ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қоғамдық тыңдаулар

КПО компаниясы табиғатты қорғау іс-шаралар жобаларын, сондай-ақ тұрғындарға қандай да бір ықпал етуі мүмкін құрылыс жобаларын үнемі қоғамдық талқылауға және мақұлдауға ұсынады. Жаңа жобаларды жоспарлау және олардың құрылысы кезінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша жұртшылылықтың пікірін білу КПО үшін маңызды. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы мен халықтың шешім қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдауларды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі. Қоғамдық тыңдаулар кезінде КПО барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді. Халық ұсыныстары мен ескертулері Компаниямен ескеріліп, жобалық құжаттаманы одан әрі сапалы әзірлеуге ықпал етеді.

 

2024 жылы Компания 2025 жылға арналған  ҚМГКК  аумағында орналасқан КПО объектілеріне әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін өтінім материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, қоғамдық тыңдаулар 2024 жылғы 15-18 қазанда ашық жиналыс түрінде Бөрлі ауданының 4 ауылдық өңірлерінде өтті (Успен, Приурал, Жарсуат және Пугачев). Қоғамның қарауына 84 құрылыс жобалар, 3 эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік бақылау бағдарламасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылды.

 

Жоспарланған қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өкілдеріне бірыңғай экологиялық порталда, мерзімді баспасөз басылымында (газет), телеарнада және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының хабарландыру тақталарында орналастыру арқылы жеткізілді. 

 

2024 жылы қоғамдық тыңдауларда талқылауға шығарылған барлық жобаларды мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық мақұлдады. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларында көрсетілген. Қоғамдық тыңдауларда ұсынылған құжаттар пакеті және талқылау қорытындылары https://ecoportal.kz/ веб-сайтына жүктелген.

 

Қоғамдық тыңдауларға жергілікті атқарушы органдардың, мүдделі басқарушы органдардың, БАҚ, КПО компаниясының және оның мердігерлік жобалау ұйымдарының өкілдері қатысады. Тыңдау барысында қатысушылар КПО жоспарлаған жобалар, қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары туралы ақпарат алып, өз сұрақтарын қоя алады. Жұртшылықтың көбіне қойылатын сұрақтары жобаларды жүзеге асыру мерзімдері, шығарындылар көлемі және оларды азайту шаралары, қалдықтарды жою әдістері, және жұмыстар аяқталған соң топырақты қайта қалпына келтіру мәселелерімен байланысты. КПО және жобалау ұйымдарының өкілдері барлық қойылған сұрақтар бойынша толық ақпарат береді.