Мунай мен газ өндiру операторын дайындау бағдарламасы

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) «Мұнай мен газ өндіру операторы» мамандығына кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша оқытуға тағылымгерлерді қабылдайтынын хабарлайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Жоғары немесе орта техникалық білім («Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша);
  2. Соңғы 12 айда Батыс Қазақстан облысында тіркелген болу;
  3. Қазақстан Республикасының азаматы;
  4. Бағдарлама мақсаты мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ ЖОО мен колледж түлектерін дамыту және жұмысқа орналастыру болғандықтан үміткердің жасы 32-ден аспаған болуы керек;
  5. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін КПО-да оқуға және жұмыс жасауға дайын болу.

Талаптарға сай келетін үміткерлерге бірнеше кезеңнен (тесттер) және сұхбаттан тұратын кешенді іріктеу жүргізіледі. Тест тапсыру және сұхбат өту күндері әр үміткерге жеке хабарланатын болады.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды 01/08/2022 және 15/08/2022 аралығында kpograduates@kpo.kz жіберуді сұраймыз. Хат тақырыбында «Мұнай мен газ өндіру операторы» деген бағдарлама бағыты көрсетілу тиіс.

Барлық құжаттар жиынтығын ұсынған және жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сай келетін алғашқы 150 үміткер тесттен өтуге шақырылады. Тесттің өту күні, уақыты мен орны туралы ақпаратпен қоса тесттен өтуге шақыру түйіндемеде көрсетілген электрондық поштаға (email) жіберіледі.

Бағдарламаға 22 тағылымгер іріктеліп алынады. Іріктеуге қатысу өтініштері көрсетілген құжаттардың толық жиынтығы ұсынылғанда ғана қарастырылады

Іріктеу кезеңіне қатысу үшін үміткерлер келесілерді тапсыру қажет:

  • Түйіндеме (қолданыстағы электронды мекенжайы мен ұялы телефон нөмірі көрсетілген);
  • Жеке куәлігінің көшірмесі;
  • БҚО-да тіркелгенін растайтын e-gov порталынан алынған cкриншот (тіркелген күні көрсетілген);
  • Дипломның және қосымшасының көшірмесі.

Кәсіби дайындық бағдарламасы Ақсай қаласында өтеді. Бағдарлама мерзімі 10 айдан астам және оқыту аптасына 6 күн жүргізіледі. Кәсіби дайындық өту кезінде тағылымгерлерге ай сайын шәкіртақы беріледі.

Бағдарламаны сәтті аяқтаған тағылымгерлерге сертификат беріледі және КПО компаниясында жұмыс жасау ұсынысы түсу мүмкін.