ҚазРусEng
Алға қозғалыс энергиясы: Италияда өндіру және кәсіпшілік ету

1-ші қараша, 2010 жыл, Казахстанская Правда

Людмила Корина, Орал-Милан-Oрал

 

Мұнай саласындағы ен үлкен және әйгілі мекеменің бірі болып саналатын Эни серіктестігі Италияға қазақстандық журналистерді пресс-тур ретінде үнемі жіберіп тұрады. Энидің Италияға журналистерді жіберудің себебі, ең біріншіден мекеме қызметінің ашықтығын көрсету болды.

Энидің міндетті қағидасы мекеменің ішінде басты дамыту бағыттары туралы жан-жақты  мәлімдеме беру және оның шетел әріптестермен қандай қарым-қатынаста болып жүргенін хабарлау.

Энидің қызмет саласы өте кең. Компанияның құрамына орасан зор мекемелер саны кіреді. Олардың кейбір саласында мыңға жуық адам істейді. Италияның қызмет әрі экономикалық орталығы Миланда энергетикалық саланың негізі басқарушылық жүйелері қалыптасқан. Қазақстанның бұқара ақпарат өкілдері Қарашығанақ жобасын бастаған бас директор Джакопо Дайнелли және жұртшылықпен байланыс департамент өкілі  Энрико Фурегатомен Миланда кездесті. Олар келіссөзді компанияның потенциалына сипаттама беруден басталды.

Бұл серіктестік дүние жүзінде ең үлкен санға кіреді. Өндірістегі негізгі күш салу салаларға көмірсутек шикізат қоймаларды барлау және өндеу жатады. Қазіргі уақытта пайдалы зат өндірудің өсуі 5% құрайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш болып табылады. Серіктестіктің негізгі мақсаты қазіргі өсу динамиканы 2-2,5% мөлшерінде сақтау.  Тұрақты қаржы көрсеткіштер мұнайгаз саласына жоғары тиімділік қамтамасыз етеді. Электроэнергия шығаруға және тасымалдауға аса үлкен тәжірибе жиналды. Баламалы энергия саласында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстар өте ауқымды болып келеді. Жаңа әрі перспективалық бағыттың бірі  биожанармай өндіру болып саналады.

Дағдарысқа қарамастан қаржыландыру деңгейі бір қалыпта сақталуда. Сонымен қатар ұзақ мерзімді жобалар көбінесе үстемді болып келеді. Қарашығанақ осындай негізгі жобалардың біріне жатады. Бұл жобаны Эни басқа мекемелермен бірге әріптесіп оның ішінде Би-Джи-Групп (Ұлыбритания), Шеврон (АҚШ) және Лукойлмен (Ресей) қосылып  дамытуда. Қарашығанақ жобасын дамыту үшін осы мекемелер Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. атты бір консорциумға бірлесті және Эниді үлесі бұл бірлестікте 32,5% құрады.

Қарашығанақтың артықшылығы оның тұтастығында. Көмірсутек қорына қарағанда бұл кен ошағы ең үлкеннің бірі деп саналады, бірақ сонымен бірге ол шағын аумақта орналасқан. Қарашығанақта мұнай саласына жаңа болып келетін технологиялар енгізіледі және қолданылады. Олардың бірі жер қабатына газды қайта енгізу технологиясы болып табылады.

Осы технологияны пайдаланғанда екі еселі нәтижеге жетуге болады. Өндіру барысында ілеспелі газды жандыру деген қажеттілік жойылады да осының нәтижесінде экологиялық көрсеткіштер жақсарады. Сонымен қоса, жер қабаттың қысымы артып, тереңдеу пайдалы зат қоймалар өңделіп, өндіріс көлемі ұлғаяды. Жаңа технологияның біріне көлденең жантайған ұңғыларды бұрғылау әдісін жатқызуға да болады.

Кен орнында шетелден келген инвесторлардың қызмет ету барысында жаңа инфрақұрылым салынды. Бұл уақытта жаңа ұңғылар құрылып, өңдеу кешені құрылып және  Қарашығанақтағы мұнайды шетел нарыққа шығаратын Каспий Құбыр Консорциумға жалғауға мүмкіндік берген жаңа құбыр салынды.  Төртінші тұрақтандыру желінің құрылысы аяқталуда. Осы құрылыстың нәтижесінде сұйық көмірсутектің өндіріс көлемі ұлғаяды.  

