Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Биотүрлілікті сақтау
Биотүрлілікті сақтау GRI 304-1
КПО өз өндірістік қызметін биотүрлілікке және экожүйелерге барынша аз әсер тигізу міндеттемесіне сәйкес жүргізіп келеді. Сондай-ақ Компания қызмет жүргізіп жатқан аймақта биотүрлілікті зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуге жауапкершілік алған.
Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны Қазақстанның солтүстік батысындағы құрғақ далалық аймақта орналасқан және 280 км2-ден астам аумақты алып жатыр. КПО компаниясы өз қызметін шектелген ғана аумақта жүргізіп келеді, себебі жерді пайдалану бойынша ресми құқық өнеркәсіптік нысандардың, құбыр желілерінің және кен орны жолдардың астындағы жерлерге ғана рәсімделген. КПО нысандарының айналасындағы жерлер үшінші жақтың бірқатар өкілдерінің меншігі болып табылады да, олармен ғана басқарылады.
Қарашығанақ кен орнында өндірілген тұрақтандырылған сұйық көмірсутектерді тасымалдау үшін 2004 жылы Қарашығанақ-Атырау (ҚАТЖ) экспорттық құбыржолы пайдалануға берілген. Бұл тереңдетілген құбыржолдың жалпы ұзындығы 635,5 км, диаметрі 24 дюйм, ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Қарашығанақ өңдеу кешенінен (ҚӨК), Каспий теңізі жанындағы Атырау қ. дейін созылып жатыр. Екі сорғы станциясы ҚӨК мен Үлкен Шаған ауылында, және өнімді қабылдау мен сақтаудың тағы бір объектісі Атырауда орналасқан.
ҚАТЖ Батыс өңірінде орналасқан Жайық өзенін, бірқатар шағын өзендерді (Утва, Қараоба, Барбастау, Песчаная, Солянка, Бағырлай), Көшім және Сокорский каналдарын, сондай-ақ көптеген шағын суару каналдарын кесіп өтеді.
ҚАТЖ Атырау өңірінде орналасқан Бағырлай, Найза, Ақсай, Бақсай, Құрсай , Қара өзендерін кесіп өтеді.
KPO-AL-SEC-PRO-00001 «ҚМГКМ-дегі қатаң бақылау аймағы» процедурасына сәйкес ҚМГКК аумағында аң мен балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынған.
«Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспары» - экожүйелер бұзылуының және биотүрлілік қысқаруының алдын алу шараларының бірі. Аталмыш жоспар қоршаған ортаға тиетін іс-әрекеттердің және ықтимал әсердің қауіптерін бағалауға негізделген және 1.3.1.47 ESHIA стандартында және IPIECA/IOGP қауымдастықтарының “Мұнай-газ өнеркәсібі үшін биотүрлілікті сақтау шаралары бойынша нұсқаулықта” қарастырылған әдістемеге сәйкес дайындалды.
- ҚМГКК негізгі экожүйелері GRI 304-1
- ҚМГКК аумағында тіркелген флора мен фаунаның маңызды түрлері GRI 304-4
ҚМГКК негізгі экожүйелері <sup>GRI 304-1</sup>
ҚМГКК негізгі экожүйелеріне үш үлкен топ кіреді: ауылшаруашылық, дала және су және жағалау. Ал кен орнының қалған бөлігін жолдар, өндірістік нысандар, инфрақұрылым тәрізді техногендік аймақтар алып жатыр.
Ауыл шаруашылығы экожүйесі | Ауылшаруашылық және тыңайған жерлер — ҚМГКК және оған іргелес аумақтардағы экожүйелердің басым түрі. Оған дәнді дақылдар егілетін қарқынды өңделетін егіс пен тыңайған алқаптар жатады.
Тыңайған жерлер табиғи өсімдік жамылғысының арамшөптіден жусанды және дала қауымдастығына дейін қайта қалпына келуінің әртүрлі кезеңдерімен сипатталады. Табиғи дала өсімдіктерін қалпына келтірудің болжамды кезеңі шамамен 25-30 жылға созылады. |
Далалық экожүйе | Дала — ҚМГКК аумағының табиғи жағдайын сипаттайтын негізгі екі экожүйенің (далалық және жағалау) бірі. Қазіргі таңда далалық экожүйелердің таралымы әртекті, негізінде сайлар мен өзен аңғарларына, яғни жері жыртылмаған аймақтарға ыңғайластырылған.
