ҚазРусEng
КПО-ның бірінші жартыжылдықтағы өндірістік жұмыстарының нәтижелері

АҚСАЙ қ., Батыс Қазақстан облысы, 2020 жылғы 24 шілде - «Kарачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) бірінші жартыжылдықтағы өндірістік жұмыстарының нәтижелерін жәриялады. 

Өткен жартыжылдық кезеңде КПО компаниясы тұрақты және тұрақсыз сұйық көмірсутек, экспортқа шикі газ және отын ретінде пайдалану үшін тазартылған газ күйіндегі 75 милн. баррельден астам мұнай эквивалентінде өнім өндірді. Сонымен қатар, 5 млрд. текше метр шикі газ қабатқа қайта айдалды, бұл өндірілетін газдың жалпы көлемінің 49,3%-ын құрады.

Қазіргі уақытта Қарашығанақ бойынша серіктестер кен орнын игеру мақсатында 26,6 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат салды.

Коронавирустың пандемиясы дүниежүзілік мұнай-газ саласының құлдырауын одан әрі ушықтыруына қарамастан, компанияның өндірістік объектілерінің пайдалануы қауіпсіздіктің барлық талаптарына және 2020 жылға арналған өндіру жоспарларына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

КПО бас директоры Эдвин Блом келесіні атап өтті: «КПО компаниясы 2020 жылға бекітілген жыл сайынғы жұмыс бағдарламасы мен бюджетке сәйкес сұйық көмірсутектер мен газ өндіру бойынша өз міндеттемелерін орындауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, КПО COVID-19 пандемиясынан туындаған тәуекелдерді ескере отырып, мұнай бағасының барлық ықтимал сценарийлерін назарға ала отырып, тиімділікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды».

«Біздің өндірістік көрсеткіштеріміз бюджетпен қарастырылған деңгейден асып түседі. Өндірістің ең жоғары деңгейін ұстап тұруды ұзарту бойынша жобалары - газ бойынша өндірістік шектеулерді алу жобасы және газды кері айдаудың 4-ші компрессоры жобасы - іске асыру кезеңінде".

«Біз ағымдағы дағдарыс ықпал еткен бизнес-процестерді реттеу үшін жаңа цифрлық технологияларды енгізу үшін туындаған мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Бұл шыдамдылықты, қалыптан тыс ойлауды және қызметіне жан-тәнімен беріліп жұмыс істеуді талап етеді.  Мен КПО осы дағдарыстан сабақ алып, одан да күшті компания болатынына және оны алда күтіп тұрған болашаққа жақсы дайын болатынына сенімдімін», - деп қосты Эдвин Блом.

Қазақстандық қызметкерлердің кәсіби дамыту мен біліктілігін арттыру мәселелері компания үшін аса өзекті мәселелердің қатарында қалып отыр. Бірнеше жыл бұрын КПО-да ең перспективалы қызметкерлерді анықтап, олардың ең жоғары әлеуетін іске асыру, сонымен қатар олардың болашақ дамуы және барынша мансаптық өсуіне қол жеткізу үшін қызметкерлердің жеделдетілген кәсіби дамыту бағдарламасы іске асырыла басталды. Бұл бағдарлама оның қатысушыларына мансаптық мақсаттарды нақты анықтауға және кәсіби дамудың тиімді жоспарларын дайындауға қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.  Бағдарлама нәтижелері бойынша қатысушылардың 50% - дан астамы олардың кәсіби даму жоспарларына сәйкес жоғарылатылды. Бірінші жартыжылдықта КПО жергілікті қызметкерлерінің проценттік арақатынасы инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санының 96% - ын және барлық басшы қызметкерлердің жалпы санының 81% - ын құрады.

Қоршаған ортаны қорғау және экология мәселелері әрдайым КПО-ның басты назарында болды.  Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді іс-шаралар табиғат пайдаланудың арнайы шарттарын сақтай отырып, бекітілген жоспарға сәйкес орындалып келеді.

2020 жылдың бірінші жарты жылдығында Қарашығанақ кен орнындағы газды кәдеге жарату көрсеткіші 99.9%-ті құрады, бұл әлемдік деңгейдегі көрсеткіш. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау шараларына КПО салған инвестицияларының жалпы көлемі 417 миллион АҚШ долларын құрады.

