КПО 2022 жылғы жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталғаны туралы хабарлады

АҚСАЙ, Батыс-Қазақстан облысы, 23 қазан 2022 ж. — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы 2022 жылғы жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарының (ЖЖЖ) сәтті аяқталғаны туралы хабарлады.

КПО бас директоры Джанкарло Рую «Мен Қарашығанақ кен орнында өндірістің қауіпсіз және сәтті орындалған ЖЖЖ кейін қайта іске қосылғандығы туралы хабарлауға қуаныштымын. Барлық жоспарланған жұмыс көлемі орындалды, бұл активтердің тұтастығын, өндіріс өнімділігін және жабдық сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді» деді.

Жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өнімді жинау жүйесі, Қарашығанақ өңдеу кешені (ҚӨК), ГКДҚ-2, ГКДҚ-3 және Атырау және Үлкен Шағандағы өнім тасымалдаушы нысандарымыз толықтай тоқтатылды.

Жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарына тәулік бойына 12 мыңға дейін адам жұмылдырылып, жасалған адам-сағаттардың жалпы саны 2,135 миллионға жуықтады.

КПО қызметкерлерінің тұрақты бақылауымен жұмыстар қауіпсіз жүргізілді, ірі және қоршаған ортаға залал келтіретін оқиғалар болған жоқ.

Жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстары басталар алдында 80-ге жуық мердігердің қатысуымен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша ауқымды оқыту бағдарламасы әзірленіп, оны КПО оқыту орталығы жүзеге асырды. Сонымен қатар, КПО басшылығы компанияның қауіпсіздік мәселесіне жоғары бейілділігін көрсету және оған көпшілікті жұмылдыру үшін 3-деңгейлі 1814 ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ инспекциялар және 88 ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерулер жүргізілді.

ЖЖЖ барысында келесі жұмыс түрлері сәтті аяқталды:

  • Заңда көзделген міндетті техникалық қызмет көрсету және тексерулер;
  • Алдын алу және түзету жөндеу жұмыстары;
  • Жабдықтарды модификациялау;
  • Активтер тұтастығына қатысты жобалар;
  • ҚКЖ 1А жобасының оймалары;
  • 6-шы магистралды желі жобасының оймалары.

Барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде және қауіпсіз орындалды.

«Биылғы күрделі жөндеу КПО тарихында ең ірі жөндеу жұмыстарының бірі болды. Жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарының мерзімінен бұрын және қауіпсіз орындалуы — бір команда болып қызмет еткен барлық КПО және мердігер қызметкерлердің бір-біріне жоғары деңгейде қолдау көрсетуінің нәтижесі деп білемін» — деп қосты Джанкарло Рую.

КПО-ның күрделі жөндеу жұмыстары стратегиясы қауіпсіз, үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуге, ҚР нормативтік талаптарына сәйкестікке және өндірістік көрсеткіштерді арттыруға бағытталған. Мұның бәрі Қарашығанақ кен орнының өндірістік көрсеткіштерін оңтайландыруға әкеледі.

КПО Корпоративтік байланыстар бөлімі