ҚазРусEng
Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в. жергілікті КПО қызметкерінің коронавирустық инфекцияға тапсырған талдау нәтижелері оң болып шыққаның растайды

Карачаганак Петролиум Оперейтинг б. в. ( КПО) жергілікті КПО қызметкерінің коронавирустық инфекцияға тапсырған талдау нәтижелері оң болып шыққаның растайды. Бұл қызметкер әрі қарай медициналық тексеруден өту және ем алу үшін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Осы қызметкермен байланыста болған барлық тұлғалар анықталып, одан әрі тексеруден өту үшін карантинге жатқызылды. КПО жергілікті денсаулық сақтау органдарының нұсқауларын басшылыққа алып, қалыптасқан жағдайды қатаң бақылауға алу және коронавирустың Компанияның өндірістік қызметі аймағына таралуының алдын алу үшін қолынан келгенін бәрін жасайды.

КПО қазіргі жағдайға байланысты ҚР барлық талаптары мен ұйғарымдарын толығымен орындауды жалғастыруда және қазіргі уақытта кез келген әлеуетті тәуекелдердің алдын алу мақсатында барлық шектеу шараларын қолдануда. 

КПО өз өндірістік жұмыстарын қауіпсіз әрі жоғары сапалы түрде жалғастырып келеді.  Қазіргі таңда КПО денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының билік органдары белгілеген карантиндік шараларды орындау үшін барлық қажетті құралдармен, мамандармен және жабдықтармен қамтамасыз етілген.