ҚазРусEng
КПО 2022 жылғы тұрақты даму есебін жариялады

КПО 2022 жылғы тұрақты даму туралы есебін жариялады. Бұл — тұрақты даму туралы он бесінші есеп және бұл есеп 1997 жылдың соңында ӨБТК-ге қол қойылуының 25 жылдық мерейтойымен сәйкес келеді. Бұл құжатты біз есепті кезеңдегі қызметіміздің нәтижелерін тұрақты дамудың үш базалық бағытында ашамыз: әлеуметтік, экологиялық және экономикалық.

 

Есепте сондай-ақ өндірістік көрсеткіштер мен даму жоспарлары, басқару және энергетикалық ауысу саласындағы біздің тәсілдеріміз, сондай-ақ мүдделі тараптар топтарымен өзара іс-қимыл арқылы атқарылған әлеуметтік жобалар, экологиялық бастамалар мен экономикалық әріптестіктер ұсынылған.

 

Болашақ бүгіннен басталады және біз 25 жыл бұрын қалаған нәрселердің жемісін көріп жатырмыз. Тұрақты даму қағидаларын сақтау Қарашығанақты одан әрі игерудегі біздің «моральдық лицензиямыз» болды және болып қала береді, өйткені жер қойнауын пайдаланып қоймай, біз қоғамның дамуына үлес қосуға түбегейлі баса назар аударамыз.

 

Аталмыш құжат тұрақты даму саласындағы есептіліктің халықаралық GRI моделі стандартарының талаптарына сәйкес дайындалды.

 

КПО-ның 2022 жылға арналған тұрақты даму туралы есебін Орыс және ағылшын тілінде оқу үшін осы сілтемелер бойынша немесе вебсайттағы «Тұрақты даму» бөлімінде қолжетімді. Қазақ тіліндегі нұсқа жақын арада қолжетімді болады.

 

Тұрақты даму есебінің мазмұнына қатысты пікір қалдырғыңыз келсе, біздің sustainability@kpo.kz электронды поштамызға жазуыңызды немесе төмендегі қосымша бетте жүктелген кері байланыс нысанын толтыруыңызды сұраймыз.

 

КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі