ҚазРусEng
Жоғары басшылықтың ауысуы туралы КПО хабарламасы

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2021 жылғы 16 наурыз -  Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) бүгін жоғары басшылық қатарында жақын арада орын алатын екі тағайындау туралы жариялады. Джанкарло Руйу КПО бас директоры лауазымында Эдвин Бломды алмастырса, ал Адам Лоумасс 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Габриеле Джионаның орнына өндіріс директоры / бас директордың орынбасары ретінде тағайындалмақ.  Джанкарло Руйудың өз қызметіне кірісу күні кейін жарияланады және бұл уақытқа дейін Габриеле Джиона КПО бас директоры қызметін уақытша атқаратын болады.

 

Корпоративтік байланыстар бөлімі