ҚазРусEng
КПО Батыс Қазақстан облысы Сайқын кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануға берді

ОРАЛ, Батыс Қазақстан облысы, 2021 жылғы 4 қаңтар - «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылғанын хабарлады.

Салтанатты ашылу рәсіміне БҚО әкімі Ғали Есқалиев, Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов, КПО компаниясының басшылығы, мердігерлік ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев атап өткендей, бұл әлеуметтік-инвестициялық жоба мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру, бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту, елдегі спорт нысандарының санын арттыру және оларды тиімді пайдалану аясында жүзеге асырылды.

«Бұл спорт нысаны Сайқын кенті тұрғындарының ерекше мақтанышы болып табылады, өйткені бұл ауылдағы алғашқы оңашаланған спорт нысаны. Бүгінгі таңда мемлекет шалғайдағы елді мекендерде тұратын азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Осындай заманауи спорт нысанының ашылуы бұқаралық спортты дамытуға және ауыл жастарын салауатты өмір салтын насихаттауға тартуға ықпал етеді", - деді Ғали Есқалиев.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты екі қабаттан тұрады. Кешеннің жалпы ауданы 1047 шаршы метрді құрайды. Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне футбол, волейбол, баскетбол, мини-футбол және бокспен айналысуға арналған әмбебап ойын залы, сондай-ақ тренажер залы кіреді. Сонымен қатар ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген. Жобада қарастырылған барлық жабдықтар стандарттардың заманауи талаптарына сәйкес келеді.

КПО әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджер Ержан Әубәкіров өз сөзінде Сайқын кентінің барлық тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, оның құрылысы КПО компаниясы мен Батыс Қазақстан облысының басшылығы арасында қалыптасқан жемісті ынтымақтастық пен серіктестік қатынастардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

«Бұл кешен Сайқын кентінің барлық тұрғындары үшін денсаулық пен спорттық демалыстың көрнекті  орталығына айналады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Ержан Әубәкіров.

КПО Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған көптеген ірі жобаларды іске асырады. Бүгінгі таңда өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту шараларына КПО салған инвестицияларының жалпы көлемі 425 миллион АҚШ долларынан асты. Осы бағдарлама аясында Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандары салынуда.  Сонымен барлық жобалар тек жергілікті мердігерлерді тарта отырып іске асырылады.

###

Қосымша ақпарат алу үшін келесі қызметкерлерге хабарласыңыз:

Сергей Пушкарев: PushkS@kpo.kz

Гульнара Шарибаева: ShariG@kpo.kz

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі