КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022
АУА– адамдардың қоршаған ортамен және әлеммен қарымқатынасын кейіптейді. Ол айналамыздағы барлық кеңістікті толтырып бізді орып алады, бірақ ауа біз қозғалғанда ғана сезіледі. Ауаны тек қозғалыс кезінде сезетініміз сияқты, әлеуметтік қатынастар да біз белсенді қатысып, үлес қосқанда ғана дамып, өркендей алады.
Оқыңыз
Iскерлік қағида:
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Iскерлік қағида:
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Iскерлік қағида:
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТАР
Ескерту: қағидалар бөлімнің тиісті тарауларында толығырақ сипатталған.
2022 г.
Бұл біз үшін неге маңызды?

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндіріс тұтастығы – кез келген мұнай, газ және конденсат кен орнын игеру мен пайдаланудағы табыстың негізгі факторлары. Күкіртсутек шығарындылары, өнімнің ағып кетуі және ЖКО сияқты қауіп-қатерлермен байланысты өндірісте жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігі компания үшін басты міндет болып табылады. Әр жұмысшы үйіне аман-есен оралуы керек, ал өндірісте ағып кету жағдайлары мүлдем болмауы керек.

КПО ұйымда да, одан тыс жерлерде де тиімді ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін енгізіп сақтауға көп күш жұмсайды.

Iскерлік қағида:
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Біз жұмыс көрсеткіштерді үздіксіз арттыруға қол жеткізу үшін еңбекті қорғауды, қауіпсіздік техниканы, қауіпсіздік қызметті басқарудың жүйелі тәсілін қолданамыз.

Осы мақсатпен біз осы мәселелерді қызметтің маңызды түрлері ретінде басқара отырып, стандарттарды белгілеп, жақсартуға бағытталған мақсаттарды қойып, шараларды қолданамыз, сонымен қатар бағалау жүргізіп, жұмыс нәтижелері туралы сыртқа есеп береміз.

Қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыс

Қауіпсіздік техникасы саласындағы тәжірибе

Компаниядағы қауіпсіздік техникасына қатысты қауіп-қатерлерді және Компанияның әсерін азайту мақсатында бірқатар міндеттер қойдық. Оларды іске асыру нәтижелері төменде келтірілген.

7-кесте. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы міндеттеріміз

2022 жылға қойылған міндеттер

Орындалу статусы

2022 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2023 жылға қойылған міндеттер

ҚТ саласындағы көшбасшылықты дамыту және мәдениетті арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғастыру

Ауыстырылды

ҚТ саласындағы көшбасшылықты дамыту және мәдениетті арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары орындалмайтын болды, ол КПО қауіпсіздік мәдениетін өзгерту жоспарымен ауыстырылды.

Қауіпсіздік және көшбасшылық мәдениетін өзгерту жоспарын орындау

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияны жақсарту жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау

Орындалды

2022 жылға жоспарланған іс-шаралар мен науқандар сәтті жүзеге асырылды.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияны жақсарту жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау

Жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесі

Орындалды

2022 жылы ISO 39001 стандарты бойынша сертификаттаудан сәтті өту үшін КПО мынадай іс-шараларды орындады: 2020 жылы олқылықтарға талдау жүргізілді және сертификаттауға дайындық басталды, 2021 жылы алдын ала сертификаттаудан сәтті өтті.

ISO 39001 стандарты бойынша қадағалау аудитінен сәтті өту

Компаниядағы ҚТ мәдениетінің деңгейін бағалау шарасын өткізу

Орындалды

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы мәдениет деңгейін анықтау мақсатында КПО-да бірқатар бағалау шаралары жүргізілді: екі рет компания қызметкерлері компания ішінде бағалау өткізді (наурызда және желтоқсанда) және оған қоса үшінші тараптар мен операторлар да бағалау өткізді (2022 жылғы шілде мен тамыз айларында). ҚТ мәдениетінің деңгейін бағалау нәтижесі: 80 % – есепке алынатын деңгей.

Қауіпсіздік пен көшбасшылық мәдениетін өзгерту жоспарын орындау шеңберінде ҚТ саласындағы көшбасшылық және тәртіп мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, КПО-да ҚТ мәдениетін арттыру

ЕҚ және ҚТ бойынша көрсеткіштер

Біз қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау саласындағы қызметімізді дамуымыздың қарқынын қадағалай және әлемде болып жатқан оқиғаларды ескере отырып жоспарлаймыз. Біз белгілі бір жұмыс көлемін орындау кезінде болған оқиғалардың жиілігін адам-сағат санын ескере отырып өлшейміз. Біздің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша көрсеткіштеріміз 2017–2022 жылдарды қамтиды, бірақ 2022 жылға ерекше назар аударылады.

4-сызбада еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖ)2 және тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі (ТТЖЖ)3 көрсетілген.

Ескертпе: КПО-дағы ЕҚЖ және ТТЖ жиілігін есептеу үшін келесі әдіс қолданылады:

2 Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖ) = еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + өлімге әкелген оқиғалар) x 1 000 000 / адам-сағат саны;

3 Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі = тіркелуге тиіс жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + медициналық емделуге әкелген оқиғалар + жеңіл жұмысқа ауыстыруға әкелген оқиғалар) x 1 000 000/адам-сағат саны).

4-сызба. ЕҚЖЗ және ТОЖ жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2017–2022 жылдар

2022 жылы КПО-да тіркелуге тиіс жарақаттар саны едәуір өсті (2021 жылғы үш жарақаттан 2022 жылы он үш жарақатқа дейін). Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар саны да өсті (2021 жылғы бір жарақаттан 2022 жылы жеті жарақатқа дейін). 2022 жылы КПО-дағы ТТЖЖ 0,22 (2021 жылы 0,03 болған) болса, ал ЕҚЖЖ 0,40 (2021 жылы 0,09 болған) құрады. Жарақаттар санының артуы негізінен пандемияның салдарымен, жұмыс көлемінің өсуімен (жобаларды іске асыруды қоса алғанда), қауіп-қатер деңгейін жете бағаламаумен және қауіпсіздік мәселелеріне тиісті назар аудармаумен байланысты.

Біз олардың қайталануын болдырмау үшін барлық оқиғаларға тергеу жүргіземіз. Сонымен қатар, біз мердігерлермен және басқа да мүдделі тараптармен оқиғалардан алынған сабақтар туралы ақпарат алмасамыз және қауіпсіздікті жақсарту мақсатында басқа компаниялардың тәжірибесін өзімізде енгіземіз.

8-кестеде КПО-ның ЕҚЖЖ бойынша көрсеткіштері мердігер ұйымдардың соңғы үш жылдағы ЕҚЖЖ көрсеткіштерімен салыстырып көрсетілген. КПО және мердігерлік ұйымдардың деректері бөлек көрсетілген. Жиынтық көрсеткішті алу үшін деректерді қосып жиынтық мәнін шығарудың орнына есептеу формуласын қолдану керек.

8-кесте. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2020 – 2022 жылдар

Тиімділік көрсеткіштері

2022

2021

2020

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (КПО)

0,00

0,14

0,00

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,27

0,00

0,07

9-кестеде КПО-ның ТТЖЖ бойынша көрсеткіштері мердігер ұйымдардың соңғы үш жылдағы ТТЖЖ көрсеткіштерімен салыстырып көрсетілген.

9-кесте. Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2020 – 2022 жылдар

Көрсеткіштер

2022

2021

2020

Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі (КПО)

0,00

0,14

0,00

Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі (мердігерлік ұйымдар)

0,50

0,08

0,22

Ескерту: Алғашқы медициналық көмек көрсетуге әкелген жағдайлар өндірісте алған жарақаттарды есептегенде есепке алынбайды.

КПО жұмыс істеуге қауіпсіз жағдай жасауға ұмтылады. Осыған қарамастан, 2022 жылы Компанияда он үш оқиға орын алып, онда мердігер ұйымдардың жұмыскерлері түрлі жарақаттар алды.

10-кесте. 2022 жылы болған оқиғалар

Жарақат түрі

Сипаттамасы

Саны

Еңбек ету қабілетінен уақытша айрылуға әкелген жағдайлар

Тайып құлаудың нәтижесінде алынған тізе жарақаты

1

Биіктіктен құлаудың нәтижесінде алынған бел мен бас жарақаты

1

Құбырдың бір бөлігінің секциясы аяққа құлау нәтижесінде алынған аяқ жарақаты

1

Биіктіктен құлау нәтижесінде алынған бел жарақаты

1

Көтергіштің себетінен құлау нәтижесінде алынған бас, арқа және кеуде жарақаттары

2

Бөтен заттың тиюінің алынған көз жарақаты

1

Тіркелуге тиіс жарақаттар (яғни жұмыскер медициналық емдеу алғаннан кейін жұмысын жалғастыра алды немесе жеңіл жұмысқа ауыстырылды)

Тор еден опырылған кезде құлаудың нәтижесінде алынған жіліншік жарақаты

1

Арматураға кесіп алу нәтижесінде алынған білек жарақаты

1

Қысып алу нәтижесінде алынған саусақ жарақаты

4

БАРЛЫҒЫ

13

2022 жылы бірде-бір айтарлықтай ЖКО тіркелген жоқ. 1 млн км қашықтыққа есептегендегі жол-көлік оқиғаларының жиілігі (ЖКОЖ4) 2022 жылы КПО мен мердігерлік ұйымдарда үшінші жыл қатарынан нөлге тең болып қалды (2020 – 2021 жылдардағыдай). ЖКО бойынша нөлдік көрсеткіш Жол қауіпсіздігін жақсарту жоспары аясында жасалған бірқатар іс-шараларды орындаумен және «Жол қауіпсіздігі» бөлімінде сипатталған басқа да жетістіктермен байланысты. КПО көлік құралдары жүріп өткен қашықтық 2021 жылы 40,2 млн км-ға тең болған болса, ал 2022 жылы 39,3 млн км-ді құрады.

2019–2022 жылдардағы КПО және мердігерлік ұйымдарда өліммен аяқталған оқиғалардың жиілігі нөлге тең болып қалады.5

4 КПО-да қолданылатын ЖКОЖ есептеу әдісі: ЖКО жиілігі = ЖКО саны (елеулі) x 1 000 000 / жүріп өткен км саны.

5КПО қолданатын өлімге әкелетін оқиғалардың жиілігін есептеу әдісі: өлімге әкелетін оқиғалардың жиілігі (миллион жұмыс істеген адам сағатына) = өлімге әкелетін оқиғалардың саны x 1 000 000 / жұмыс істеген адам сағаты.

2022 жылы КПО мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлері 32 515 598 адам-сағат жұмыс істеді: Оның 20 % (6 629 709 адам-сағат) КПО қызметкерлеріне тиесілі, ал 80 %-н (25 885 889 адам-сағат) мердігер ұйымдардың жұмыскерлері атқарды.

11-кесте. Жұмыс істелген адам-сағаттар саны: КПО және мердігер ұйымдар, 2020 – 2022 жылдар

Көрсеткіштер

2022

2021

2020

Жұмыс істелген адам-сағат саны (КПО)

6 629 709

6 924 081

7 269 825

Жұмыс істелген адам-сағат саны (мердігер ұйымдар)

25 885 889

25 340 974

26 955 757

Барлығы

32 515 598

32 265 055

34 225 582

2022 жылы КПО-да жеті ықтимал қауіпті оқиға (ЫҚО6) тіркелді: еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақатпен байланысты үш оқиға, мүліктің зақымдалуымен байланысты үш жағдай және бір ықтимал қауіпті жағдай.