Өсімдіктер қауымдастықтары өте бай флористикалық жиынтыққа ие және көптеген жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы болып табылады. Дала экожүйелерінде үнемі және уақытша мекендейтін орнитофаунаның едәуір әртүрлілігі байқалады.
Дала экожүйелерінің халықаралық деңгейде қысқаруына байланысты ҚМГКК аймағындағы тіпті кішігірім далалық жерлердің де табиғатты қорғаудағы маңызы зор. |
Су және жағалау экожүйелері | ҚМГКК аймағы Елек және Утва өзендері арасында ағып жатқан Березовка өзенінің алабында орналасқан.
Қоншыбай жырасын сумен екі негізгі саласы қамтамасыз етеді, олардың ішіндегі ең ірісі — Калминовка.
Жағалаудағы экожүйелер өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің, соның ішінде сирек кездесетіндердің мекендейтін орны болып табылады. |
ҚМГКК аумағында тіркелген флора мен фаунаның маңызды түрлері <sup>GRI 304-4</sup>
Флора мен фаунаның көптеген түрлері, соның ішінде халықаралық табиғатты қорғау одағының және “Қазақстанның қызыл кітабына” енгізілген түрлері, сондай-ақ сирек кездесетін түрлер Қарашығанақ кен орнында мекендейді. Осы түрлерді ескере отырып, аймақтағы іс-әрекеттерді жоспарлау және жүзеге асыру – КПО үшін өте маңызды. Дегенмен, осы түрлердің болуы немесе олардың санының өзгеруі бойынша компанияның қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әрекет-шаралары туралы пайымдау орынсыз болар еді, себебі олардың популяциясы КПО қызметіне тікелей байланысы жоқ түрлі жаһандық немесе жергілікті деңгейдегі себептерден де өзгеруі мүмкін. Осы түрлер санындағы кез-келген өзгерістерді түрлер популяциясының даму қарқынының кең контекстінде қарастыру қажет. КПО, өз жағынан, өндірістік қызметін белгілі түрлердің көбеюіне тікелей немесе жанама әсер тигізбейтіндей ұйымдастыруға тырысады. 2012 жылдан бері Қарашығанақ аймағындағы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне компанияның тұрақты бақылау жүргізуі барысында флора мен фауна өкілдерінің мекендеу ортасына КПО кызметінің қандай да бір кері ықпалы айқындалмады.
2024 жылы фаунаның негізгі түрлерінің санын бақылау аясында өзен құндызы (Castor fiber) түрлерінің саны мен мекендеу орындарына мониторинг жүргізілді.
Өзен құндызының елді мекендері (Castor fiber) бүкіл ҚМГКК аумағындағы су айдындарында және санитарлық-қорғау аймағында кездеседі. Құндыздар қоныстанған учаскелердің саны мен ауданы су объектілеріндегі су деңгейіне байланысты. 2024 жылдың көктем мезгілінде ҚМГКК аумағындағы және санитарлық-қорғау аймағындағы көптеген су қоймаларындағы су деңгейі 2021 жылдың көктем кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай көтерілді. Су деңгейінің көтерілуі құндыздардың қоныс аударуына және олардың 2021 жылы су болмаған, бұрын қараусыз қалған ескі елді мекендерге қоныстануына себеп болды.
КПО ҚМГКК аумағында тұратын құндыздар популяциясын бақылауды жалғастырады.
Флора әлемінің аса бақыланатын түрі ретінде КПО су қорғау аймағының аумағымен шектесетін сирек кездесетін түр - шілмұрт (Fritillaria ruthenica) популяциясының динамикасын есепке алады. 2022 жылы табылған шілмұрттың популяциясы тұрақты жаппай жеміс беру кезеңінде тіркелген. Түрдің жай-күйін бақылау кезінде кен орнының шілмұрттың популяциясына әсер ету белгілері табылған жоқ.
