдың көктемінен бастап 2028 жылға дейінгі кезеңді қамтиды:

  • 2022 ж. – ізденіс жұмыстары, далалық жұмыстар, жобаның жұмыс құжаттамасын әзірлеу.
  • 2023 ж. – СҚА шекараларын белгілеу.
  • 2024 ж. – ТММ ескерткіштерінің қорғау аймақтарының шекараларында ақпараттық белгілерді орнату.
  • 2023–2026 жж. – орман алқаптарын жаңарту.
  • 2025–2028 жж. – жаңа орман алқаптарын егу.

Жобаны іске асыру барысында күрделі объектілерді салу көзделмеген. Жұмыстар мердігер ұйымның күшімен жүргізіліп жатыр. «2023–2028 жылдарға арналған ҚМГКК есептік СҚА аумағын ұйымдастыру мен абаттандырудың негізгі жобалық шешімдері» сызбасы КПО вебсайтының Тұрақты даму/Қоршаған ортаны қорғау/санитарлық-қорғау аймағы бөлімінде көруге болады. СҚА шекарасын абаттандыру және көгалдандыру объектілерін орналастырудың жиынтық схемалары мүдделі тараптармен, шаруашылық ұйымдармен және ауыл шаруашылығы өндірушілерімен келісілген.

Атмосфералық ауа сапасына автоматты ЭМС арқылы мониторингтеу / GRI 413-1 /

ҚМГКК және СҚА периметрі бойынша атмосфералық ауа мониторингінің бірыңғай автоматты жүйесіне біріктірілген 18 автоматты жылжымайтын экологиялық мониторинг станциялары (ЭМС 001 – 018) орнатылды.

18 ЭМС ішінен төртеуі кен орнының аумағында және СҚА шегінде орналасқан. 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша есептік СҚА шекарасында 13 ЭМС орналасқан: 006-018; ЭМС 005 Ақсай қаласының маңында орналасқан.

2024 жылы ҚМГКК аумағындағы СҚА шегінде орналасқан ЭМС станцияларымен тіркелген бақыланатын компоненттердің орташа жылдық шоғырлануы 30-кестеде келтірілген. Бұл кестеде «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы әрбір ЭМС-ке бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.

Кесте 30. 2024 жылы ЭМС тіркеген бақыланатын компоненттердің шоғырлануының орташа жылдық мәндері

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

ШРК б.м.9 , мг/м3

ШРК-ның артуы, б.м.*

H2S

0-ден 0,002-ге дейін

0,008

жоқ

SO2

0,001-ден 0,010-ға дейін

0,5

жоқ

NO2

0,001-ден 0,010-ға дейін

0,2

жоқ

CO

0,1-ден 0,4-ке дейін

5,0

жоқ

* СҚА шекарасында ауа сапасының өлшемшарты болып ШРКб.м. қолданылады. ЭМС станциялары ШРК б.м. көрсеткіші артқан кезде белгі беруге бейімделген.

9 ШРК б.м. – елді мекендердің ауасындағы химиялық заттардың рұқсат етілген ең жоғары шекті концентрациясы, мг/м3 . 20-30 минут бойында тыныс алу кезінде бұл концентрация адам ағзасында рефлекторлық реакцияларды тудырмауға тиіс (демді ұстап тұру, көздің шырышты қабығының, жоғарғы тыныс алу жолдарының тітіркенуі және т.б.)

Барлық ЭМС станциялары төрт негізгі ластаушылар (H2S, SO2, NO2, CO) бойынша үздіксіз, яғни тәулігіне 24 сағат бойы, өлшеу жүргізеді.

ЭМС станцияларынан СҚА шекараларында алынған деректер бойынша 2024 жылы бақыланатын компоненттердің нақты орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа тоқсандық және орташа жылдық шоғырлану көрсеткіштері белгіленген санитариялық-гигиеналық стандарттардан аспады.

Бұл ретте, жыл ішінде күкіртсутек бойынша 20 минуттық асып кетудің 8 жағдайы тіркелді.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 184-бабы 2-тармағының 8-тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес, Компания БҚО Экология департаментіне ЭМС-013 б ЭМС-009 және ЭМС-006 станцияларында тіркелген асып кету фактілері туралы хабарлама жіберді.

