ҚазРусEng
ҚР Ұлттық экономика министрі Қарашығанаққа сапармен келді

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 2023 жылғы 19 тамыз — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Батыс Қазақстан облысының жоғары лауазымды тұлғаларымен бірге Қарашығанақ кен орнына сапармен келіп, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясының басшылығымен жұмыс кездесу өткізді.

 

Сапардың мақсаты — КПО-ның өндірістік қызметімен және Қарашығанақ кен орнының негізгі өндірістік нысандарымен танысу.

 

Сапар шеңберінде делегация Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) жұмысымен және кен орынды игеруге бағытталған ағымдағы жобалардың іске асыру барысымен танысты.

 

Сонымен қатар, Қарашығанақта тазартылған газ және СТГ өндіретін зауыт салу жоспарлары туралы сөз қозғалды.

 

Одан әрі, делегация Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) Бас операторлық бөліміне шолу жасады.

 

Сапар қорытындысы бойынша жоғары лауазымды тұлғалар компанияның барлық қызметкерлеріне алдағы жұмыстарында сәттілік тіледі.

 

КПО БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі