ҚазРусEng

КПО компаниясында жұмыс істеу

Бүгінгі таңда мұнай-газ саласында жұмыс істеу кәсіби даму мен мансаптық өсу үшін келешегі айтарлықтай зор екені және тамаша мүмкіндіктер ұсынатыны сөзсіз.

Қарашығанақ - әлемдегі ең ірі де айтарлықтай күрделі  мұнай-газ конденсатты кен орындардың бірі. Кен орнын игеру халықаралық тәжірибеге сәйкес ең заманауи технологияларды пайдаланумен  жүргізіледі. Қарашығанақ секілді ірі кен орнын игеру және пайдалану үшін әртүрлі салалардың мыңдаған білікті мамандары қажет.

КПО-да жұмыс істеу еңбек жолыңыздағы биік белестерге бағытталған бірінші қадамыңыз болуы мүмкін. КПО мақсатқа, қызметте өсуге ұмтылатын және тәжірибе жинақтауға, кәсіби өсуге ниетті мамандарды өз қатарында көруге асық. 

КПО өз жұмыскерлеріне келесі шарттарды ұсынады:

  • Бәсекеге қабілетті еңбекақы мен еңбек жағдайлары;
  • Мансаптық өсу және жеке кәсіби даму;
  • Жеке қажеттіліктер мен ұмтылыстарды ескере отырып, біліктілікті арттыру мен кәсіптік даярлауды одан әрі жалғастыру;
  • Барлық жұмыскерлер үшін қажетті негізгі кәсіби дағдылар мен біліктілікті бағалауды және таңдауды сүйемелдеу;
  • Заманауи оқыту ресурстары мен технологиялардың қолжетімділігі.
  • Геологиялық тұрғыдан әлемдегі ең күрделі мұнай және газ конденсаты кен орындарының бірі Қарашығанақты пайдалану үшін бізге әртүрлі салалардағы жоғары білікті мамандар қажет.