ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау

 

Кен орнының маңайында орналасқан 6 елді мекенде: Жарсуат, Жаңаталап, Димитрово, Қарашығанақ, Приурал, Өспен және Ақсай қаласында ауаны бақылаудың тұрақты бекеттері бар. Ауа сынамаларын алу күніне 4 рет (мемлекеттік стандартқа сәйкес 01:00, 07:00, 13:00 және 19:00 уақытында) мердігерлік зертхананың аталмыш ауылдарда тұратын тұрақты қызметкерлерімен жүргізіледі. 2022 жылы аталмыш бекеттерде 52 мың атмосфералық ауа сынамасы алынып, талдаудан өтті.

 

Алынған сынамалар Ақсай қаласындағы зертханаға жеткізіліп, мемлекеттік стандарт және басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес негізгі бес компоненттің құрамына химиялық тұрғыдан талданады: (H2S) күкірт сутегі, (SO2) күкірт диоксиді, (NO2) азот диоксиді, (CO) көміртек оксиді және (СH3SH) метилмеркаптан. Одан басқа, ауа құрамындағы ұшқыш органикалық байланыстарға, атап айтқанда бензол (C6H6), ксилол (C8H10), толуол (C7H8) мезгіл сайын (10 күнде 1 рет) бақылау жүргізіледі.

 

Ауа сапасын бақылаудың ай сайынғы нәтижелері жергілікті бұқаралық баспа ақпарат құралдарында жарияланады және ақпараттық тақтаға орнатылу үшін ауылдарға таратылады. Газ иісіне байланысты халықтың шағымдары түскен жағдайда тұрақты бекеттерде кезектен тыс сынамалар алынады.

 

2022 жылы елді мекендер атмосфералық ауасында бақыланатын көрсеткіштердің орташа тәуліктік РШШ асуы тіркелген жоқ.

 

2022 жылы Қарашығанақ кен орнына іргелес орналасқан елді мекендердің тұрғындарынан газдың иісіне жеті шағым түсті. Елді мекендерде атмосфералық ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу жүргізіліп, олардың талдау нәтижелері бақыланатын компоненттердің шоғырлануы белгіленген ШРК б.м. аспағанын көрсетті. Газ иісіне қатысты әрбір шағым бойынша шағым берушілерге кері байланыс берілді. Төмендегі кестеде жеті елді мекендегі атмосфералық ауасында бақыланатын компоненттердің 2022 жылғы орташа шоғырлануы келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасында бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндері көрсетілген. Елді мекендердегі ауа сапасын бағалау критерийі ретінде ШРК т.о. көрсеткіші қолданылады.

 

ҚМГКК кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауасындағы бақыланатын компоненттер шоғырлануының 2022 жылғы орташа жылдық мәндері GRI 413-1

 

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

Тәуліктік орташа ШРК т.о.1, мг/м3

ШРК т.о. артуы

H2S

0,002

0,0083

жоқ

SO2

0,003-0,004

0,05

жоқ

NO2

0,023-ден 0,027-ға дейін

0,04

жоқ

CO

0,432 — 0,440

3,0

жоқ

С6Н6

0,177-ден 0,181-ға дейін

0,33

жоқ

С7Н8

МАШ-тан төмен 2

0,63

жоқ

С8Н10

МАШ-тан төмен 2

0,23

жоқ

СH3SH

анықталмады

0,0063

жоқ

 

1ШРК т.о. — елді мекендердің ауасындағы химиялық заттың орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациясы, мг/м3. Бұл концентрация адамға белгісіз ұзақ уақыт бойында (жылдар) тыныс алу кезінде тікелей немесе жанама зиянды әсер етпеуі керек.

 

2Тіркелген мәндер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен. Бақыланатын компоненттер үшін МАШ келесідей: С7Н8 — 0,14 мг/м3; С8Н10 — 0,14 мг/м3.

 

3ШРК б.м. Күкірт сутегі және метилмеркаптан үшін ШРК т.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШ б.м. қолданылады; сондай-ақ РШШ б.м. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды іріктеу және талдау жиілігі — 10 күнде 1 рет.