«Шелл» делегациясының Қарашығанаққа сапары

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы,  2022 жылғы​ ​23 қараша​ — «Шелл» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юйнович бастаған «Шелл» делегациясы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясына келіп кетті .

Сапардың негізгі мақсаты компанияның негізгі өндірістік нысандарын аралау және кен орнындағы негізгі қызметтерді атқаратын адамдармен танысып, жеке және технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көңіл бөлу болды.

Кездесу барысында КПО бас директоры Джанкарло Рую компанияның ағымдағы өндірістік қызметі туралы баяндап, қонақтарды алдағы жылдарға арналған Қарашығанақ жобасын игеру стратегиясымен және модельдерімен таныстырды. Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасының 1Б кезеңін (ҚКЖ-1Б) жүзеге асыру бойынша бөлек презентация көрсетілді.

Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) аумағын аралау барысында «Шелл» өкілдері сұйық көмірсутектерді өндіру мен дайындау процестерін автоматты басқару жүзеге асырылатын орын — Негізгі басқару бөлмесімен танысты.

Сапарларының соңында делегация мүшелері КПО б.в. компаниясының ағымдағы жобаларды іске асыру жолындағы жетістіктеріне оң бағаларын беріп, компанияның барлық жұмыскерлеріне жұмыстарының табысты болуын тіледі.

КПО корпоративтік мәселелер бөлімі​