ҚазРусEng
Қарашығанақтағы коронавирусқа қатысты жағдай бойынша жаңартылған ақпарат

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2020 жылғы 25 мамыр - Бұрын жолданған хабарламамыздың жалғасы ретінде сіздерге коронавирус инфекциясына шалдыққан КПО қызметкерімен байланыста болған барлық тұлға өткен аптада Ақсай қаласындағы карантиндік нысанына жатқызылғанын, олардың коронавирустық инфекцияға тапсырған талдау нәтижелері ТЕРІС болып шыққанын хабарлаймыз. 

Бұған қоса, БҚО санитарлық-эпидемиологиялық қызметі Қарашығанақ кен орнында және көрші қауымдастықтарда коронавирустың әлеуетті таралуының алдын алуға бағытталған сақтық шаралары ретінде Қарашығанақ кен орнының аумағында 2020 жылғы 05 маусымға дейін карантиндік режимін енгізді.

Енгізілген карантиндік режимнің талаптары көбінесе санитарлық режимнің, медициналық тексерулердің және әлеуметтік қашықтық талаптарының күшейтілуіне қатысты. Талаптардың көбісі КПО-да әлдеқашан енгізіліп, қатаң сақталып келеді.   Кейбір талаптар бойынша жұмыстар біздің мердігерлерімізбен бірге жүргізілуде. Қайткенде де бұл шаралар ағымдағы өндірістік жұмыстарға елеулі әсер етпейді.

Карантиндік шаралар аясында КПО компаниясы кен орнына жұмыс ауысымға келетін өз қызметкерлері үшін ауысым алдындағы коронавирусқа ПТР-тестілеуді ұйымдастырады. Бұл шаралар өндірістік жұмыстарға тартылған мердігерлік ұйымдарға да қолданылады.

КПО өз өндірістік жұмыстарын қауіпсіз әрі жоғары сапалы түрде жалғастырып келеді. Қазіргі таңда кәсіпорын денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының билік органдары белгілеген карантиндік шараларды орындау үшін барлық қажетті құралдармен, мамандармен және жабдықтармен қамтамасыз етілген.