Айта кету керек, ЭМС – 009, 007 және 006 бекеттерінде тіркелген шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кетулер мен КПО өндірістік нысандарының қызметі арасында байланыс анықталған жоқ. Асып кетулер тіркелген кезде КПО-ның барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істеді, КПО ұңғымаларында алауды жағу/тазарту жұмыстары жүргізілмеді. Технологиялық жабдықтың жұмысындағы ақаулар, ағып кетулер немесе рұқсат етілмеген шығарындылар, технологиялық процестің апаттық немесе жоспарлы тоқтауы тіркелген жоқ. КПО объектілері арасында H2S газының тікелей көздері анықталған жоқ. 27 тамызда ЭМС-013 бекетімен тіркелген үш 20 минуттық асып кету жағдайы болжам бойынша ҚІАС № 508 құбыры арқылы газдың ағуымен байланысты болуы мүмкін.

Кесте 31. 2024 жылы ҚМГКК СҚА шекарасында ЭМС тіркелген ШРКбм., асып кету жағдайлары

ЭМС №

Бақыланатын компоненттер

ШРК б.м. мг/м3

Арту жағдайларының саны

ШРК б.м. артуының жиілілігі

СЭМ-006

H2S

0,008

4

1,75

СЭМ-009

H2S

0,008

1

1,25

СЭМ-013

H2S

0,008

3

1,25-тен 7,25-ке дейін

Сонымен қатар, Ақсай қаласына кіреберісте орналасқан ЭМс-005 бекетінде бір рет сутегі сульфиді (H₂S) бойынша ШРК б.м. 1,625 есеге асу жағдайы тіркелді.

ШРК мәнінің асып кетуі тіркелген күні ҚМГКК аумағына іргелес орналасқан елді мекендердің тұрғындарынан газ иісіне шағымдар түскен жоқ.

КПО-ның барлық 18 автоматты ЭМС-тен алынатын атмосфералық ауаның сапасы туралы деректер «Экомонитор» порталы арқылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментіне онлайн режимінде жіберіледі.

Қарашығанақ кен орнының СҚА шекарасындағы атмосфералық ауаның мониторингі

Автоматты ЭМС көмегімен атмосфералық ауа сапасына үздіксіз бақылау жүргізумен қатар, мердігерлік аккредиттелген зертхана арқылы ҚМГКК СҚА шекарасындағы 8 нүктеде (8 румба) атмосфералық ауа сынамаларын іріктеу жүргізіледі. СҚА шекарасында сынамаларды іріктеу мониторингтің маршруттық бекеттерінде10 күн сайын мынадай кезеңділекпен жүргізіледі:

  • С, Ш, О сынамаларды іріктеу нүктелерінде – тәулігіне 3-4 рет;
  • СШ, ОШ, ОБ, СБ сынамаларды іріктеу нүктелерінде – тәулігіне 1 рет.

2024 жылы атмосфералық ауаның 44 мыңға жуық сынамасы алынып, ЭМС станцияларымен өлшенетін құрамдас бөліктердің бар-жоғына талданды: күкіртсутек (H2S), күкірт диоксиді (SO2), азот диоксиді (NO2), көміртегі оксиді (CO). Сонымен қатар, ауа сынамаларында метан (СН4) және метилмеркаптан (СH3SH) талданады.

2024 жылы ауа мониторингінің нәтижелері бойынша ҚМГКК СҚА шекарасындағы 8 маршруттық мониторинг бекеттерінде атмосфералық ауадағы бақыланатын компоненттердің ШРК-ның асып кетуі тіркелген жоқ.

2024 жылы СҚА шекарасының атмосфералық ауасында бақыланатын орташа жылдық шоғырлану төмендегі кестеде келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы 8 нүкте бойынша бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.

10  Маршруттық бекет тасымалды жабдықтың көмегімен жүргізілетін бақылаулар кезінде аймақтың белгіленген нүктесінде ауа сынамаларын тұрақты іріктеуге арналған.

2024 жылы ҚМГКК СҚА шекарасындағы мониторингтің маршруттық бекеттерінде атмосфералық ауада бақыланатын компоненттер шоғырлануының жылдық орташа мәні

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

ШРК б.м., мг/м3

ШРК-дан асып кету

H2S

0,002-0,002

0,008

нет

SO2

0,003-0,004

0,5

нет

NO2

0,025

0,2

нет

CO

0,438-0,450

5,0

нет

СH3SH

анықталмады

0,006

нет

СН4

1,104-тен 1,124-ке дейін

50*

нет

* әсер етудің белгіленген болжамдағы қауіпсіз деңгейі (ӘБҚД). Метан үшін РШШ орнатылмаған.

Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау / GRI 413-1 /

Кен орнының периметрі бойынша орналасқан алты ауылда: Жарсуат, Жаңаталап, Димитрово, Қарашығанақ, Приуральное, Успен атты алты ауылда және Ақсай қаласында атмосфералық ауаны бақылаудың стационарлық бекеттері орнатылды. Ауа сынамаларын алуды аталған ауылдардың тұрғындары болып табылатын мердігерлік зертхананың штаттық қызметкерлері тәулігіне 4 рет (МЕМСТ талаптарына сәйкес сағат 01:00-де, 07:00-де, 13:00-де және 19:00-де) жүзеге асырады. 2024 жылы стационарлық бекеттерде атмосфералық ауаның 52 мыңға жуық сынамасы іріктеліп, талданды.

МЕМСТ талаптарына және басшылық құжаттарға сәйкес Ақсай қаласының зертханасында іріктелген ауа сынамаларының бес негізгі компонентіне химиялық талдау жүргізіледі: күкіртсутек (H2S), күкірт диоксиді (SO2), азот диоксиді (NO2), көміртегі тотығы/көміртегі тотығы (CO) және метилмеркаптан (СH3SH). Одан басқа, ауа құрамындағы ұшқыш органикалық байланыстардың: бензол (C6H6), толуол (C7H8), ксилол (C8H10) құрамына 10 күнде 1 рет бақылау жүргізіледі.

Атмосфералық ауаның мониторингі бойынша ай сайынғы нәтижелер ауылдарға ақпараттық тақталарда орналастыру үшін жіберіледі, сондай-ақ ай сайын КПО вебсайты және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында – «Бурлинские вести», «Бөрлі жаршысы», «Будни Аксая» газеттерінде жарияланады. Стационарлық бекеттерде газдың иісін сезген кезде тұрғындардан шағымдар түскен жағдайда ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу жүргізіледі.

2024 жылы елді мекендердің атмосфералық ауасында бақыланатын көрсеткіштердің орташа тәуліктік ШРК мәнінің бірде-бір асып кетуі тіркелген жоқ.

2024 жылы Қарашығанақ кен орнына іргелес орналасқан елді мекендер мен Ақсай қаласының тұрғындарынан газ иісіне қатысты 3 шағым түсті. Аталған елді мекендерде атмосфералық ауадан жоспардан тыс сынамалар алынды, олардың талдау нәтижелері бақылауға алынған компоненттердің ШРКб.м. аспағанын көрсетті. Газ иісіне қатысты әрбір шағым бойынша шағым берушілерге кері байланыс берілді.

Жеті елді мекендегі атмосфералық ауасында бақыланатын компоненттердің 2024 жылғы орташа шоғырлануы 32-кестеде келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді. Елді мекендердегі ауа сапасын бағалау критерийі ретінде ШРК т.о. көрсеткіші қолданылады.

Кесте 32. ҚМГКК кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауасындағы бақыланатын компоненттер шоғырлануының 2024 жылғы орташа жылдық мәндері / GRI 413-1 /

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

Тәуліктік орташа ШРК т.о.11, мг/м3

ШРК т.о. артуы

H2S

0,001-0,002

0,008**

жоқ

SO2

0,003-0,004

0,05

жоқ

NO2

0,021-ден 0,026-ға дейін

0,04

жоқ

CO

0,424-0,445

3,0

жоқ

С6Н6

0,163-тен 1,171-ге дейін

0,3**

жоқ

С7Н8

МАШ-тан төмен *

0,6**

жоқ

С8Н10

МАШ-тан төмен *

0,2**

жоқ

СH3SH

анықталмады

0,006**

жоқ

* Тіркелген мәндер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен. Бақыланатын компоненттер үшін МАШ келесідей: С7 Н8 – 0,14 мг/м3 ; С8Н10 – 0,14 мг/м3 . ** ШРК б.м. Күкірт сутегі және метилмеркаптан үшін ШРК т.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШ б.м. қолданылады; сондай-ақ РШШ б.м. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды іріктеу және талдау жиілігі – 10 күнде 1 рет.

11 ШРК т.о. – елді мекендердің ауасындағы химиялық заттың орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациясы, мг/м3 . Бұл концентрация адамға белгісіз ұзақ уақыт бойында (жылдар) тыныс алу кезінде тікелей немесе жанама зиянды әсер етпеуі керек.