1990 жылдан 2024 жылға дейінгі зерттеу кезеңінде ҚМГКК-де тіркелген экожүйе үшін маңызды болып табылатын негізгі маңызды түрлер төмендегі кестеде келтірілген. Осы түрлердің барлығы Қарашығанақ кен орны аймағынан тыс жерлерде де кездесуі мүмкін.
№ | Түрлер | Халықаралық табиғат қорғау одағы бойынша санаты | Қазақстанның Қызыл кітабы | Жергілікті деңгейдегі сирек түрлер (Қарашығанақ кен орнында) | Тіркелген жылдары |
Гүлдейтін өсімдік | |||||
1 | Андржеевский қалампыры (Dianthus andrzejowski) | — | ҚҚК II | √ | 2008, 2010, 2015, 2016, 2019, 2022 |
2 | Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana) | — | ҚҚК III | √ | 2007, 2008, 2010, 2013, 2015, 2016, 2019, 2022 |
3 | Ашық кестежусан(Pulsatilla patens) | — | ҚҚК II | √ | 2010 , 2015 , 2016 , 2019 |
4 | Шілмұрт | — | — | √ | 2010, 2013, 2015, 2016, 2019, 2022 |
5 | Шренк қызғалдағы | — | ҚҚК III | √ | 2007, 2008, 2010, 2013, 2015, 2016, 2019, 2022 |
6 | Түкті жанаргүл (Adonis villosa) | _ | ҚҚК II | √ | 2016 |
7 | Көктемдік жанаргүл (Adonis vernalis) | _ | ҚҚК II | √ | 2016, 2019, 2022 |
8 | Фишер құссүттігені
| _ | ҚҚК III | √ | 2013 , 2016 , 2019 , 2022 |
9 | Шатыраш сепкілгүл (Fritillaria meleagris) | _ | — | √ | 2016 |
Құстар | |||||
10 | Ақбас тырна (Anthropoides virgo) | СТ | ҚҚК VІ | √ | 1990, 1991, 2003, 2004, 2005, 2008, 2010, 2015, 2016, 2018, 2021, 2024 |
11 | Кәдімгі үкі (Bubo bubo) | СТ | ҚҚК II | — | 1991 , 2016 , 2021 , 2024 |
12 | Қарақұс (Aquila heliaca) | Ә | ҚҚК III | √ | 2002 , 2003 , 2010 , 2024 |
13 | Кәдімгі көкқарға (Coracias garrulus) | ӘА | — | √ | 2001 , 2010 , 2021 , 2024 |
14 | Дала күйкентайы (Falco naumanni) | ЕТҚ | — | √ | 2004, 2015 |
15 | Безгелдек (Tetrax tetrax) | ӘА | ҚҚК II | √ | 1990-1991, 2002, 2004, 2008, 2010, 2015, 2018, 2021, 2024 |
16 | Сыбырлауық аққу (Cygnus olor) | СТ | — | √ | 2003, 2004, 2008, 2010, 2013, 2015, 2016, 2018, 2021, 2024 |
17 | Балықшы тұйғын (Pandion haliaetus) | СТ | ҚҚК I | — | 1990 |
18 | Дала құладыны (Circus macrourus) | ӘА | — | √ | 2002, 2003, 2004, 2005, 2018, 2021 |
19 | Бөктергі (Falco vespertinus) | ӘА | — | √ | 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2008, 2010, 2015, 2016, 2018, 2021, 2024 |
20 | Дала қыраны (Aquila nipalensis) | СТ | ҚҚК VІ | — | 2002, 2008, 2010, 2015, 2021, 2024 |
21 | Аққұйрық субүркіт (Haliaeetus albicilla) | СТ | ҚҚК II | √ | 2004, 2008, 2010, 2015, 2016, 2018, 2021, 2024 |
22 | Ақсары (Buteo buteo) | ӘА | ҚҚК VІ | - | 2024 |
23 | Ақбас үйрек (Oxyura leucocephala) | ӘА | ҚҚК I | - | 2024 |
Сүтқоректілер | |||||
24 | Құндыз (Castor fiber) | СТ | — | — | 2003, 2005, 2008, 2010, 2012, 2015, 2016, 2018, 2021, 2024 |
25 | Су тышқан (Desman moschata)
| Ә | ҚҚК II | √ | _ |
26 | Орман сусарысы (Martes martes)
| СТ | ҚҚК IIІ | √ | _ |
27 | Қаракүзен (Mustela lutreola)
| ӘА | ҚҚК I | √ | _ |
Бауырымен жорғалаушылар | |||||
