ҚазРусEng
Мердігер ұйымының қатысуымен COVID-19 жағдайына қатысты КПО мәлімдемесі

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы, 2020 жылғы 29 мамыр

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В.» ( КПО) КПО мердігері болып табылатынSicim компаниясының үш қызметкерлерінің 26 мамырда коронавирустық инфекцияғатапсырған талдау нәтижелері оң болып шыққанын растайды. Олардың барлығы әріқарай медициналық тексеруден өту және ем алу үшін облыстық жұқпалы ауруларауруханасына жеткізілді. Бұл қызметкерлермен жақын байланыста болған жәнеықтимал анықталған тұлғалардың коронавирустық инфекцияға тапсырған талдаунәтижелері теріс болып шықты.

Дегенмен, жергілікті денсаулық сақтау органдарымен кеңескеннен кейін Қарашығанақжұмыстарына жұмылдырылған Sicimкомпаниясының барлық қызметкерлерікоронавирусқа тестілеуден өтеді деп ұйғарылды. 280 қызметкерден тұратын алғашқытобының талдау үлгілері 29 мамыр күні алынды. 2100-ден астам қызметкерлердітестілеу 10 күнге дейін созылуы мүмкін деп болжануда. Қызметкерлердің коронавирусқатапсырған талдау нәрижелері оң болып анықталған жағдайда, олар белгіленгенхаттамаларға сәйкес СЭС қызметінің өкілдерімен дереу тиісті түрде оқшауланып,ауруханаға жатқызылады.

Sicim компаниясы осы уақытқа дейін жедел және кәсіби әрекет ете отырып, жергіліктіСЭС және әкімдікке жағдайды бақылауда ынтымақтастық танытып, көмек көрсетті.Sicim компаниясы сапарларға шектеулерді, медициналық тексерулерді жәнеәлеуметтік қашықтықты қоса алғанда, ҚР Денсаулық сақтау органдарының барлықталаптарын қатаң сақтап келді. Компания коронавирус инфекциясының таралуыныңалдын алуға бағытталған барлық ұсынылған сақтық шараларын жүзеге асырып келеді.Sicim компаниясы өз персоналының, басқа компаниялар қызметкерлерінің және облысхалқының денсаулығын қорғау мақсатында осы шараларды күшейту үшін СЭС, КПОжәне басқа да мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыратын болады.

КПО компаниясы инфекцияны қайта жұқтыру жағдайлардың алдын алу мақсатындаSicim компаниясына және басқа мердігерлік ұйымдарға барынша және жан-жақтықолдау одан әрі көрсететін болады.

КПО компаниясы жағдайды мұқият қадағалап, оқиғалардың дамуына қарай осы мәселебойынша соңғы ақпаратпен бөлісіп отырады.