ҚазРусEng
КПО Орал қаласындағы көпірді қайта құру жұмыстарын аяқтады

Орал, Батыс Қазақстан облысы, 2 тамыз 2020 жыл

- "Kарачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В." (КПО) компаниясы Орал қаласында көпірді қайта құру жұмыстарын әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарлама аясында сәтті аяқтағаны туралы жарияланды.

Көпірді ашудың салтанатты шарасына Батыс Қазақстан облысының әкімі бастаған БҚО жетекшілігі, КПО компаниясы мен мердігерлік ұйымдар қызметкерлері, сонымен қатар Орал қаласының тұрғындары қатысты.

КПО бас директорының орынбасары Габриеле Джиона: "Өндірістік қызметін жүргізу барысында КПО компаниясы Қарашығанақ кен орнын игеруден Қазақстан Республикасының экономикасына, жергілікті халық пайдасына және КПО-ның акционер компанияларына түсетін қайтарымның барынша жоғары болуы үшін бар күшін салады. Өткен екі онжылдық ішінде КПО өңірде бірқатар ірі жобаларды әр жыл сайын жүзеге асырып келеді. Бұл жобалардың сәтті орындалуы КПО, БҚО және "PSA" ЖШС өкілетті органы арасында қалыптасқан тиімді  серіктестік және табысты қатынастар арқасында мүмкін болды. Бүгінге дейін өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына КПО компаниясы салған инвестициялардың жалпы көлемі 416 миллион АҚШ долларына жетті. Бұған қоса, КПО әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру шеңберіндегі құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдеріне жергілікті компаниялар ғана жұмылдырылады", - деп айтып өтті.

"Аталмыш жоба - КПО компаниясының биылғы ең негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Көпірді қайта құру және пайдалануға беру жұмыстарын мерізмнен бұрын аяқтау Орал қаласы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетіп, жол қауіпсіздігін едәуір арттырады", - деп қосты Г. Джиона.

Қайта құрылған көпір 1978 жылы салынған және содан бері бірде бір рет күрделі жөнделмеген. Осыған байланысты, осы жоба Орал қаласында теміржол мен көлік жолдары үстінен  көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жыл бойғы қауіпсіз және үздіксіз екі бағыттық қозғалысының мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздеді.    

Жобаны орындау барысында қолданыста болған өтпежол қайта құрылды. Бұл үшін көпірдегі жол бойының ескі төсемін түгелдей алып тастау және теміржолдар үстімен жаңа өтпежолды салу қажет болды. Сонымен қатар көгалдандыру және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары да өткізілді. 

Өтпежолы бар көпір өткелінің жалпы ұзындығы - 988 м. Қайта құру жұмыстары мерзімнен бұрын және мақұлданған бюджет шеңберінде орындалды. Жүргізілген барлық жұмыстар еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау ережелері мен талаптарын бұзусыз өтті.