ҚазРусEng

Тұрақты даму

Көшірілген тұрғындар мониторингі

КПО 2017 жылдың аяғында Березов және Бестау ауылдарынан Ақсай қаласына көшіп келген тұрғындардың мекендеу мониторингін жалғастырып келеді. Мониторинг тұрғындардан жаңа қонысқа бейімделу кезінде кері байланыс алуға және үй салушылардың кепілдікті міндеттемелерін бақылау кезінде тиісті қолдауды көрсетуге мүмкіндік береді.

2020 жылы бұрынғы Березов және Бестау ауылдарынан көшірілген тұрғындар үшін 2017 жылы салынған Аралталдағы 100 үй мен мектептің, және Ақсай қаласындағы 9-қабаттық екі үйдің мердігер құрылыс компанияларымен берілген 36 айлық кепілдік қызмет көрсету мерзімі аяқталды. Өткен жылы құбыр жалғамаларын алмастыру, балконда су кету және ішкі сылақ жұмыстарын жүргізу сияқты шамалы ақауларды жою туралы аталмыш үйлер мен пәтер тұрғындарынан 198 өтініш келіп түсті. 2020 жылдың аяғында мердігер құрылыс компаниялар ақауларды жойып, тұрғындардың өтініштері бойынша мәселелерді шешіп, кепілдік міндеттемелерді толықтай орындап шықты.

2020 жылдың көктеміндегі КВИ байланысты карантиндік шаралар кезінде Компания Бөрлі ауданының жергілікті билік органдарымен және Ақсай қаласы әкімшілігімен бірге Аралтал тұрғындары үшін азық-түлік пен көпшілік қолды тауарларды сату бойынша автодүкенді ұйымдастыруға жәрдемдесті.

Ақсай қаласы әкімінің қолдауымен 2020 жылдың қазан айында КПО-ның халықпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Ақсайдағы екі 9-қабаттық және 5-қабатты үйдің ауласын абаттандыру мақсатында Бөрлі ауданы орман шаруашылықтарынан 150 шетен, бәйтерек және қара үйеңкі көшеттерін алып отырғызды.

КПО-ның мониторинг процесіне сәйкес Ақсай қаласы және Аралталға көшірілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтар мүшелері басты назарда. КПО-ның тұрғындармен қарым-қатынас жөніндегі маманы кәрі жастағы жалғыз басты тұрғындарға көмек көрсету және мәселелерді шешуге қолдау көрсету мақсатында барып тұрады.

Қарашығанақ кен орны аумағында, және кен орны айналасы санитарлық қорғау аймағы шекарасында 18 экологиялық мониторинг станциясы (ЭМС) жұмыс істейді, сондай-ақ екі мобильді ЭМС бар. КПО атмосфералық ауаны экологиялық мониторинг жүйесі бойынша толық ақпарат «Жергілікті халықтың денсаулығына теріс әсерді төмендету» сілтемесінде берілген.