ҚазРусEng

Тұрақты даму

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы бағдарламасы GRI 2-2, 3-3, 403-2, 403-4, ТДМ 8.8

Компанияның қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген берік ұстанымын көрсететін 2024 жылы КПО мен мердігер ұйымдарда «Жұмысты тоқтату құқығы (ЖТҚ)» бастамасы бойынша белсенді түрде ілгеріту жұмыстары атқарылды. ЖТҚ бастамасы жұмыскерлерді жұмыстар қауіпсіз орындалмай жатыр деп есептесе, жұмысты тоқтату жауапкершілігін өз мойнына алуға шақырады.

Жыл бойы қол жеткізілген негізгі жетістіктердің бірі – ЖТҚ-ны ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша картасы бағдарламасына біріктіру болды (ЖТҚ қолданылған жағдайда, картада арнайы белгі қойылады). Нәтижесінде ЖТҚ бойынша тіркелген жағдайлар саны айтарлықтай өсті: 2023 жылы 451 жағдай тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2 963-ке жетті.

2024 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы бағдарламасының нәтижелері бойынша:

  • 31 627 бақылау жағдайлары (карта) тіркеліп, қаралды. Оның ішінде 14 168-і қауіпті жағдайларға, ал 4 360-ы қауіпті іс-әрекеттерге қатысты болды. Толтырылған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары арқылы анықталған 4 жағдай оқиға ретінде, ал 17 жағдай ЫҚЖ ретінде жіктелді; әрбір жағдай бойынша тергеу жүргізілді.
  • 2024 жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаға 5 672 жұмыскер қатысты.
  • 160 жаңа жұмыскер карта бағдарламасы бойынша оқытудан өтті.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы бағдарламасы бойынша бақылаулар, 2020 — 2024 жылдар

Ескертпе: Алдыңғы кезеңдердегі деректер бақылаулардың жалпы саны және/немесе санаттар бойынша таралуы бойынша аздап өзгеруі мүмкін, себебі деректерді тұрақты талдау кезінде немесе жыл сайынғы тексерулер шеңберінде кейінірек түзетулер енгізіледі.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасын цифрландыру жобасы – CoGIS платформасы

2024 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ электронды картасы CoGIS веб-платформасына сәтті көшірілді. Жаңа қолданбаның негізгі артықшылықтары:

  • веб және мобильді нұсқалардың қолжетімділігі;
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталарын деректер базасына қолмен енгізу қажеттілігінің жойылуы;
  • бақылау деректерін жауапты бөлімдерге автоматты түрде жолдау;
  • карталардың статусын жеке кабинетте қадағалау мүмкіндігі;
  • әкімшімен байланыс үшін екіжақты чат;
  • Анонимді түрде хабарлау опциясы.

Оқиғалар туралы хабарламалар санын арттыру мақсатында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы арқылы, соның ішінде анонимді түрде де хабарлау мүмкіндігі енгізілді.

КПО-ның барлық пайдаланушылары мен фасилитаторлары үшін оқу материалдары әзірленді. КПО-ның барлық пайдаланушылары үшін CoGIS жүйесінде ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталарын толтыру бойынша онлайн және бетпе-бет офлайн оқыту сессиялары өтті.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бойынша әрбір комитеттің есеп беруін жеңілдету мақсатында Power BI жүйесінде дашбордтар әзірленді. Аталған дашбордтар ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бойынша статистика мен трендтерді кешенді әрі интерактивті түрде ұсынуға мүмкіндік беріп, деректерге негізделген шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

Тәжірибе үлгісі № 1

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ:

ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ: БАСШЫЛЫҚ ТАРАПЫНАН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

КПО-да қауіпсіздік техникасының маңызы зор. Алайда КПО-да ұқсас себептермен оқиғалар орын алып, әлі де жалғасуда: бұл қауіп-қатерге үйреніп кету және жұмысқа араласудың болмауы. Сондай-ақ КПО-да Компанияның өндірістік нысандарында бұрын жұмыс жасамаған жаңа қызметкерлер жұмылдырылған ірі жобалар жүзеге асырылуда. Оларға тиісті қауіпсіздік стандарттарын үйрету өте маңызды іс.

