ҚазРусEng

Тұрақты даму

Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспары

2011 жылдан бері КПО “Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын (БСШЖ)” дайындайды және іске асырады, ол КПО Тұрақты даму кодексіне сәйкес өңірдегі биотүрлілікті және экожүйелік қызметтерді сақтау жөніндегі Компания қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды.

 

БСШЖ биотүрлілікті сақтау мәселесін өндірістік қызметтің ықтимал теріс әсерін, қолданыстағы заңнамалық базаны, аумақтың қазіргі жағдайын, оның сезімталдығы мен қалпына келу қабілетін, сонымен қатар түрлер мен аумақтарды болашақ үшін, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың «алу» мен «беру» арасындағы тепе-теңдігін табу үшін сақтаудың басымдылығын (жергілікті экожүйелерді сақтау) бағалау тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік беретін көп қырлы жұмыстың бөлігі.

 

БСШЖ үшін IPIECA-ның «Мұнай және газ өнеркәсібіне арналған  биотүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар нұсқаулығы» негізгі құжат болып табылады, онда жоспардың құрылымы мен оны әзірлеу жөніндегі ұсынымдар ұсынылған.

 

“Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспары” келесі міндеттерді қамтиды:

 

  • заңнама талаптарын айқындау, үшінші тараптардың пікірін реттеу, жоспарлау және есепке алу;
  • фондық/мониторингтік зерттеулер нәтижелерін және қоршаған ортаның қазіргі жай-күйін анықтау үшін қолда бар ақпаратты талдау;
  • қорғау үшін басым экожүйелерді, мекендеу орындары мен түрлерін айқындау;
  • жобаны іске асыру сатыларында биотүрлілік үшін әсерді бағалау және қауіптерді анықтау;
  • жоба аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйін мониторингтеу және қадағалау;
  • биотүрлілікті сақтау бойынша жоспарланған іс-шаралар тізбесін дайындау;
  • есептілік, мүдделі тараптармен байланыс және табиғат қорғау іс-шараларының тиімділігін бағалау.

 


Жоспар бойынша жұмыстарды орындау көлемі шеңберінде 2012 жылдан бері жануарлар мен өсімдіктер әлемін қадағалау сияқты зерттеулер түрлері орындалуда. 

 

Жануарлар әлемін мониторингілеу үш жыл сайын 17 жаяу бағыт пен 5 алаң бойынша жүзеге асырылады.  Жекелеген жануарлардың мекендеу орындарының жағдайын бағалау, сондай-ақ олардың әртүрлі жүйелі топтарының сандық және сапалық құрамын бағалау визуалды бақылау әдістерімен анықталады. 

 

Өсімдіктер әлемін мониторингілеу өткен жылдармен салыстырғанда 27 алаңда жүргізілуде. Зерттеу келесілерді қамтиды: геоботаникалық сипаттама: көптігі, фенофазасы, өміршеңдігі, антропогендік өзгеру дәрежесі. Сонымен қатар, хлоридтердің, сульфаттардың, күкірттің, нитраттардың және мұнай өнімдерінің құрамын талдау үшін өсімдік бөліктеріне мерзімді сұрыптау жасалады. Мерзімділігі - 3 жылда 1 рет.

 

 

 

Қарашығанақ - Атырау тасымалдау жүйесі (бұдан әрі ҚАТЖ) экспорттық құбыржолы Қарашығанақ кен орнын игерудің бірден бір құрылымы.  Аталмыш құбыржол 2004 жылы іске қосылған, оның ұзындығы 635,5 км.  2022 жылы КПО алғаш рет ҚАТЖ экспорттық құбыржолы бойындағы аумақ үшін 2023-2030 жылдарға арналған БСШЖ әзірлеп шықты.

 

БҚО бойынша ҚАТЖ бойындағы флора мен өсімдіктер фондық күйін, негізгі және көрсеткіш түрлері мен экожүйеге ықпал ету факторларын анықтау, сондай-ақ өсімдіктер күйі мен өсімдіктер әлемі құрылымын зерттеу алғаш рет 2023 жылы жүргізілді және 2024 жылы АО шегінде жүргізілді.

 

2011-2024 жылдары Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын орындау

2011 жылдан бері КПО  “Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарына” сәйкес төмендегі кестеде ұсынылған іс-шаралар жүргізіп келеді.

 

Кезеңі

Жыл

Зерттеулер

1

2011

2012-2013 жылдарға арналған “Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын” дайындау.

2012

Қарашығанақ кен орны аумағындағы жануарлар әлемін мониторингілеу, соның ішінде сирек кездесетін жануарлар түрлерін тіркеу.

2013

ҚМГКК әсер ету аймағындағы флораға төрт әсер ету факторы, атап айтқанда: қоршаған ортаға тасталатын шығарындылар, физикалық әсері, су тұтыну, жайылым жерлер бойынша мониторинг өткізу;

  • үш кезеңде жерсеріктен түсірілген суреттерді экожүйелердегі өзгерістерді анықтау мақсатында  талдау;
  • ҚМГКК су объектілерінің (Березовка өзені, Қоншыбай жырасы) жағалық аймақтарын картаға түсіру.

2

2014

2015-2016 жылдарға арналған “Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын” дайындау.

2015

Фаунаны мониторингілеу, соның ішінде:

  • атмосфераға шығарындыларды және топырақтағы ластаушы заттарды картаға түсіру;
  • КПО өндірістік қызметінің әсерін ескере отырып, Қарашығанақтың жануарлар әлемінің (сүтқоректілер, құстар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар) түр алуандығын зерттеу;
  • Қоншыбай жырасы және Березовка өзені аймағындағы маңызды жануарлар түрлерін, соның ішінде құндыздарды, зерттеу;
  • жануарлар әлеміне мониторингтің нәтижелері негізінде Қарашығанақ аумағында мекендейтін түрлердің деректер базасын жаңарту;

2016

Флораны мониторингілеу, соның ішінде:

  • атмосфераға тасталатын шығарындылар, физикалық әсерлер, малдың жайылуы және су алу әсері тұрғысынан өсімдіктер әлеміне мониторинг;
  • Қоншыбай жырасы және Березовка өзені маңында өсетін шілмұрттың сирек түрінің таралуын  бақылауды жалғастыру.

3

2017

IPIECA/OGP жариялаған “Мұнай және газ секторы үшін биотүрлілікті сақтау бойынша әрекет жоспарларын дайындауға арналған нұсқаулыққа” сәйкес “2018-2020 жылдарға үшін биотүрлілікті сақтау жоспарын” жасау.

 

2018

  • Жануарлар дүниесі күйінің қарқынын байқау мақсатында фаунаға мониторинг жүргізуді жалғастыру;
  • Қоншыбай жырасы және Березовка өзені аймағындағы маңызды жануарлар түрлерін, соның ішінде құндыздарды есепке алуды жалғастыру;
  • Қарашығанақ аумағындағы су қоймаларының ихтиофаунасын зерттеу.

2019

  • Сирек кездесетін маңызды түрлерді есепке алумен қоса, флора мониторингін жалғастыру;
  • Биотүрлілікті және аймақ экожүйелерінің жалпы күйін кешенді бағалау мақсатында жағалық өсімдіктер қарқынын бақылау.

2020

  • ҚМГКК аумағында омыртқасыздардың түрлік алуандығы бойынша зерттеулер (энтомофауна мониторингі);
     
  • «2021-2023 жылдарға арналған ҚМГКК аумағында биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын» дайындау.

4

2021

Негізгі және сирек кездесетін түрлерді қоса алғанда, фауна мониторингі:

  • Соңғы зерттеулермен салыстырғанда ҚМГКК қызметі нәтижесінде ластаушы заттардың эмиссияларынан туындаған экожүйелерде өзгерістер бар-жоғын анықтау.

2022

Негізгі және сирек кездесетін түрлерді қоса алғанда, флора мониторингі:

  • Бұрынғы зерттеулермен салыстырғанда ҚМГКК қызметі нәтижесінде ластаушы заттардың эмиссияларынан туындаған экожүйелерде өзгерістер бар-жоғын анықтау.

2023

  • Геоақпараттық жүйеде (ГАЖ) экожүйелер картасын құра отырып әр жылдардағы қашықтықтан зондтау деректерін дешифрлеу;
  • ҚМГКК СҚА шекараларында және іргелес аумақтарда далалық учаскелерінің кеңістікте таралу өзгерістерінің мониторингі;
  • БҚО аумағында ҚАТЖ экспорттық құбыржолының бойындағы флораны фондық зерттеу.
     

 

2024

  • Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін (өзен құндызы) тіркеуді қоса алғанда, фауна  мониторингі.
  • Березовка өзені және Қоншыбай жырасы ихтиофауна мониторингі;
  • Атырау облысындағы «ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау» экспорттық құбыржол желісі бойындағы флораға фондық зерттеулер.