ҚазРусEng
Бөрлі ауданындағы селге қарсы шараларды қолдау: КПО 2 миллиард теңге бөледі

Ақсай, Қазақстан Республикасы, 10 сәуір, 2024 жыл — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) елдің кейбір аймақтарында жақында орын алған су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына шынайы жанашырлығын білдіреді. Осындай қиын-қыстау кезде Компания мен Қарашығанақ жобасы бойынша серіктестер БҚО тұрғындарының қиындықтарына ортақтасып және су тасқынының салдарын жою бойынша кешенді шараларға жан-жақты қолдау көрсетуге әуел бастағыдай ашық болып қалуда.

 

Бірқатар ресурстармен қамтамасыз ету арқылы КПО жергілікті қауымдастықтарға қолдау көрсетуді жалғастыруда, соның ішінде (бірақ бұлармен ғана шектелмей):

 

  • эвакуациялау іс-шараларын, су айдау жұмыстарын, су басудың алдын алу әрекеттерін қолдау мақсатына жұмылдырылатын арнайы көлік;
  • азаматтарды қауіпсіз эвакуациялауға қажетті әртүрлі жабдықтар, сондай-ақ топан су басуға қарсы материалдар мен медициналық керек-жарақтар;
  • азық-түлік жиынтықтары мен матрастар.

 

Ендігі кезекте КПО БҚО Бөрлі ауданы аумағындағы ең маңызды, яғни жергілікті инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қаржыландыруды қолдау үшін 2 миллиард теңге бөледі. Сонымен қатар, КПО және серіктес компаниялардың жұмыскерлері өңірде ашылған қоғамдық қайырымдылық қорына жеке қайырымдылық жасау арқылы қол ұшын созып жатыр.

 

Біз осындай сын сағат талап ететін шаралардың өзектілігін айқын түсінеміз және Қазақстанның әлеуметтік жауапты корпоративтік азаматы ретінде КПО компаниясы барлық мұқтаж жандарға қолдан келген қолдау көрсету мақсатында БҚО атқарушы билік органдарымен және облыстың басқа да мүдделі тұлғаларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуді үздіксіз жалғастыруда.

 

 

 

БАҚ-қа арналған ескертпе:

 

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), «Шеврон» (18%), " Лукойл" (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК" АҚ (10%) компанияларының бірлескен кәсіпорны.

 

КПО әлемдегі ең ірі газ конденсат кен орындарының бірі — Қарашығанақ кен орнын игерумен және кеңейтумен айналысады.

 

 

 

КПО компаниясының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі