Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Жергілікті халықпен қарым-қатынас
- /
- Консультативтік кеңестер
Консультативтік кеңестер
Кездесулер мен консультациялар КПО-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қызметінің негізі болып табылады. Консультативтік кеңестер форматындағы жергілікті халықпен жүргізіліп жатқан диалог КПО-ға жергілікті халықтың сұрақтарына жауап беруге, ұсыныстары мен бастамаларын талқылауға, сондай-ақ олардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Консультативтік кеңестер КПО-ның ауылдық жерлердегі әлеуметтік инвестицияларының басты бағыттарын анықтауға көмектеседі. Бұл органдар 2005 жылдан бастап Бөрлі ауданы әкімдігі, аудан мәслихаты мен КПО компаниясы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шарттарына сәйкес жұмыс жасап келеді.
2024 ж. Приурал, Жарсуат және Успен ауылдық округтерінде Консультативтік кеңестің 12 отырысы өткізілді. Кездесулер барысында жергілікті тұрғындар КПО-ның 2024 жылға арналған жергілікті қауымдастықтарды дамытуға көмек көрсету бағдарламасы туралы, компанияның стипендиялық бағдарламасы бойынша Орал қ. университеттері мен колледждерінде білім алып жүрген ауылдық студенттердің жетістіктері жөнінде, сондай-ақ кен орнындағы экологиялық мониторинг туралы ақпарат алды.
2024 жылы Батыс Қазақстан облысының университеттері мен колледждерін Приурал, Успен және Қарашығанақ ауылдарының жеті тұрғыны аяқтап, «Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі» және «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша диплом алды. Түлектердің көпшілігі Бөрлі ауданының ауылдық елді мекендері мен Ақсай қаласындағы жергілікті мектептер мен медициналық мекемелерге жұмыс істеуге оралды. Түлектер аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарға жоғары білім алуға мүмкіндік беретін КПО стипендиялық бағдарламасына оң бағасын берді.
2024 жылы Приурал және Жарсуат ауылдарынан шыққан сегіз студенттен құралған жаңа топ Батыс Қазақстан облысының университеттері мен колледждеріне оқуға түсті. Олар медициналық колледждерде «Стоматология» мамандығы бойынша білім алып, сондай-ақ облыс жоғары оқу орындарында тарих, география және математика пәндерін оқитын болады. Оқу аяқталғаннан кейін олар педагог және медициналық маман ретінде жұмыс істеу үшін Бөрлі ауданына оралуды жоспарлап отыр.
Жергілікті халықты дамытуға жәрдемдесу бағдарламалары аясында КПО Бөрлі ауданы зейнеткерлеріне «Ақжайық» шипажайында демалуға 177 жолдама берді.