ҚазРусEng
БҚО әкімдігінің делегациясы жұмыс сапарымен Қарашығанақ кен орнына келіп кетті

Ақсай, Батыс Қазақстан облысы, 2023 жылғы 13 шілде — Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған БҚО және ҚР Энергетика министрлігінің бірлескен делегациясы Қарашығанақ кен орнында болып, КПО компаниясының (Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.) басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді.

 

Сапардың мақсаты жүзеге асырылып жатқан ірі жобалармен, әсіресе ҚКЖ-1 (Қарашығанақты кеңейту жобасы) жобасымен және осы күнге дейін атқарылған жұмыстармен танысу болды.

 

Сапар барысында делегация ҚКЖ-1 жұмысымен және көмірсутектерді барынша өндіру мерзімін ұзартуға бағытталған күрделі жобаларды іске асыру барысымен танысты. Делегация КПО қызметінің маңызды бағыттарымен және компанияның күрделі жобаларды іске асыруда жеткен елеулі жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар, Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын жүзеге асыру келешегі, жергілікті қамту және өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.

 

Сапар соңында Нариман Төреғалиев компанияның жұмысына жоғары бағасын беріп, КПО ұжымына Қарашығанақ кен орнын игеруде одан әрі табысқа жете беруін тіледі.

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі