ҚазРусEng
КПО-ның Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік инфрақұрылымына қосқан үлесі

Елдегі ең ірі мұнайгаз кен орындарының бірінде қызмет атқаратын «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының басты басымдылықтарының қатарына әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жатады. Консорциум Өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісімде бекітілген міндеттерін бұлжытпай орындап келеді.

КПО Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік дамуына 1998 жылдан бері үлес қосып келеді. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тізбесі облыстың әлеуметтік даму басымдықтарына сәйкес жыл сайын КПО және БҚО әкімдігімен келісіледі. 2023 жылы БҚО-да 20 астам жобаны жүзеге асыру, соның ішінде облыстың барлық аудандарында 15 мектеп салу жоспарланған. Барлық шағын жинақты мектеп жобалары бойынша құрылыс келісімшарттары жасалып, дайындық және жұмылдыру жұмыстары басталған, сондай-ақ геодезиялық бөлу мен мектеп ғимараттарын орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылатын бұл шағын жинақты мектеп жобалары 60 және 108 оқушы орынға есептелген.

КПО-ның облысымыздың әлеуметтік дамуына қатысуы бұл бизнестің жоғары жауапкершілігінің айқын көрінісі. Осы күнге дейін «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы аймақтың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға 753 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция құйған, және осы қаражат шеңберінде 227 жоба жүзеге асырылған. Тек 2021-2022 жылдары Компания 51 млн. АҚШ доллары жұмсалған он жобаны сәтті жүзеге асырды.

Корпоративтік байланыстар бөлімі