ҚазРусEng
КПО екі маңызды әлеуметтік жобаларды сәтті пайдалануға берді

ОРАЛ, Батыс Қазақстан облысы, 9 шілде 2021ж. - «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) Компаниясы Батыс Қазақстан облысында екі маңызды әлеуметтік жобалардың сәтті аяқталғанын жариялады, жалпы жұмсалған қаражат сомасы - 3,1 миллион АҚШ доллары.

 

Бұл объектілердің ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының астанасы күніне орайластырылған еді.

 

Атап айтқанда, КПО Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепное ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын аяқтады.

 

Бұл нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Мухтар Манкеев бастаған БҚО басшылығы, КПО және мердігер мекемелердің басшылары қатысты.

 

КПО компаниясының бас директоры / өндіріс директоры Адам Лоумасс атап өткендей, бұл жоба БҚО-дағы әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысындағы КПО-ның міндеттемелері шеңберінде салынып жатқан он дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің бірі. Сонымен қатар, КПО осы жылы БҚО әкімдігі қолдауымен тағы екі спорт кешенінің құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

 

"Бұл тамаша дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауданның кәсіпқойлары үшін де, қарапайым әуесқойлары үшін де спорттық өмір ордасына айналады деп үміттінемін", - деп толықтырды Адам Лоумасс.

 

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені футболға, волейболға, баскетболға, мини-футболға және бокске арналған әмбебап ойын залдарымен, сондай-ақ жаттығу залымен қамтылған. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің барлық бөлімдері заманауи стандарттар талаптарына сәйкес келетін қажетті құралдармен және жиһаздармен жабдықталған.

 

Сонымен қатар, ауқымды қайта жөндеуден кейін Бөрілі ауданы Ақсай қаласындағы орталық аудандық ауруханасының салтанатты түрде ашылу рәсімі орын алды.

 

Бұл медициналық мекемені қайта жөндеу жұмыстары аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағдарламалары аясында орын алды.

 

Қайта жөндеу жұмыстары барысында, орталық аудандық аурухананың қолданыстағы корпустары жөнделіп, сондай-ақ қосымша корпустар құрылысының есебінен бұл медициналық мекеменің ауданы кеңейтілді.

 

Жоба аясында аурухана жаңадан жабдықталды: дәрігерлер 20-дан астам медициналық құралдар қабылдап алды, соның ішінде заманауи компьютерлік томография аппараты да бар. Бұл жабдықтар орталық аудандық аурухананың көрсететін диагностикалық және емдік қызметтерінің спектрін 2 еседен астам кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Ашылу рәсімінде КПО еңбек ресурстары жөніндегі басқарушысы Слушаш Избасарова: «Бұл әлеуметтік жобаның маңызы өте зор, әсіресе қазір әлемге жайылған COVID індетінің ахуалын ескерек. КПО болашақта да аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына күш салуға және медициналық мекемелердің потенциалын нығайтуға ниетті», - деді.

 

Қазіргі таңда, Карачаганак Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуында елеулі рөл атқарады. КПО-ның әлеуметтік жобаларының тізімі мен басымдығы Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірге анықталады. Сонымен қатар, барлық жобалар тек қана қазақстандық мердігерлерді жұмылдыру арқылы жүзеге асырылады. КПО әлеуметтік жауапты бизнес жүргізу үлгісі ретінде, жергілікті мердігер компаниялардың тауарлары мен қызметтерін сатып алып, олармен белсенді серіктестік жүргізеді. Батыс Қазақстан облысында КПО-ның жұмыс істеген жылдары ішінде, жүздеген километр жаңа жолдар төселді, мектептер мен ауруханалар, мәдени және спорт нысандары жаңадан салынды және қайта жөндеуден өткерілді. Қазіргі таңда, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымдық дамуына салған КПО-ның жалпы инвестиция көлемі 439 миллион АҚШ долларынан астам соманы құрады.

 

КПО Корпоративтік қатынастар бөлімі