ҚазРусEng
Мұнай саласындағы инженерия бағыты бойынша дамыту бағдарламасы

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) мұнай саласындағы инженерия бағыты бойынша дамыту бағдарламасында оқуға тағылымгерлерді қабылдайтынын хабарлайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Жоғары білімі (бұрғылау, мұнай газ ісі, мұнай инженериясы, тау-кен инженериясы, геология) бар;
  2. Батыс Қазақстан облысында кем дегенде 12 ай тіркелген;
  3. Қазақстан Республикасының азаматы;
  4. Бағдарлама мақсаты мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ ЖОО мен колледж түлектерін дамыту және жұмысқа орналастыру болғандықтан үміткердің жасы 32-ден аспаған болуы керек;
  5. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін КПО-да оқуға және жұмыс жасауға дайын болуы керек;
  6. Ағылшын тілін кем дегенде Intermediate деңгейінде меңгерген болуы керек.

Талаптарға сай келетін үміткерлер бірнеше кезеңнен (тесттер) және сұхбаттан тұратын кешенді іріктеуден өтеді. Тест тапсыратын және сұхбат өтетін күндер әр үміткерге жеке хабарланатын болады.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды 20/02/2023 мен 03/03/2023 аралығында kpograduates@kpo.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Хаттың тақырыбында «Мұнай саласындағы инженерия бағыты бойынша дамыту бағдарламасы» деп бағдарлама бағыты көрсетілуге тиіс.

Барлық құжаттар жиынтығын ұсынған және жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сай келетін алғашқы 90 үміткер тестілеуге шақырылады. Түйіндемеде көрсетілген электрондық поштаға тесттің өту күні, уақыты мен орны туралы ақпарат көрсетілген тестке қатысуға шақыру жіберіледі.

Бағдарлама бойынша оқуға 10 тағылымгер іріктеліп алынады. Іріктеуге қатысуға өтініштер көрсетілген құжаттардың толық жиынтығы ұсынылса ғана қарастырылады.

Іріктеу кезеңіне қатысу үшін үміткерлер келесілерді тапсыру қажет:

  1. Түйіндеме (қолданыстағы электронды мекенжайы мен ұялы телефон нөмірі көрсетілген);
  2. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. БҚО-да тіркелгенін растайтын eGov порталынан алынған cкриншот (Аты-жөні және тіркелген күні көрсетілген);
  4. Дипломның және оның қосымшасының көшірмесі.

Дамыту бағдарламасы бойынша оқу Ақсай қаласында өтеді. Бағдарлама мерзімі 10 айдан астам және оқу аптасына 6 күн болады. Кәсіби даму бағдарламасын өту кезінде тағылымгерлерге ай сайын шәкіртақы төленеді.

Бағдарламаны сәтті аяқтаған тағылымгерлерге сертификат беріледі және оларды КПО компаниясына жұмысқа алу қарастырылады.