ҚазРусEng
КПО Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына қатысты

АСТАНА, 12 мамыр 2023 жыл — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в.» (КПО) ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар одағымен ұйымдастырылған Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына қатысты.

 

Бас директордың орынбасары Мұхтар Манкеев бастаған КПО делегациясы «Мұнай-газ саласындағы отандық тауар өндірушілердің әлеуеті» тақырыбы аясында «Мұнай-газ жабдықтарын өндіру» атты секциялық отырысына қатысты. КПО өкілдері отырыс қатысушыларымен диалогқа түсіп, компанияның қызметіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Форум инновациялық идеялар мен жаңа жобаларды зерттеу мақсатында машина жасаушыларды біріктіретін мемлекет пен бизнес арасындағы бірегей диалог алаңы ретінде қызмет етеді. Аталмыш іс-шара барысында саланы дамытудың стратегиялық бағыттары талқыланып, экономикалық өсуді жеделдету және кәсіпорындарды дамыту бойынша енгізілетін инновациялар мен мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, қазақстандық машина жасау компаниялары алдында тұрған аса маңызды мәселелер қарастырылады.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі