КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022
Бұл біз үшін неге маңызды?

Ауаның ластануы адам денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етеді, экономикалық дамуды қиындатады, биоәртүрліліктің төмендеуіне әкеледі, климаттың өзгеруіне ықпал етеді және өмірге маңызды қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. БҰҰ-да ауаның ластануы адам денсаулығы мен жер шарына негізгі қауіптердің бірі ретінде танылды.

КПО өнеркәсіптік кешенін пайдалану сөзсіз атмосфераға ластаушы заттардың бөлінуімен байланысты. Ластаушы заттар технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде түзіледі: газ және конденсатты өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау. Шығарындыларды азайту, қалдықтарды жою және жаңа технологияларды қолдану компанияның күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелер болып қала береді. Компанияның бұл тұстағы мақсаты – өзінің қызметінен туындаған теріс әсерді барынша азайту.

Атмосфераға тасталатын шығарындылар

КПО компаниясы атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын қоршаған ортаға әсер ету рұқсатында белгіленген нормативтер негізінде басқарады.

Нормативтерге сәйкестігін бақылау үшін компанияда өнеркәсіптік шығарындыларға мониторинг жүргізіледі. КПО объектілерінде шығарындылар атмосфераға негізінен шикі газды және құрамында қоспасы бар суқойма сұйықтықтары алауларда жағудан, турбиналарда, пештер мен қазандықтарда отын газын жағудан, дизель-генераторларда дизель отынын жағудан түседі. Жанудың негізгі өнімдері: күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксидтері.

Компаниядағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі.

18-сызба. Атмосфераны негізгі ластау көздері бойынша 2022 жылғы КПО ластаушы заттар шығарындыларының жіктелуі
31-кесте. Шығарындыларды басқару саласындағы міндеттеріміз

2022 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2022 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2023 жылға қойылған міндеттер

2022–2025 жылдарға арналған ПГ шығарындыларына квота алу үшін нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және тексеруден өту.

2022–2025 жылдарға арналған ПГ шығарындыларына квота алу

Орындалды

2022–2025 жылдарға арналған ПГ шығарындыларына квота алу үшін нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және тексеруден өту.

2022–2025 жылдарға арналған ПГ шығарындыларына квотаны есептеу үшін деректерді уақтылы ұсыну.

 

 

Жаңа міндет

 

ҚӨК пештерінен шығатын газдарды тазартудың қосымша тиімді қондырғылары бойынша талдау және зерттеулер жүргізу

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылғы атмосфераға тасталатын шығарындылардың жалпы көлемі 8 % төмендеп, 5 236 мың тоннаны құрады. 2022 жылы шығарындылардың ұлғаюы ҚМГКК объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және компанияның жауапкершілік аймағына ҚР жаңа Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес мердігер ұйымдардың шығарындыларын енгізуге байланысты. 33-кестеде 2020–2022 ж.ж. рұқсат етілген және нақты шығарындылар бойынша ақпарат көрсетілген.

32-кесте. 2020 – 2022 жылдарға арналған шығарындылардың рұқсат етілген және нақты көлемі

Ластаушы заттар шығарындыларының жылдық көлемі, тоннамен:

2022

2021

2020

Эмиссияларға рұқсат бойынша:

12 005

13 219

17 527

Нақты, оның ішінде:

5 236

4 798

7 591

Азот оксидтері (NO)

1 182

1 197

1 637

Күкірт диоксиді (SO2)

2 143

1 989

3 315

Көміртегі диоксиді (CO2)

1 142

1 039

1 145

Ұшпа органикалық қоспалар

534

452

1 352

Күкіртсутек (H2S)

3

3

3

Қатты бөлшектер

198

71

74

Басқалары

34

47

65

Ескерту: Шығарындылар көлемі туралы деректер «2-ТП ауа» статистикалық есептер деректеріне сәйкес берілген.

КПО-да ластаушы заттардың шығарындыларын есептеу рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасында айқындалған және ҚР-да қолдануға ұсынылған әдістемелер бойынша жүзеге асырылады.

19-сызба. 2020–2022 жылдардағы көмірсутек өндірісі және ластаушы заттар шығарындыларының көлемі

2022 жылы өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы меншікті шығарындылар көлемі өндірілген мың тонна көмірсутектің (КС) 0,19 тоннасын құрады. 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы шығарындылардың елеусіз өсуі жоғарыда сипатталған себептерге байланысты нақты шығарындылардың 8 % өсуімен байланысты.

Газды алау қондырғыларында жағу

Газды алауда жағу көлемін азайту КПО-ның негізгі міндеттемелерінің бірі болып қала береді.

2022 жылы газды алауларда жағудың жалпы көлемі өндірілген жалпы газ көлемінің 0,07 % (2021 жылы 0,06 %) немесе өндірілген көмірсутек шикізатының мыңдаған тоннасына шаққанда 0,42 тоннаны құрады. Жағу нәтижесіндегі шығарындылардың мұндай қарқыны, 2021 жылғы IOGP есебінде көрсетілгендей, әрбір мың тоннаға 8,0 тоннадан келген әлемдік орташа өнеркәсіптік көрсеткішпен және әрбір мың тоннаға 2,4 тоннадан келген орташа еуропалық көрсеткішпен салыстырғандағы өте жоғары өндірістік көрсеткіштердің белгісі болып табылады. Бұл мұнай және газ өндіру жөніндегі әлемдік және еуропа кәсіпорындарының арасында осы көрсеткіш бойынша КПО-ның өте жоғары деңгейін растап, Қарашығанақты газды кәдеге жарату көрсеткіші бойынша Қазақстандағы жетекші мұнай-газ конденсатты кен орындарының қатарына шығарады. 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы газды жағу көлемінің шамалы өсуі алауда газды жағумен ұштасатын ЖЖЖ кезіндегі толық тоқтаумен, сондай-ақ ГКДҚ-2-де жаңа ЖҚ алауын іске қосу-баптау және пайдалануға берумен байланысты болды.

20-сызба. 2020–2022 жылдары алауда жағылған ілеспе газ көлемі, млн. м3

Газды кәдеге жарату

Заңнама талаптарына сәйкес КПО шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын әзірлеп, бақылаушы органдарында бекітеді.

2022 жылғы КПО-ның газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,93 % (ал 2021 жылы – 99,94 %) құрады. Бұл ретте, 2022 жылға арналған Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасы шеңберінде ҚР уәкілетті органымен бекітілген мақсатты көрсеткіш 99,82 % құрайды.

21-сызба. 2022 жылғы газды кәдеге жарату және жағу.

Парниктік газдар

Парниктік газдардың тікелей шығарындылары

Компаниядағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі. КПО шығарындылардың меншікті коэффициенттері (бенчмарк) негізінде 2022 жылы көлемі 2 334 396 тонна болатын парниктік газдар (СO2) шығарындыларына квота алды. 2022 жылы жалпы нақты шығарындылар көлемі СO2 1 828 569 тоннасын, яғни алынған квотадағы көрсеткіштің 78 % құрады.

ПГ шығарындыларын есепке алу көміртек диоксиді (СO2), метан (СН4) және азоттың шала тотығы (N2O) бойынша есептеу әдісімен мекеме қызметі туралы мәліметтер (жанармай шығысы және жанармай құрамы бойынша зертханалық мәліметтер) негізінде жүргізіледі.

2022 жылға арналған ПГ шығарындыларын түгендеу туралы расталған есебіне сәйкес ПГ шығарындыларының жалпы көлемі СO2 эквивалентінде 1 851 066 тоннаны құрады, оның ішінде СO2 үлесіне қатысты 1 828 569 тонна СO2-экв. (98,8 %), CH4 үлесіне – 13 852 тонна СO2-экв. (0.7 %), ал N2O үлесіне – 8 645 тонна СO2-экв. (0,5 %).

ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы туралы ақпарат 34-кестеде берілген. 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда ПГ жалпы шығарындыларының шамалы өсуі (5,6 %-ға) 4 газды кері айдау компрессорларын іске қосумен байланысты болды.

33-кесте. КПО өндірістік қызметінің салдарынан ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы, 2020–2022 жж

Парникті газ шығарындыларының жалпы көлемі (СO2 эквивалентінде, тоннамен)

Отынды тұрақты көздерде жағудан

Отынды алаулар мен инсинераторларда жағудан

Ұйымдаспаған шығарындылар

2022 жылғы ПГ жалпы шығарындылары

2021 жылғы ПГ жалпы шығарындылары

2020 жылғы ПГ жалпы шығарындылары

1 696 538

143 093

11 435

1 851 066

1 745 768

1 821 604

Парниктік газдардың меншікті шығарындылары

2022 жылы өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы бойынша ПГ меншікті шығарындылары 66 тонна СO2 құрады, бұл 2021 жылғы осындай көрсеткіштен 4,5 %-ға төмен. 21-сызбада КПО ПГ меншікті шығарындылар динамикасы Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығымен берілген меншікті шығарындылар көрсеткіштері салыстырылған. КПО ПГ нақты меншікті шығарындылар деңгейі еуропалық көрсеткіштер деңгейінен 15 %-ке, ал халықаралық көрсеткіштер деңгейінен 44 %-ке төмен болды.

22-сызба. Көмірсутек шикізаты өндірісінің бірлігіне шаққандағы ПГ меншікті шығарын­ды­ларының динамикасы*, 2020–2022 жж.

* Деректер көзі ретінде Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жыл сайынғы «Экологиялық нәтижелілік көрсеткіштері бойынша 2021 жылғы деректер» есептері алынды. 2022 ж. салыстыру үшін 2021 жылғы ақпарат қолданылды, себебі осы басылымды шығару кезінде IOGP 2022 жылғы есебі әлі дайын болмаған.

Парниктік газдардың жанама шығарындылары

2022 жылы импорттық электр энергиясын тұтыну нәтижесінде пайда болатын ҚМГКК-дегі парниктік газдардың жанама шығарындылары елеусіз бөлігін (0,1 %) құрайды, өйткені компанияның негізгі мақсаты кен орнының барлық өндірістік кешенін және жақын маңдағы елді мекендерді өз электр энергиясымен қамтамасыз ету болып табылатын газ турбиналы электр станциясы бар.

Бұл шығарындылар есепке алынбайды және Қазақстан Республикасының ПГ шығарындыларының ішкі квота жүйесі шеңберінде есептілікке енгізілмейді. Олар туралы ақпарат тек құрушы компаниялардың есептерінде ұсынылады. 2022 жылы КПО-да ПГ жанама шығарындыларының көлемі 1 802 тонна СO2 құрады.