28 | Дала сұр жылан (Vipera ursini renardii) | Ә | — | √ | 2001, 2002, 2003, 2008, 2010, 2016, 2024 |
Жәндіктер | |||||
29 | Әмірші инелік (Anax imperator) | Ә | ҚҚК II | √ | 2010 |
30 | Қысқа қанатты боливария (дәуіт) (Bolivaria brachyptera) | Ә | ҚҚК II | √ | 2010, 2020 |
31 | Далалық сколия (Scolia hirta) | Ә | ҚҚК II | √ | 2020 |
ҚАТЖ аумағында тіркелген маңызды флора мен фауна түрлері GRI 304-4
2023 және 2024 жылдары Қарашығанақ-Атырау мұнай құбыржолы бойында және оған іргелес аумақта орналасқан флораны фондық зерттеулер мен өсімдік сынамаларын алу бойынша зерттеу нәтижесінде келесі негізгі флора түрлері тіркелді: Анджевскийдің қалампыргүлі (Dianthus andrzejowski), Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana), Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii), Соғды қызғалдағы (Tulipa sogdiana), Фишер құссүттігені (Ornithogalum fischerianum), Ақ тұңғиық (Nymphaea alba) және флора әлемінің аса бақыланатын түрі ретінде шілмұрт (Fritillaria ruthenica).
2023 жылы өсімдіктер жай-күйінің түр алуандығына фондық зерттеулер жүргізу кезеңінде БҚО шекараларында ҚАТЖ құбыржолы бойында тіркелген экожүйе үшін маңызды негізгі түрлер төмендегі кестеде берілген.
№ | Түрлер | Халықаралық табиғат қорғау одағы бойынша санаты | Қазақстанның Қызыл кітабы | Жергілікті деңгейдегі сирек түрлер (Қарашығанақ кен орнында) | Тіркелген жылдары |
БҚО - Гүлдейтін өсімдіктер | |||||
1 | Андржеевский қалампыры (Dianthus andrzejowski) | • СТ | ҚҚК II | √ | 2023 |
2 | Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana) | • СТ | ҚҚК III | √ | 2023 |
3 | Шренк қызғалдағы | • СТ | ҚҚК III | √ | 2023 |
4 | Шілмұрт | • СТ | - | √ | 2023 |
5 | Фишер құссүттігені (Ornithogalum fischerianum) | • СТ | ҚҚК III | √ | 2023 |
6 | Ақ тұңғиық (Nymphaea alba) | •СТ | ҚҚК II | √ | 2023 |
АО - Гүлдейтін өсімдіктер | |||||
7 | Шренк қызғалдағы | СТ | ҚҚК III | √ | 2024 |
8 | Соғды қызғалдағы (Tulipa sogdiana) | - | - | √ | 2024 |
Кестеде келесі санаттар қолданылады:
- ҚҚТ: Құрып кету қаупi төнген түрлер – әдетте, түрлердің саны азайғандығы соншалық, олар жақын арада ХТҚО-ның жоғары қатерлі санатына жатқызылады. ХТҚО - Халықаралық табиғатты қорғау одағы.
- Ә: Әлсіз түрлер - жабайы табиғатта жойылып кетудің жоғары қаупі бар түрлері.
- ЕТҚ: Жоғалып кету қаупі ең төмен түрлер— ХТҚО санаты бойынша құрып кету қаупi төнген түрлерге,әлсіз немесе қатерлі жағдайға жақын түрлерге кірмейтін түрлер. Кең таралған және сан алуан таксондар (бұл топтағы түрлер халықаралық сирек түрлер қатарына қосылмаған) осы санатқа енгізілген.
- ҚҚК: “Қазақстанның қызыл кітабы”— Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабында” жалпы ұлттық деңгейде сирек деп танылған түрлер, римдік нөмірлер сирек кездесетін әртүрлі санаттарды көрсетеді: Санат I – ең сирек кездесетін түрлері, және санат V – сиректігі төмен.