КПО «WestKazInvest-2022» халықаралық инвестициялық форумына қатысты

ОРАЛ, Батыс Қазақстан облысы, 2022 жылғы 23 қыркүйек — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген «WestKazInvest-2022» халықаралық инвестициялық форумына қатысты.

 

Форумға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, Батыс Қазақстан және Еділ өңірінің бизнес-қоғамдастығының өкілдері, инвесторлар, халықаралық қаржы ұйымдары, елшіліктердің өкілдері және тағы басқалар қатысты.

 

Форумның негізгі мақсаттары — Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетін көрсету, тауашалы жобалармен таныстыру, жаңа өндіріс орындарын жергіліктендіру, Батыс Қазақстан облысында шетелдік үлесі бар бірлескен кәсіпорындар ашып, бизнесті табысты жүргізу үшін сауда және экономика саласында байланыстар орнату және бизнеске қолайлы ахуал жасау.

 

КПО компаниясы шара аясында БҚО кәсіпорындарының көрмесіне және «Мұнай-газ секторына салынған инвестициялар» атаулы панельдік сессияға қатысты, онда КПО-ның Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамтуды дамыту жолында жеткен жетістіктері мен алған қойған жоспарлары баяндалды. Компания өкілдері форумға қатысушыларға қарата айтылған сөздерінде Қарашығанақ кен орнын игеру жобасында қазақстандық өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуын арттыру КПО үшін басым міндет екенін баса атап өтті.

 

КПО-ның осы бағытта атқарып жатқан жұмысы өзінің сүбелі нәтижелерін де беріп үлгерді. 2022 жылдың бірінші жартысында КПО қазақстандық компаниялармен жалпы сомасы 454 млн. АҚШ долларын құрайтын келісімшарттар жасады, бұл барлық жасалған келісімшарттардың жалпы құнының 98%-ын құрайды. Сан жағынан алсақ, бұл жалпы 170 келісімшарттың 145-ін құрайды.

 

КПО бірегей жабдық шығарушы компаниялармен жергіліктендіру бойынша тоғыз жол картасына және бірегей емес өндіріс санатындағы импортталатын тауарларды жергіліктендіру бойынша үш жол картасына қол қойды.

 

Бүгінгі таңда КПО серіктес компанияларының Қарашығанақ жобасын игеруге салған инвестицияларының көлемі 29 миллиард АҚШ долларынан асып, ал жергілікті қамтуды дамытуға салынған инвестициялардың жиынтық үлесі 9.06 млрд, АҚШ долларын құрағаны атап өтілді.

 

Алдын ала есептеулерге сүйенсек, КПО-ның жергіліктендіру бойынша жоспарлары экономиканың нақты секторына қосымша инвестициялар тартады және жүздеген жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

 

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі