Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Әлеуметтік жауапкершілік
- /
- Жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас
- /
- Көшірілген тұрғындар мониторингі
- /
- Березов және Бестау ауылдары тұрғындарын көшіру
Березов және Бестау ауылдары тұрғындарын көшіру OG-12
2015 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі КПО-ның өндірістік кешендерінің болашақ дамуын қолдау мақсатымен, мұнай-газ конденсаты кен орнының санитарлық-қорғау аймағының шекарасын кеңіту туралы оң шешім шығарды. 2015 ж. 28 шілде айында ҚР Үкіметі кеңейтілген санитарлық-қорғау аймағының шекарасы ішінде қалған Березов және Бестау ауылдары тұрғындарын көшіру туралы Қаулы қабылдады.
Березов және Бестау ауылдарын іс жүзіндегі көшіру жобасы Қарашығанақ кен орнының жоспарлы дамуына байланысты 2017 жылдың аяғында сәтті аяқталды. Тұрғындардың көбі Ақсай қаласына және Ақсай қаласынан 5 шақырымға жуық жерде орналасқан, табиғаты жайлы Аралтал ықшам ауданына көшірілді, кейбіреулері өтемақы алды. Екі ауылды көшіру үдерісі Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі басшылығымен және КПО жақтан қаржылай қолдауымен өтті.
Көшіру екі кезеңде өткізілді. 1-кезеңде 2015 жылдың аяғында өз еркімен көшуге ниет білдірген әлеуметтік жағынан жағдайы төмен жанұялар көшірілді. Бірінші кезеңге іріктеу жүргізілген кезде мүгедектерге, Ұлы Отан Соғысы (ҰОС) ардагерлеріне, 1, 2 категориялы мүгедектерге, ауру балалары бар жанұяларға және ҚР Үкіметі бекіткен тізімдегі созылмалы аурулардың қатты түріне шалдыққан адамдарға басымдық берілді. 2015 жылдың аяғында, Березов және Бестау ауылдарының 82 жанұясы Ақсай қаласындағы екі үлкен көп қабатты үйлерге көшірілді.
Көшіру жобасының екінші кезеңі 2017 жылы аяқталды. Осы кезеңде қалған тұрғындарға көшу нұсқалары арасында таңдау жасау құқығы беріліп, олар Аралтал ықшам ауданындағы жер телімдері бар үйлерге немесе Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 ықшам ауданының пәтерлеріне көшірілді. Төмендегі сызбада тұрғындардың көшірудің екінші кезеңінде ұсынылған үш нұсқа арасындағы таңдаулары көрсетілген.
Тұрғындардың көшірудің екінші кезеңінде ұсынылған үш нұсқа арасындағы таңдаулары
Көшіру жобасы барысында тұрғындарға көшу туралы егжей-тегжейлі кеңес-ақпарат беріліп отырды. Үй иелері және қосымша иелері берілетін өтемақы мәселесін талқылау үшін жеке әңгімелерге шақыртылды.
Бөрлі әкімшілігінде тұрғындардың шағымдары мен арыздарын қарау комиссиясы құрылып, оның құрамына жергілікті билік органдары, Бөрлі ауданының маслихат депутаттары және КПО қызметкерлері енді. Бұл комиссия тұрғындардың көшу үдерісіне, соның ішінде үй-пәтерлердің бөлінуі тәртібіне және басқа да жеке мәселелерге қатысты шағымдарын қарастырды. Қойған сұрақтарына тұрғындар жазбаша жауап алды.
Көшіру жобасына қатысты арыз-шағымдарды қарастыру мақсатында КПО жергілікті халықтан түскен шағымдармен және ұсыныстармен жұмыс істеу процедурасын іске қосты. Бұл ақпарат 2015-2016 жылдары Березов пен Бестау ауыл тұрғындарымен өткізілген ашық есіктер күндері форматындағы бірнеше жиналыстарда кеңінен таратылды. Кеңес беру шараларының шеңберінде Бөрлі ауданы әкімшілігінің және КПО халықпен жұмыс жөніндегі тобының телефон нөмірлері мен басқа да байланысу бойынша ақпарат басылған парақтар да тұрғындарға үйлестірілді. Сонымен қатар, әрбір тұрғынның Бөрлі ауданы әкімдігіне хат пен арыздарды тікелей жіберу мүмкіндігі болды. Бөрлі ауданы әкімдігінің өкілдері көшірілетін қауыммен кездесіп, туындаған мәселелерді талқылауға әрдайым дайын болды.
Олардың белсенді қатысуы мен жеке көзқарастарын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы құрамына Березов пен Бестау ауылдарының тұрғындары кірген тұрғындар комитеті құрылды. 2016-2017 жылдары тұрғындар комитеті мүшелері Ақсай мен Аралталдағы жаңа үйлер салынуын бақылау мақсатымен әр ай сайын құрылыс алаңдарын аралап жүрді. Тұрғындардың осындай әрбір сапары кезінде оларды құрылыс үдерісімен таныстыру және ой-пікірлерін білу үшін олармен КПО өкілдері де жүрді. Тұрғындар комитетінің мұндай пікірлері мен сұраныстарының кейбірі ескеріліп, тиісті шаралар қолға алынды. Мәселен, Аралталдағы әрбір үйдің ауласында шаруашылық қажеттіліктерге арналған техникалық су құдығы қазылды.
Көшірілген тұрғындарға ұсынылған әлеуметтік инфрақұрылым Ақсай қаласы Қарашығанақ-1 ықшам ауданындағы 320 орынға арналған жаңа балабақша және Аралталдағы 300 балаға арналған жаңа мектепті қамтиды.