12-кесте. Ықтимал қауіпті оқиғалардың саны (ЫҚО): КПО және мердігер ұйымдар, 2020 – 2022 жылдар

Көрсеткіштер

2022

2021

2020

ЫҚО саны (КПО)

0

0

1

ЫҚО саны (мердігерлік ұйымдар)

7

1

1

Барлығы

7

1

2

6 Ықтимал қауіпті оқиға (ЫҚО) – бір немесе бірнеше өлімге әкелуі ықтималдығы болған оқиға немесе ықтимал қауіпті жағдай.

2022 жылы Компанияда 82 ықтимал қауіпті жағдай тіркелді: оның 49-ы (60 %) оқиғалар туралы хабарлау процедурасы арқылы, 33-і (40 %) ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталарының көмегімен анықталды. Әрбір ЫҚЖ үшін, әрбір оқиға бойынша, КПО мұқият тергеу жүргізеді, олардың себептері анықталады және кемшіліктерді түзетуге және оқиғалардың қайталануын болдырмауға бағытталған ұсынымдар әзірленеді.7

13-кесте. Ықтимал қауіпті жағдайлардың саны (ЫҚЖ): КПО және мердігер ұйымдар, 2020 – 2022 жылдар

Көрсеткіштер

2022

2021

2020

ЫҚЖ саны (КПО)

24

22

27

ЫҚЖ саны (мердігерлік ұйымдар)

58

43

46

Барлығы

82

65

73

7 Ықтимал қауіпті жағдай (ЫҚЖ) – тіркелуге тиіс жарақаттарға, мүлікке, қоршаған ортаға зақымға немесе технологиялық қауіпсіздікке байланысты оқиғаға әкелу ықтималдығы болған кез-келген жоспарланбаған немесе басқарылмайтын оқиға немесе оқиғалар тізбегі, бірақ түрлі жағдайлардың арқасында мұндай оқиғалар орын алмаған.

Саладағы басқа компаниялармен салыстыру

Жыл сайын біз қызметіміздің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін (ТНК) Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (бұдан әрі – IOGP) есебінде ұсынылған оператор компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырамыз. IOGP қауымдастығы ЕҚ және ҚТ саласындағы тиімділік негізгі көрсеткіштерін жыл сайын www.iogp.org сайтында жариялайды.

2022 жылы КПО-да еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттардың саны артты (2021 жылғы бір жарақат тіркелген болса, 2022 жылы – жеті). Егер КПО-ның 2022 жылғы көрсеткіштерін саланың басқа компанияларымен салыстыратын болсақ, еңбекке еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі бойынша КПО көрсеткіші IOGP-дің орташа көрсеткіштерінен жақсырақ, бірақ IOGP бойынша 10 үздік компанияның көрсеткіштерінен төмен. (5-ші сызбаны қараңыз).

5-сызба. КПО көрсеткіштері мен IOGP көрсеткіштері, 2009 – 2022 жылдар

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Жоспардың басты мақсаты – ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқару жүйесін оңтайландыру, қауіп-қатерлерді одан әрі бақылау, жұмыскерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу. Бұған «мақсатты элементтерді» және Компанияның күнделікті өндірістік қызметінен тыс, айтарлықтай пайда алуға және жақсартуларға қол жеткізуге бағытталған бірқатар іс-шараларды қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Аталмыш Жоспар мен ТНК бір біріне сәйкес болуы үшін және қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін 2022 жылы КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауда құрылымдық тәсілді қолданды.

14-кесте. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары өзара байланысты бағыттардан тұрады:

ДЕҢГЕЙ I (негізгі):

Жарақат алу бойынша нөлдік көрсеткіші және өндірістердің тұтастығын қамтамасыз ету

ДЕҢГЕЙ II (көмекші):

  • Мінез-құлық үлгілері және көшбасшылық
  • Жеке бас денсаулығы
  • Жеке бас қауіпсіздігі
  • Объектілердің тұтастығы және технологиялық қауіпсіздік
  • Жол қозғалысы мен инфрақұрылымның қауіпсіздігі
  • Қоршаған ортаға ықпалды азайту

ДЕҢГЕЙ III (бұған қалай қол жеткіземіз):

Стратегия мен мақсатты элементтер

  • Осы қойған мақсаттарды орындау үшін жыл бойына орындалатын көмекші жоспарлар жасалды;
  • КПО-ның барлық мүдделі тараптары ортақ мақсаттар мен қосымша жоспарларды қабылдап, өз араларында бөліп алды;
  • КПО негізгі мақсатқа жету мақсатында жоспарларды жүзеге асыру және кедергілерді нығайту бойынша бірлесіп жұмыс істеді.

