ҚазРусEng
Жаңа КПО бас директорының орынбасары тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы, АҚСАЙ 2021 жылғы 16 маусым – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы Қуаныш Құдайбергеновтың КПО бас директоры орынбасары лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлады.

Қуаныш Құдайбергеновтың мұнай-газ саласындағы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында басқарушылық қызметтердегі тәжірибесі зор.

Қуаныш Құдайбергенов И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің түлегі (Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану. Мұнайлы қабат өнімділігін арттыу, инженер).  Бұдан басқа, ол Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (ММХҚИ) тәмамдап шықты – Қосымша кәсіби білім беру институты «МВА бағдарламасы: Халықаралық мұнайгаз бизнесі», магистр.

2017 және 2021 жылдар аралығында ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сондай-ақ Қуаныш Құдайбергенов осы күнге дейін келесі компанияларда бірқатар қызметтерді атқарған: "КМГ-Кансу Оперейтинг" ЖШС, Ромпетрол С.А., «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Каспиан Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.», «КазМунайТениз» ТМК, «Интегра» ЖАҚ.

КПО корпоративтік байланыстар бөлімі