«Эни» делегациясы Қарашығанаққа іссапармен келді

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы,  2022 жылғы​ ​27 қараша​ — «Эни» компаниясының Америка мен Еуразия аймақтары бойынша басшысы Фабио Кастильони бастаған «Эни» делегациясы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясына (КПО) келді.

 

Сапардың негізгі мақсаты — ақпарат алмасу және компанияның ағымдағы өндірістік қызметімен танысу. Сапар барысында «Эни» делегациясы Қарашығанақ кен орнының өндірістік нысандарын аралап, қауіпсіздік техникасы бойынша әдістемелердің, стандарттар мен процедуралардың өндірісте қолданылуының практикалық мысалдарымен танысты.

 

КПО басшылығымен кездесу кезінде «Эни» компаниясының басшылығына өндірістік қызметтің нәтижелері, атқарылып жатқан жұмыстар мен компанияның «КПО-365» стратегиясын іске асыру аясындағы алдағы жоспарлары туралы толық ақпарат берілді.

 

КПО корпоративтік мәселелер бөлімі​