«Шеврон» делегациясы Қарашығанаққа іссапармен келіп кетті

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы,  2022 жылғы​ ​22 қараша — «Шеврон Интернэшнл Петролиум Компани» компаниясының басшысы Бретт Кули бастаған «Шеврон» корпорациясының делегациясы Қарашығанақ кен орнындағы ағымдағы өндірістік қызметпен танысу үшін «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясына іссапармен келіп кетті.

Сапар барысында мәртебелі қонақтар кен орнының негізгі өндірістік нысандарын (ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, ҚӨК), сондай-ақ Қарашығанақты кен орнын кеңейту жобасының 1Б кезеңінің алаңдарын аралап шықты.

КПО-ға келудегі мақсаттардың бірі жұмыс алаңындағы компания жұмыскерлерімен кездесіп, жеке және технологиялық қауіпсіздікті сақтау мәселелері туралы сөйлесу болды.

«Шеврон» делегациясына КПО тарапынан бас директор Джанкарло Руюмен бірге, корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі басқарушы Фидан Трауфеттер, кен орны бастығы Карл Шмитд, жобаларды жүзеге асыру жөніндегі директор Оскар ван дер Вейде, Қарашығанақты кеңейту жобасының 1-кезеңін жүзеге асыру жөніндегі бөлім бастығы Энтони Саттон қосылып, өндірістік нысандарды бірге аралады.

Қонақтар Қарашығанақты игерудің қазіргі кезеңіндегі КПО жұмысына жоғары баға беріп, бүкіл ұжымның алдағы істеріне табыс, жұмыстарының қауіпсіз болуын және қызметте жаңа жетістіктерге жетуін тіледі.

КПО корпоративтік мәселелер бөлімі​