I, II және III деңгейлердің тапсырмалары бойынша жоспардың мониторингі «бағдаршамдар» (жасыл, сары, қызыл) жүйесінің көмегімен жүзеге асырылды.

Келесі параграфтарда біз ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көшбасшылық дағдыларды дамыту және мәдениетті арттыру бойынша 2022 жылы орындалған іс-шараларды, сондай-ақ жол қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі жоспардың іс-шараларын сипаттаймыз. Қоршаған ортаны қорғау, өндірістің тұтастығы, қауіп-қатерлерді басқару және денсаулықты қорғау туралы ақпарат есептің тиісті тарауларында берілген.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көшбасшылық және мәдениет

2022 жылы ҚТ корпоративтік мәселелер жөніндегі бөлім ҚТ саласындағы көшбасшылық пен мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыра бастады, соның ішінде тәлімгерлік басты назарда болды. Бұл бағдарлама қауіп-қатер деңгейі жоғары жұмыстарға тартылған, қарамағында жұмыскерлер тобы бар және рөлі объектідегі қауіпті факторлардың алдын алатын немесе азайтатын тосқауылдардың жұмысын қолдау болып табылатын КПО мен мердігерлік ұйымдардағы басшыларына арналған. Оқыту сессияларын бастамас бұрын бағдарламаны іске асыру жөніндегі топ объектілерде іріктелген кандидаттарға «Тәлім беру, әрекеттесу және араласу» бойынша оқыту курсын ұйымдастырды.

  • Атап айтқанда, ГКДҚ-3 және ГКДҚ-2 объектілерінде 14 тікелей жетекшіге арнап 108 жеке практикалық сессия өткізілді.
  • 2022 жылғы шілдеден бастап КПО жобаларды жүзеге асыру директоратының мердігер ұйымдарының 12 шеберіне арнап 33 жеке сессия өткізілді, бұл оқыту курстары 2023 жылы да жалғасады.
  • «ККС-Сичим», «Сырласу», «Қазкаргоэкспесс», «КарИнфраСтрой» мердігер ұйымдарының нұсқаушыларына арнап жыл бойы бірнеше сессия өткізілді.

КПО-дағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы мәдениет деңгейін анықтау мақсатында бірқатар бағалау шаралары жүргізілді: екі рет компания қызметкерлері компания ішінде бағалау өткізді (наурызда және желтоқсанда) және оған қоса үшінші тараптар мен операторлар да бағалау өткізді (шілде мен тамыз айларында). ҚТ мәдениетінің деңгейін бағалау нәтижесі: 80 % – есепке алынатын деңгей (бізде барлық қауіптерді басқаруға арналған жүйелер бар). Бағалау нәтижесінде жақсартуды қажет ететін келесі бағыттар анықталды:

  • «Біртұтас ұжым» ұстанымы (КПО мен мердігерлік ұйымдар),
  • араласу және қауіптер/оқиғалар туралы хабарлау,
  • қауіп-қатерге үйреніп кету,
  • қауіпсіздік техникасы үшін жауапкершілік,
  • қарым-қатынас орнату дағдылары,
  • қауіп-қатерлер мен қауіпті жағдайларды түсіну.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру құралдары

КПО-да қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қамтамасыз ету негізгі басымдық болып табылады. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қызметтерінің бірлескен жұмысының арқасында 2022 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияны жақсарту жөніндегі барлық жоспарланған іс-шаралар мен науқандар 100 % орындалды.