 

Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік супервайзерлер мен шеберлердің көшбасшылық қасиеттеріне және ЕҚ мен ҚТ мәселелеріндегі біліктілігіне байланысты. Cупервайзерлер мен шеберлердің өздері жеке үлгі көрсетіп, қауіпсіздік мәдениетін белгілеп, нығайта алады.

Мақсаты:

Жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін қауіпті факторларды анықтау, жұмысшыларды жұмылдыру және топтағы тәлімгерлік бойынша менеджерлердің біліктілігін арттыру.

Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:

2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинары әзірленді, оған қауіп-қатер денгейі жоғары жұмыстарды жүргізуге жауапты КПО мен мердігер ұйымдар супервайзерлері мен шеберлері шақырылды. Семинарлар теориялық бөлімнен, топтардағы практикалық сабақтардан, сонымен қатар жұмыс орындарындағы коучинг-әңгімелерден тұрды.

 

2020 жылы КПО басшылығы келесілер үшін ЕҚ мен ҚТ бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді:

  • жобаларды жүзеге асыру директоратының, әсіресе 4-газды кері айдау компрессоры жобасының барлық жұмыс және топ жетекшілеріне;
  • 2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинарларына супервайзерлері мен топ жетекшілері қатысқан өндірістік директораттың басшыларына.

Нәтижесі:

2019 және 2020 жылдары КПО және мердігерлік ұйымдардың 1200-ден астам супервайзері коучинг, қатысу және араласу бойынша өз білімдері мен дағдыларын жетілдірген семинарларға қатысты. Оқу материалы ретінде әдеттегі әдістерден басқа, бейнематериалдар, оқиғаларды тергеу нәтижелері, қалта нұсқаулықтары қолданылды.

 

Бағдарламаға қатысып, жұмыс орындарында алған білімдерін қолданған ең белсенді супервайзерлер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ынталандыру жүйесі бойынша марапатталған болатын.

Тәжірибе үлгісі № 2

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ:
АҚСАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАБАРДАРЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Жыл сайын Компания Ақсай тұрғындарының қауіпсіздік техникасы мен жол қауіпсіздігі бойынша хабардарлығын арттыруға және осы мәселелерді насихаттауға зор көңіл бөліп келеді. КВИ пандемиясының шектеулеріне байланысты бірқатар жоспарланған іс-шаралар жаңа форматта өткізілді.

Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер:

Жыл сайын КПО Ақсай қаласы балалары мен олардың ата-аналарына 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай жол қауіпсіздігі шарасын өткізетін еді. 2020 жылғы КВИ пандемиясы салдарынан шара басқа форматта өтті.


КВИ пандемиясының шектеуліктеріне қарамастан және «Радио-Ақсай» радиостанциясы әріптестерінің көмегімен ҚТ корпоративтік бөлімінің қызметкерлері Instagram арқылы онлайн байқау өткізіп, қала ата-анарымен және балалармен сұхбаттасуға мүмкіндік алды.

 

Іс-шараға дейін бір апта бұрын бірнеше қысқа бейнероликтер дайындалып, «Радио-Аксай» Instagram парақшасына жүктелген болатын. Оның мақсаты кең таралған қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік ережелері, қауіпсіз мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру және балалардың жарақаттануын болдырмау туралы ескерту болды. Сонымен қатар балалардың үйдегі, көшедегі, жолдағы және т.б. жерлердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен бөлісу мақсатында Ақсай тұрғындарына өз фотосуреттерін және бейнероликтерін жіберуді ұсындық.

 

Үздік шығармашылық жұмыстар іріктеліп, Балаларды қорғау күні «Радио—Ақсай» тікелей эфирінде жарияланды.

