ҚазРусEng
КПО Батыс Қазақстан Облысының Жалпақтал кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануға берді

ОРАЛ, Батыс Қазақстан облысы, 2021 жылғы 3 шілде - "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" (КПО) компаниясы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылғанын хабарлады.

 

Салтанатты ашылу рәсіміне БҚО әкімі Ғали Есқалиев, Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев, КПО компаниясының басшылығы, мердігерлік ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.

 

БҚО әкімі Ғали Есқалиев атап өткендей, бұл әлеуметтік-инвестициялық жоба мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру, бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту, елдегі спорт нысандарының санын арттыру және оларды тиімді пайдалану аясында жүзеге асырылды.

 

«Бұл спорт нысаны Жалпақтал кенті тұрғындарының ерекше мақтанышы болып табылады, өйткені бұл ауылдағы алғашқы оңашаланған спорт нысаны. Спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығы зор екенін бәріміз білеміз. Бұл жаңа спорт нысаны мүмкіндігінше көп адамды белсенді түрде спортпен шұғылдануға ынталандыра отырып, жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді, сонымен қатар өз қабырғасында Данияр Елеусінов және Нұрбол Серіков тәрізді болашақ чемпиондарды өсіруге мүмкіндік туғызады деп ойлаймын", - деді Ғали Есқалиев.

 

"Біз осындай кешеннің ашылуына өте қуаныштымыз. Енді біздің ауылдың жастары да үлкендері де қыста футбол ойнай алады немесе жаттығу залында дене шынықтырумен айналыса алады. Бүгінгі таңда облыс орталығында ғана емес, аудандарда да бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлінуде, сондықтан біз үшін бұл мереке", - деді Жалпақтал кентінің тұрғыны.

 

КПО әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджер Ержан Әубәкіров өз сөзінде Жалпақтал кентінің барлық тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, оның құрылысы КПО компаниясы мен Батыс Қазақстан облысының басшылығы арасында қалыптасқан жемісті ынтымақтастық пен серіктестік қатынастардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

 

«Мен бұл кешеннің өте заманауи және әдемі болып шыққанына қуаныштымын. Жаттықтырушылар құрамына сәттілік, жас спортшыларға жеңістер, Жалпақтал кентінің барлық тұрғындарына бақ-береке тілеймін", - деді Ержан Әубәкіров.

 

КПО бизнесті әлеуметтік жауапкершілікпен жүргізудің үлгісі бола отырып, жергілікті мердігерлердің тауарлары мен қызметтерін сатып алады және олармен белсенді ынтымақтастық орнатады. КПО жұмыс істеген жылдар ішінде өңірде жүздеген шақырым жаңа жолдар салынды, бірқатар жаңа мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары салынды және жөнделді. Бүгінгі таңда өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту шараларына КПО салған инвестицияларының жалпы көлемі 433 миллион АҚШ долларынан асты.

 

КПО Корпоративтік байланыстар бөлімі