Тоқсан сайын ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша викторина жүргізілетін болды. Онда әр қызметкер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ туралы негізгі білімін тексеріп, сыйлық ұтып ала алады. Сонымен қатар, түрлі өзекті мәселелер туралы ақпарат беретін және түрлі нұсқаулар беретін күн сайын экран бетіне шығатын хабарламалар мен әлсін-әлсін шығарылып тұратын «ҚТ бойынша қысқаша ақпарат» арқылы қызметкерлерді дереу хабардар ету және білімін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілді. Жыл бойы әртүрлі тақырыптарды қамтыған 19 ҚТ бойынша қысқаша ақпарат шығарылды: оқиғалар туралы хабарландырулар, араласу, жол қауіпсіздігі, табиғатқа қамқорлық және т.б.

«Өмірлік маңызы бар ережелер – жұмысты орындауға рұқсат» және (3 647 жұмыскер өтті) және «ҚР жаңа Экологиялық кодексі, КПО «жасыл» тұжырымдамасына көшу» (3 985 жұмыскер өтті) атаулы екі тақырып бойынша электрондық оқу курстары әзірленді.

2022 жылдың шілдесінде оқиғалар туралы дер кезінде хабарлаудың маңыздығына назар аударту мақсатында компания мен мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен «Оқиғалар туралы хабарлау» тақырыбында ҚТ бойынша кезектен тыс жиналыс өткізілді. Уақтылы хабарланбаған өмірде болған нақты жағдайлар және олардың арты қандай жағымсыз салдарға апарғаны талқыланды.

Сонымен қатар, компаниядағы жүргізушілерге арналған жалпы жиналыс өткізіліп, қауіпсіз сапарларды дұрыс жоспарлау және жол жүру қауіпсіздігінің негізгі ережелері талқыланды. Бұл жиналыс барысында қауіпсіздік белдігін пайдалану, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану, шектеулі жылдамдықтан аспау және т.б. осы сияқты өмірлік маңызы бар ережелерді сақтау маңыздылығы айтылды. Презентация материалына қоса бейнеролик түсіріліп, шара барысында көрсетілді.

Көптеген жылдар бойы коммуникацияның ажырамас бөлігі болып келген шара – жыл сайынғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ форумы. 2022 жылдың желтоқсанында КПО мердігер ұйымдармен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша «Тиімді жұмыс мәдениетін қалыптастырудағы басшының рөлі» тақырыбында кезекті форум өткізді. Форумға КПО мен мердігер ұйымдардың жоғары буын басшылары қатысты. Форумның мақсаты – Қарашығанақ кен орнындағы еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру, оның ішінде қауіпсіздік техникасы, көлік жүргізу, психикалық денсаулық және қызметкерлердің экологиялық түйсігіне қатысты мәселелерді бірлесіп талқылау және оларға шешім іздеу. Форум барысында топтық интерактивті сессиялар, топтық тапсырмалар, сауалнамалар мен квесттер өткізілді. Мұндай жаттығулар қалыптасқан мінез-құлық аспектілері мен мәдени сенімдердің себептерін жан-жақты талдауға, сондай-ақ оларды жақсарту және алдын алу шараларын жоспарлауға ықпал етті.

Жұмыс учаскелерінде басшылықтың болуы

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жалпы көрсеткіштерін қадағалау және басшылықтың жергілікті жұмыс алаңындағы қызметкерлермен өзара әрекеттеуін қамтамасыз ету мақсатында КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерістер өткізеді. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексеріс екі деңгейде орындалады: орта буын басшыларының аралап тексеруі және КПО директорларының/басқарушыларының және мердігерлік ұйымдардың қатысуымен жоғары басшылықтың аралап тексеруі.

2022 жылы жоғары басшылық ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша жалпы саны 204 тексеріс өткізді (91 тексеріс өткізу жоспарлаған болатын, яғни жоспар 224 %-ға асыра орындалды), ал орта буын басшылары 1 013 тексеріс өткізуді жоспарлап, іс жүзінде 924 тексеріс өткізді (жоспар 91,5 %-ға орындалды).

Жол қауіпсіздігі

Жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша тұрақты көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатында КПО ЖҚ жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын іске асыруды жалғастыруда. 2022 жылы компания жоспардағы іс-шаралардың 90 %-н орындады.