 

Сондай-ақ 2020 жылы «Ақсай» радиостанциясы толқынында Компанияның түрлі тақырыптары, атап айтқанда күнделікті өмірдегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері, өрттің алдын алу, қауіпсіз көлік жүргізу, балалар қауіпсіздігі, сонымен қатар қыс уақыты мен қараңғы уақыттағы қауіпсіздік тақырыптары бойынша аудиороликтерді ойнату жалғастырылды. Қауіпсіздік техникасы мен жол қауіпсіздігі бойынша өзекті тақырыптар бойынша аудиороликтер күніне бес рет ойнатылып, ай сайын жаңартылып тұрады.

 

Сондай-ақ, жергілікті жол полициясы мен аудандық білім беру бөлімі өкілдерімен бірлесіп, қаланың орта жалпы білім беру мектептерінің төменгі сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттау мақсатында ақпараттық іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар аясында балаларға естелік сыйлықтар және қараңғы уақытта қолданылатын 1 мыңнан астам жарық шағылыстырғыш фликер сыйға тартылды.

Тәжірибе үлгісі № 3

КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

КПО-да қауіпсіздік техникасының маңызы зор. Алайда КПО-да ұқсас себептермен оқиғалар орын алып, әлі де жалғасуда: бұл қауіп-қатерге үйреніп кету және жұмысқа араласудың болмауы. Сондай-ақ КПО-да Компанияның өндірістік нысандарында бұрын жұмыс жасамаған жаңа қызметкерлер жұмылдырылған ірі жобалар жүзеге асырылуда. Оларға тиісті қауіпсіздік стандарттарын үйрету өте маңызды іс.

 

Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік супервайзерлер мен шеберлердің көшбасшылық қасиеттеріне және ЕҚ мен ҚТ мәселелеріндегі біліктілігіне байланысты. Cупервайзерлер мен шеберлердің өздері жеке үлгі көрсетіп, қауіпсіздік мәдениетін белгілеп, нығайта алады.

Мақсаты:

Жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін қауіпті факторларды анықтау, жұмысшыларды жұмылдыру және топтағы тәлімгерлік бойынша менеджерлердің біліктілігін арттыру.

Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:

2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинары әзірленді, оған қауіп-қатер денгейі жоғары жұмыстарды жүргізуге жауапты КПО мен мердігер ұйымдар супервайзерлері мен шеберлері шақырылды. Семинарлар теориялық бөлімнен, топтардағы практикалық сабақтардан, сонымен қатар жұмыс орындарындағы коучинг-әңгімелерден тұрды.

 

2020 жылы КПО басшылығы келесілер үшін ЕҚ мен ҚТ бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді:

  • жобаларды жүзеге асыру директоратының, әсіресе 4-газды кері айдау компрессоры жобасының барлық жұмыс және топ жетекшілеріне;
  • 2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинарларына супервайзерлері мен топ жетекшілері қатысқан өндірістік директораттың басшыларына.

Нәтижесі:

2019 және 2020 жылдары КПО және мердігерлік ұйымдардың 1200-ден астам супервайзері коучинг, қатысу және араласу бойынша өз білімдері мен дағдыларын жетілдірген семинарларға қатысты. Оқу материалы ретінде әдеттегі әдістерден басқа, бейнематериалдар, оқиғаларды тергеу нәтижелері, қалта нұсқаулықтары қолданылды.

 

Бағдарламаға қатысып, жұмыс орындарында алған білімдерін қолданған ең белсенді супервайзерлер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ынталандыру жүйесі бойынша марапатталған болатын.

Тәжірибе үлгісі № 4

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ:
КЕН ОРНЫ БӨЛІМІНІҢ ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ТОП ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРАМНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ

 

Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы:

Біліктілікті басқару жүйесі шеңберінде КПО техникалық қызметкерлердің қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкестігіне мерзімді бағалау жүргізеді.

 

2018 жылы құрушы компаниялардың аудиторларының ұсынысы бойынша өнеркәсіптегі топ жетекшілері үшін біліктілік стандарттары әзірленді, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандардағы жұмыстарды қауіпсіз және тиімді орындау мен бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бағалау процесі іске қосылды.

 

Біліктілік стандарты келесілерді қамтиды:

  • Жеке және басқарушылық біліктіліктер;
  • Техникалық біліктіліктер;
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біліктіліктер.

Өткізілген бағалау нәтижелері негізінде қызметкерді оқыту мен дамытудың жеке жоспары әзірленеді.

 

2019 жылы кен орны бөліміне қызмет көрсететін және қауіп деңгейі жоғары және орташа мердігерлік ұйымдарда біліктілікті басқару жүйесін әзірлеу және енгізу басталды. Мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің едәуір бөлігін құрайды; өз кезегінде, олардың біліктілігі жұмыстардың қауіпсіз орындалуына және өндірістік процестердің үздіксіздігіне айтарлықтай әсер етеді. 2021 жылы үш мердігер ұйымда қызметкерлердің біліктілігі жүйелерінің бар-жоқтығы тексерілді. Тексеріс нәтижелері негізінде қолданыстағы жүйелерді жақсарту, сондай-ақ жаңа жүйелерді әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шаралар әзірленді және келісілді.

 

2020-2021 жж. біліктілікті басқару жүйесін кеңейту бағыттарының бірі орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженерлік құрамын және ҚӨК нысаны мен химиялық зертхана бөлімінің топ жетекшілеріне бағалау бағдарламасын әзірлеу және енгізу болды. Бағалау бойынша нұсқаулық және 20 біліктілік стандарты әзірленді.

Мақсаты:

  • Қызметкерлердің қауіпті және зиянды жағдайларда жұмыстарды нақты жоспарлауы және қауіпсіз жүргізуі үшін, сондай-ақ қауіпті факторлардың теріс әсер ету қаупін болдырмау немесе азайту үшін мұнай-газ өнеркәсібіндегі инженерлердің және өнеркәсіптегі топ жетекшілердің біліктілігін қамтамасыз ету.
  • Бекітілген стандартқа сәйкес тиісті біліктілік деңгейіне жетуге қажетті жетілдіру бағыттарын анықтау;
  • Қауіп деңгейі жоғары және орташа мердігерлік ұйымдарда біліктілікті басқару жүйесін енгізу.

Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:

2021 жыл:

  • OPITO аудитінен сәтті өтті. ҚӨК және химиялық зертхана нысандарында (өнеркәсіпте) топ жетекшілерінің біліктілігін бағалау аяқталды. Орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженерлік құрамының біліктілігін бағалау аяқталды. Нысандардың жетекшілеріне деректерді қамтитын есептер ұсынылды.
  • Қауіп деңгейі жоғары және орташа кен орны бөлімінің үш мердігерлік ұйымында аудиттер өткізіліп, оларға біліктілікті басқару бойынша өздерінің жеке жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша ұсынымдар берілді.

2022-2023 жылдары құрылыс бөлімі, құрылыс және бұрғылау бөлімдері топтарының (өнеркәсіптегі) жетекшілерінің, сондай-ақ кен орны нысандарын модификациялау бөлімі инженерлерінің біліктілігін бағалау жоспарланған. Егер Компания талаптарына қайшы келмесе, біліктілікті бағалау кем дегенде 5 жылда бір рет өткізіледі.

Нәтижесі:

  • 2019-2021 жж. — Экоорталық, ГКДҚ-3, ГКДҚ-2, КОҚЖ, ҰП және ӨБ, ҚӨК және химиялық зертхана нысандарының (өнеркәсіптегі) топ жетекшілерінің біліктілігін бағалау процесі аяқталды;
  • КПО қатысуымен өткен жиналыстарда он үш мердігерлік ұйым біліктілікті басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.
  • Орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженерлік құрамының біліктілігін бағалау процесі басталып аяқталды.

Бұл бағдарлама өндірістегі қызметкерлердің біліктілігінің қажетті деңгейін сақтауға ықпал етеді және келесі жылдары да жалғасын табады.