Серіктес-компаниялар
Қарашығанақ кәсіпорнында мұнай өндіруші: “Эни СпА”, “Шелл плс”, “Шеврон”, “ЛУКОЙЛ” және "ҚазМұнайГаз" - бес компанияның жоғары білікті мамандары жұмыс істейді. Кен орнын игеру үшін КПО-да озық, ал кейбір жағдайларда инновациялық технологиялар қолданылады.
«Эни» компаниясы «Шелл» ( «Би Джи Карачаганак Лимитед» 100% үлестес компания арқылы) компаниясымен бірге Қарашығанақ жобасының біріккен операторлары болып келеді; қос компания да 29.25%-ға тең қатысу үлесіне ие. «Шеврон» компаниясына - 18% және «ЛУКОЙЛ» компаниясына 13.5% қатысу үлесі тиесілі. 2012 жылғы 1 шілдеден бастап, біріккен кәсіпорынның құрамына қатысу үлесі 10%-ды құрайтын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы кірді.
| «Эни СпA» (29.25 пайыз) «Эни» компаниясы мұнай мен газ өндіру, электр энергиясын өндіру мен сату, мұнай-химия, мұнай кәсіпшілігін игеру мен қызмет көрсету және машина жасау саласында маманданады. Осы бағыттар бойынша халықаралық нарықта жетекші орынды иеленеді. «Эни» компаниясы әлемнің 70 елінде өз бизнесін жүргізеді, ал оның қызметкерлері 76 мың адамға жуық. |
| «Шелл плс» (29.25 пайыз) «Шелл» – бас пәтері Нидерландттың Гаага қаласында орналасқан, энергетикалық және мұнайхимиялық компанияларды біріктіретін халықаралық концерн. Әлемдегі энергияға сұранысты қанағаттандыруға атсалысу, тұрақты даму қағидаттарын ұстану арқылы “Шелл” мұнай-газ саласындағы көшбасшы ретіндегі өз орнын нығайтуға ұмтылады. Қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік «Шелл» концерні қызметінің негізінде жатыр. Қазіргі таңда «Шелл» компаниясы - Қазақстан экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі. |
| «Шеврон» корпорациясы (18 пайыз) «Шеврон» компаниясы әлемдік ірі энергетикалық біріктірілген компаниялардың бірі болып табылады. Компанияның бас пәтері Калифорнияның Сан-Рамон қаласында орналасқан. Өз қызметін компания әлемнің 100-ден астам елінде іске асырады. «Шеврон» кен орындарды барлауды, мұнай өнімдерін шығаруды, өндіруді, тасымалдау мен сатуды, мұнай-химия өнімдерін, жылу энергиясын өндіру мен сатуды қоса алғанда, мұнай-газ кешені қызметінің барлық аспектілеріне қатысады. Компания сонымен қатар озық технологиялар және жаңартылатын энергия көздері саласындағы зерттеулерге инвестиция салып келеді. |
| «ЛУКОЙЛ» (13.5 пайыз) «ЛУКОЙЛ» компаниясы сатылас біріктірілген әлемдік жетекші мұнай-газ компанияларының бірі болып келеді. Компанияның негізгі қызмет бағыттары – кен орындарды геологиялық барлау және игеру, көмірсутектерді өндіру, мұнай өнімдерін өндіру және мұнай химиясы, сондай-ақ нарықта осы өнімдерді сату. Компанияның бүкіл геологиялық барлау және өндірістік қызметі негізінен Ресейде жүргізіледі, ал басты материалдық базасы Батыс Сібірде шоғырланған. |
| «ҚазМұнайГаз» (10 пайыз) «ҚазМұнайГаз» – Қазақстан аумағында 44 мұнай-газ кен орнын иеленетін жетекші ұлттық мұнай-газ компаниясы. Компания барлау және өндіру, өнімді тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу сияқты мұнай-газ секторының көптеген салаларында маманданады. «ҚазМұнайГаз» сонымен қатар Қазақстанда және шетелде қайта өңдеуші бірқатар зауыттарды басқарады. Сондай-ақ, компания сервистік бағытты дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жүргізе отырып, қызмет саласын ұдайы кеңейтіп отырады. |