Жалпы айтқанда, мүлде қауіпсіз кен орын табуға мүмкін емес. Өндірушінің негізгі мақсаты қоршаған ортаға тиетін өндірістік әсерді мүмкін болғанша ең төмен деңгейге түсіру. Салыстырмалы анализ бойынша Энидің мұнай саласына жасаған инвестициялары басқа мемлекеттердегі жобалармен салыстырғанда тым жоғары. Осындай шығын өз өзі ақтайды.

Тәуекелді толық меңгеру әдісі де қарастырылған. Әлеуметтік өзгерістерді іске асыру үшін көптеген қаражат салынып жатыр. Батыс Қазақстандағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін,  ҚПО он жыл бойы он миллион доллардан жыл сайын бөліп отыр. Екі жыл бұрын бұл сома екі есе көтеріледі деген келісім жазылды. Қазіргі уақытта ең ауқымды құрылыстың бірі Орал өңіріндегі Қарашығанақ-Орал атты құбырдың құрылысы болып саналады. Жаңа құбыр желі ескі мәселенің бірін шешуге мүмкіндік береді, ол Оралдың сол жақ жағалаудағы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, сонымен қоса, табиғи газды ең алыста жатқан ауылды мекендерге жекізу.

Қарашығанақтағы жаңа әрі қымбат жабдықтарды тек білімді мамандарға тапсыруға болады. Сондықтан мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бірінші кезекті мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл мақсатты көздеу үшін оқыту әдістердің әр түрлісі қолданылады, оның ішіне ұстаздық және жоғары оқу орындарында өндірістен қол үзбей оқу кіреді. Тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етуші жергілікті іскерлер ынтымақтасуға шақырылып, осындай әріптестік ауданды тұрақты дамытуға мүмкіндік береді. Және де Батыс Қазақстанда тұрақты даму жөнінде есептемені Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. ең бірінші жариялады. 

Қазақстаннан келген делегацияға Қашағанда жүргізіліп жатқан қызмет туралы айтылды. Екі кен орында бірдей өндіріс қызметі халықаралық сапа стандарттарға сай жүріп жатыр. Тендер ашылған мезгілде ИСО-90001 және ОСО-14001 сертификаттары бар мердігершілер жұмысқа ие болу көбірек ықтимал, себебі олардың менеджмент жүйесі жоғары сапа стандарттарына лайықты.  

Осы сапалық лайықтық журналистерге Санназаро атты қалада орналасқан газ өндеу зауытында көрсетілген. Бұл мекеме 1960 жылдарының басында қалыптасқан. Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде  оның өндіру қуаты екі есе өсті. Зауытта қолданылатын жабдықтар және процестер әрдайым жетілдіруде.  Толық автоматтандырыған желілер бензин, авиацияда қолданатын керосин, дизель жанармайы, битум және мазут шығарады.  Осыған қоса синтетикалық газ жанармай ретінде газ турбина және электрикалық  станцияларында қолданылады. Зауыт тек оң түстік Италияны қамтамасыз етіп болмай, оны шетелге де сатады.

Италия мен Еуроодақ арасындағы келісім бойынша, мемлекетте қолданылатын 20% энергия жаңартылған энергия көздерінен өндірілу керек. Бұл қиын мәселені Эни компаниясына  шешуге тапсырылды деп Альфредо Палестини, Ниттуно атты қалада орналасқан «Eni Pawer» мекеменің басшысы айтты. Сонымен қоса, энергия жерден тыс аймақтан жаралған фотовальтарика атты саласында зерттеу жұмыстар Италияда 1980 ғана пайда болып сатыла басталды. Автоматтандырылған желі компьютерлік жүйемен толық меңгеріледі. Қызметшілер тексеруші функцияларды ғана атқарады. Батареяның схемасы құрастырылған әдісі оның қуатын өсіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта күн батареяларының энергиясы электрикалық желілерден алыс орналасқан елді мекендерде қолданылады, олардың көбісі жанармай құйып беретін станциялар, фермалар, қорықтар болып табылады. Әрине тұтынушы климаттың ерекшеліктерін байқайды. Соны елесе, оң түстікке қарағанда, сол түстік Италияда күн энергиясын қолданатын қалаушылар өте көп.

Баламалы энергия өндіруге дауыссыз үлкен болашақ беріледі. Компания осы мәселені өзінің перспективалық жоспарларында ескерген. Құрылған жоспарлар көбінесе өндірістік процестерді үнемі дамытып жетілдіруге және компанияның  алыстағы аймақтардағы ең маңызды мәселелерді шешуге негізделген. Мысал келтірсек, қазіргі уақытта Батыс Қазақстанда Эни газ өңдеу зауытын және газ турбиналық станциясын құру үшін техникалық және экономикалық негіздеме жетілдіріліп жатыр.