2022 жылы ЖҚ бойынша жеткен негізгі жетістіктер/орындалған іс-шаралар:

  • 2022 жылдың аяғында ЖКО жиілігі 0,00 (қатарынан үшінші жыл) құрады;
  • ISO 39001: Жол қозғалысының қауіпсіздігін басқару жүйесі – сәтті сертификаттаудан өтті (ешбір сәйкессіздік табылған жоқ);
  • КПО және мердігер ұйымдарда жұмыс істейтін 286-дан астам жүргізушінің құзыреттігі (жүргізу дағдыларын) бағаланды. Олардың арасында кездейсоқ таңдалғандары да болды, сонымен қатар қауіп-қатерді талдау нәтижелері негізінде, мысалы, КБЖ-ден шығатын RAG есептерді, көлік құралының түрі, тасымалдайтын жүк түрі, жүріп өткен қашықтығы негізінде таңдалғандары да болды;
  • ЖҚ бойынша көрсеткіштері ең төмен 13 мердігер ұйымдардағы ЖҚҚ қамтамасыз етудің тиімділігі тексерілді;
  • КПО мен мердігерлер жүргізушілері үшін қыста көлік жүргізуге байланысты қауіптерге, соның ішінде жолда жануарлармен соқтығысу қаупіне қатысты кезектен тыс жиналыс өткізілді;
  • КПО-ның апаттық әрекет ету және денсаулық сақтау бөлімдерінің қатысуымен апатты ЖКО бойынша оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды;
  • КПО мен мердігер ұйымдардың көлік құралдарын тексеру процедурасы жаңартылды;
  • Негізгі маршруттарға қатысты КПО жолдағы қауіп-қатерлерді бағалау құжаты жаңартылды (жаңа қауіптер, қауіп-қатерлер, бақылау шаралары, жаңа формат) және КПО Интранетіне жүктелді.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен және халықпен өзара іс-қимыл шеңберінде КПО ЖҚ жақсарту мақсатында 2022 жылы келесі іс-шараларды өткізді/қатысты:

  • Бөрлі ауданының әкімдігімен, жол полициясымен және жергілікті фермерлермен қараусыз жүрген бұратана үй жануарлары мәселесі бойынша кездесу өткізілді. Нәтижесінде осы мәселені шешу үшін жоғарыда аталған өкілдер қосылған WhatsApp тобы құрылды. Сондай-ақ, қараусыз кезіп кеткен жануарларды кен орны аумағынан айдап әкету мақсатында аумаққа кіретін фермерлерге арнап көлікті қауіпсіз жүргізу, күкіртсутектен қорғау бойынша курстар ұйымдастырылды, оларға тыныс алу органдарын қорғау құралдары берілді және олардың көліктері тексеруден өтті.
  • Үй жануарларымен байланысты ЖКО болдырмау мақсатында егістікке апаратын жалпы пайдаланудағы жолдарға 10 үй жануарларының манекені орнатылды;
  • Әкімдікке 15 баланың манекені табысталып, олар Ақсай қаласындағы орта білім беретін мектептердің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде орнатылды;
  • 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ақсай қаласының балаларына арнап жолдағы қауіпсіздік бойынша хабардарлықты арттыру бойынша шара ұйымдастырылды, түрлі сайыстар мен естелік сыйлықтар табысталды;
  • Жаңа оқу жылының басында Бөрлі ауданының орта білім беретін мектептерінің 1-сынып оқушыларына жарық шағылыстыратын жолақтары бар және ЖҚ бойынша негізгі ережелер жазылған ауыстыратын аяқ киім салуға арналған сөмкелер берілді;
  • «Ақсай» радиосында келесі тақырыптарға арналған ЖҚ бойынша жаңа аудиороликтер эфирге шықты: «жолдағы жануарлар» және «жүргізушінің көзінен таса қалатын аймақтар»;

Ақсай қаласында ЖҚҚ тақырыбындағы баннерлер жаңартылды.