ҚазРусEng

Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі елішілік құндылық (жергілікті қамту) үлесін есептеу

Елішілік құндылық (жергілікті қамтуды) үлесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес формулалар бойынша есептеледі.

 

Елішілік құндылықты (жергілікті қамтуды) есептеу ыңғайлы болуы үшін әзірлеген презентацияны басшылыққа алуды сұраймыз — презентацияда жергілікті қамтуды есептеу процесінің үлгілері беріліп, түрлі иллюстрациялары көрсетілген.