ҚазРусEng
КПО Серіктестері ҚКЖ-1 туралы келісімге қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 21 желтоқсан - «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В» (КПО) компаниясы Қарашығанақ жобасы бойынша серіктестер Қарашығанақты кеңейту жобасын-1А (ҚКЖ1А жобасы) санкциялау туралы келісімге қол қойғанын жариялады.

КПО бас директоры Эдвин Блом өз сөзінде келесіні мәлімдеді: «ҚКЖ1А жобасын санкциялау Қарашығанақ кен орнын игерудің тағы бір ауқымды жетістігі мен негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл жобаны жүзеге асыру ағымдағы ҚГӨША  жобасы және 4-газды кері айдау компрессор жобасы шеңберінде орындалған жұмыстардың қисынды жалғасы болады. Біз осы маңызды оқиға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында халықаралық мұнай-газ инвестор-компанияларының басшыларымен кездесу кезінде айтқан Қарашығанақ кен орнын одан әрі игеруге қатысты көзқарасына толығымен сәйкес келетінін сіздерге қуана хабарлаймыз».

«Газды кері айдаудың 5-ші компрессорының және басқа да ілеспе нысандардың құрылысын көздейтін ҚКЖ1А жобасы сұйық көмірсутектер өндіріс деңгейін көтеруге бағытталған, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы мен Қарашығанақ жобасының серіктестері үшін қосымша пайда әкелуге мүмкіндік береді.  Бұл жоба аясында республика азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары құрылады. Жобаны іске асыру кезеңінде КПО-ның басқа басымдығы қазақстандық мердігерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қазақстандық қамтуды барынша арттыру болады», - деп қорытындылады Эдвин Блом.