КПО қоршаған ортаға эмиссияларға мониторинті, соның ішінде шығарындыларға, сарқынды сулардың төгінділеріне, қалдықтарды қайта өңдеу мен орналастыруға, сондай-ақ атмосфералық ауаға, жер үсті суларға, жер асты сулары мен топыраққа мониторингті толық көлемде жалғастыруда.

Бұған қоса, энергия ресурстарын пайдаланудың рационалды деңгейін анықтау және оларды тиімдірек пайдалану үшін мүмкіндіктерді іздестіру мақсатында жаңа энергетикалық аудит жүзеге асырылады. Энергия аудитінің қорытындысы бойынша энергияны сақтау және парниктік газ шығарындыларын азайту бойынша ұзақ мерзімді шаралар жоспары әзірленетін болады.

КПО - Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы мекемелердің арасында жергілікті өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша көш бастап келетіндердің бірі. Өнімді бөлу туралы түпкілікті келсімге қол қою күнінен бері мыңдаған қазақстандық компания халықаралық деңгейдегі жобада жұмыс істеу арқылы баға жетпес тәжірибе алды.  Үстіміздегі жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге арналған КПО келісім-шарттарындағы жергілікті қамту үлесі ақшалай есептеудегі 59% - тен немесе 331 миллион АҚШ долларынан асты.

КПО Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған көптеген ірі жобаларды іске асырады. Бүгінгі таңда өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту шараларына КПО салған инвестицияларының жалпы көлемі 416 миллион АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар, КПО денсаулық сақтау мекемелеріне, соның ішінде қарқынды терапия бөлімшелеріне, қажетті жабдықтарды сатып ала отырып, салмақты қолдау көрсетеді. КПО компаниясы "Birgemiz-Oral" облыстық қоғамдық қорының қызметін қолдап, қаржылай көмек көрсетті.

«Қазіргі таңда біз бұрын-соңды болмаған кезеңді басымыздан өткеріп жатырмыз. Індетпен күресте негізгі жүктеме біздің ортақ қолдауымызға аса мұқтаж мамандандырылған медициналық мекемелерге түскені екені барлығына мәлім. Қалыптасқан жағдайда шетте қалуға болмайды, осыған орай КПО компаниясы жақсы көршілік саясаты мен өзінің корпоративтік және серіктестік қағидаттарына сүйене отырып, көмек қолын созады", - деді Эдвин Блом.

Бұл бастамалар компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін және оның жергілікті қоғамдастықпен ынтымақтастыққа дайындығын тағы да дәлелдейді. КПО өз қызметкерлері мен өңір халқының денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін барлық мүмкіндіктерді жасай отырып, алдағы уақытта да Қазақстан Республикасы алдындағы өз міндеттемелерін орындауға ниетті. Компания коронавирус індетінің таралуының алдын алу, сондай-ақ COVID-19 ауруының алдын алуда және оны емдеуде көмек көрсету мақсатында қажетті кешенді қолдау көрсетуді жалғастыруға да ниетті.

«Ағымдағы дағдарыс жаңа жаһандық трендтерді тудырып, әлемдік бизнес қауымдастығын жұмысқа деген өз көзқарастарын өзгертуге мәжбүр етті. Мұнай бағасының құлдырауы қосылған коронавирустың пандемиясымен байланысты қиындықтарды еңсеру үшін КПО өзінің басымдықтары мен бизнес процестерін қайта қарау қажет.  Сонымен қатар, КПО мемлекеттік мүдделерді, бизнес пен корпоративтік құндылықтарды біріктіру мақсатында бақылаушы органдармен, облыстық атқарушы органдармен, салалық әріптестермен және басқа да мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықты жалғастырады», - деп жалғастырды Эдвин Блом.

«КПО ұжымы болашаққа нық сеніммен қарайды және бұрынғыдай Қазақстан Республикасымен тығыз әріптестікте Қарашығанақ кен орнын игеру жөніндегі жоспарларды орындауға дайын. Бұл серіктестік уақыт сынағынан өтті, соның арқасында пандемиядан туындаған барлық қиындықтарды да еңсереді», - деп қорытындылады Эдвин Блом.