ҚазРусEng
Берген есебі бойынша, ҚПО Қазақстанның үлесін арттырып, бірлесіп басқару бағдарламасын жетілдіруде

4-ші маусым, 2011, ҚАЗтаг

Ақсай қаласы

 

Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КРО) компаниясы бірлесіп басқару принциптерін қолдап және Қазақстанның үлесін жоғарылату бағдарламасын жетілдіріп жатыр деп 3-шi маусымда ҚПО-ның берген 2009 жылғы тұрақты дамыту есебінде айтылған.

Компанияның хабары бойынша,  ҚПО-ның бас директоры Джузеппе Пази: «Тұрақты даму КПО-ның Қазақстандағы іскерлік белсенділігінің бір бөлігі болып табылады. КПО-ның Қазақстан Республикасы және ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясымен серіктестігі біздің жұмысымыздың үкімет  мақсаттарымен сәйкес дамуға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттар республиканың табиғи ресурстарының дамуы бүкіл елге тұрақты табыс әкелетініне кепіл береді», - деп өз үндеуінде осы мәселеге аса көңіл бөлді.

Джузеппе Пази: «Тұрақты дамуды жүзеге асыру жолында КПО-ның бар күші ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы алдыңғы жүйеледі қолдау, корпоративті басқару тұрақты қағидаларын қолдану, біздің өнім шығару үдерістеріне жаңа технологиялырды енгізу және шетелдік қызметкерлерді жергілікті мамандармен алмастыру, қазақстандық үлесін арттыру және әлеуметтік дамуға үлес қосу бағдарламаларын жетілдіруде шоғырланады.»

Бұл КПО-ның 2009 жылда жасалған жұмысын жариялайтын орнықты даму бойынша жасалған екінші есебі болып табылады. Бұл есеп тәуелсіз растаудан өтіп, үш тілде шығарылды (қазақ, орыс және ағылшын). Есеппен "Орнықты даму" бетінде таныса аласыз.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) Би Джи Групп (32,5%), Эни (32,5%), Шеврон (20%) және ЛУКОЙЛ (15%) деген компаниялардың бірлескен кәсіпорыны болып табылады.

ҚПО Қарашығанақ атты дүниежүзінде орасан зор мұнайгаз кен орындарының бірін жетілдіріп жатыр. Қарашығанақ Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан, оның көлемі 280 шаршы километр болып табылады. Оның баланстағы бастапқы мұнайгаз және конденсат қоры 9 миллиард баррел конденсат және 48 триллион текше фут газ құрайды, оның ішінде жалпы 2,4 миллиардтан астам конденсат және 16 триллион текше фут газ есептелген.

ҚПО Қазақстандағы орасан зор газ өндіруші серіктестік болып табылады.  Оның көрсеткіштері республикадағы жалпы өндірілген газдың 44%, және жалпы өндірілген сұйық көмірсутектің 14,5% құрайды. Қарашығанақта 139,4 миллионға жуық мұнай эквиваленті 2009-шы жылы өндірілді.